Ұлттық тәлім-тәрбие әдіс-тәсілдері һәм методикалық нұсқаулар



бет5/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#133927
1   2   3   4   5   6   7   8   9






Аялдамалар


Жауапты адамдар

Бағасы


Қазылар алқасы

1

“Шежіре”








2

“Құсбегі”








3

“Тұлпар”








4

“Қорамсақ”








5

“Алтын сақа”








8

Қорытынды








“Елім-ай” ұлттық-этнографиялық ойын-сайысына қатысу барысында мынадай дайындық жұмыстарын жүргізу қажет.



  1. Фольклорлық-этнографиялық музыкалық аспаптарды білу және сол аспаптардың бірінде өз өнерлерін көрсету.

  2. Біркелкі салмақтағы жас палуандарды даярлау.

  3. халық ауыз әдебиеті, жыр-дастандарды, ертегі-аңыздарды, мақал-мәтелдерді, суырып-салма ақындық өнерлері бар балаларды іріктеу.

  4. Қазақ халқының және басқа халықтардың тарихын, мәдениет, салт-дәстүрлерін, ежелгі қалалар мен тарихи жер-су аттары, ескерткіш-мазарлар туралы білетін оқушыларды даярлау.

  5. Асық ойынын жақсы білу, садақпен нысананы дәл көздеп ататынмерген балаларды жасақтау.

  6. қазақ халқының ұлттық би өнерінің шығу тарихы туралы білетін және мың бұралған бишілерді даярлау.

  7. Тұлпардың күтіп-баптауын, оның ер-тұрман әбзелдерін толық білетін шабандоз оқушыларды даярлау.

  8. Малды күтіп-баптаудың қыр-сырларын, әдіс-тәсілдерін және мал еті мүшелерін шебер ажырата алатын балаларды даярлау.

  9. Аңшылық кәсіптің тұрмыс-салттық өмірдегі ролі, бүркіттің, тазының, жүйрік аттың маңызын, олардың ер-тұрман әбзелдерітуралы білетін балаларды іріктеу.

  10. Қазақтың ұлттық тағам түрлері, ас беру рәсімдерінің маңызы және шипалы сусындардың түрлерін білетін оқушылар даярлау.

  11. Қазақ халқының және туысқан халықтардың өкілдері туралы, атақты адамдардың өмірлері мен қызметтері туралы тереңірек білетін балалар даярлау.

  12. Ұлттық қолөнеріміздің дамуы мен тәрбиелік мәндерін жете білетін оқушыларды даярлау.

  13. Қазақстандағы және басқа жерлердегі экологиялық зардаптар мен апаттарды, табиғат қорғауды білетін балаларды даярлау.

  14. Айтысқа қатысушы жас ақын бала даярлау.

  15. Ұлттық тарихи тақырыптарға арналған сурет сайысына қатысатын оқушыларды даярлау.

  16. Ұлттық ойындар, мейрам-жоралар, діни-философиялық мейрамдар туралы толық білетін балаларды даярлау.

  17. 1 Дүниежүзілік соғысқа, ұлт-азаттық қозғалысқа, Ұлы Отан соғысына, Ауған оқиғасына және Алматыдаы желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың өмірлері мен қызметтері туралы білетін балалар даярлау.



А я л д а м а л а р


  1. “Құсбегі” аялдамасында ойын-сайысқа қатысушылар аңшылық кәсіптің тұрмыс-салттағы маңызы және олардың түрлері, әдістері мен ер-тұрман әбзелдері туралы айтып береді.

  2. “Қорамсақ”. Ежелгі қару-жарақтың, ұлттық киімдердің түрлері мен маңызы туралы айта келе, белгілі қашықтықта тұрған нысананы садақпен атып түсіру өнерін көрсетеді.

  3. “Тұлпар”. Жылқының халық тұрмысындағы маңызы, оны күтіп-баптаудың қыр-сырлары туралы айта келіп, ат өнерін көрсетеді.

  4. “Қазақ биі”. Қазақ халқының ұлттық билерінің шығу тарихы туралы айта келе, мың бұрала билеу өнерін көрсетеді.

  5. “Айтыс”. Әрбір ауылдае келген жас айтыскерлер өзара айтыс сайысына түседі.

  6. “Қазақша күрес”. Белгілі бір салмақ категориясындағы жасөспірім палуандар өзара күш сынасады.

  7. “Бейнелер сыры”. Ұлттық-тарихи тақырыптарға арналған сурет конкурсына қатысады.

  8. “Толғау”. Халқымыздың ауыз әдебиетінің төл мұралары: эпостық жырлар, мақал-мәтелдер, аңыздар, ертегілер, т.б. туралы кең әңгімелеп береді.

  9. “Шежіре”. Халқымыздың тарихы, мәдениеті, ежелгі қалалар, жер-су аттары, салт-дәстүр туралы кең мағынада әңгіме өткізеді.

  10. “Сөнбес жұлдыздар”. Халқымыздың біртуар перзенттері – хандар, жыраулар, батырлар, билер, ойшылдар, қоғам, саясат, өнер қайраткерлері туралы әңгімелеп береді.

  11. “Заман-ай”. Табиғатты қорғау және экоапаттар жөнінде кең түрде айтып береді.

  12. “Домбыра-дастан”. Фольклорлық-этнографиялық музыкалық аспаптардың шығу тарихы туралы баяндай келе, сол аспаптың бірінде өз өнерін көрсетеді.

  13. “Ертегілер елінде”. Халық ертегілері мен аңыздары туралы айта келе, өздері дайындаған ертегілерінен үзінділер көрсетеді.

  14. “Бабалар өсиеті”. Халқымыздың нақыл сөздері, өсиеттері туралы айта келіп, нақыл-мәтел сайысына түседі.

  15. “Ас”. Қазақтың ұлттық тағамдары, шипалы сусындары, ас беру рәсімдерінің маңызы және мал еті мүшелерін ажырату өнерлерін көрсетеді.

  16. “Шебер”. Ұлттық өнер туындылары, зергерлік және әшекейлік бұйымдарың, ою-өрнектердің шығу тарихын кең түрде әңгімелейді.

  17. “Алтын сақа”. Дәстүрлі асық ойынының тарихы туралы айта келіп, белгілі қашықтықта тұрған асықтарды сақамен атып түсіруөнерлерін көрсетеді.

  18. “Наурыз”. Ежелден келе жатқан ұлттық мейрам-жоралар, діни-рәсімдік мерекелер жайында әңгімелейді.

  19. “Төрт түлік”. Халқымыздың ежелден келе жатқан мал шаруашылығының қыр-сыры, тұрмыстық-экономикалық маңызы туралы әңгімелеп береді.

  20. “Көкпар”. Ұлттық және ұлттық-спорттық ойындардың шығу тарихы туралы айта келе, өздері дайындаған бір ойыннан үзінді көрсетеді.

  21. “Ардагер”. Бірінші дүниежүзілік соғысқа, ұлт-азаттық қозғалысқа, Ұлы Отан соғысына, Ауған оқиғасына және Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдармен кездесу өткізелі.

  22. “Достық”. Қазақстан мемлекетінің гүлденуіне өз үлестерін қосқан басқа ұлт өкілдерінің өмірлері мен қызметтері туралы айтады.

  23. “Қасиет”. Халық тәуіптері, көріпкелдері, емшілері, жұлдыз-жорамал және халық күнтізбегінің пайда болу тарихтары туралы кең әңгімелеп береді.



Жазғы “Атамекен” ауылы (лагері)
Осы уақытқа дейін барша жұртшылық оқушыларды жинап алып, арнайы тынықтыратын орынды “пионер лагері” деп келген-ді. “Жаз жайнатып, күгн күлдіріп, біз лагерьге барамыз деп ән салатынбыз. Енді жағдай өзгерді. Республикамыз тәуелсіз мемлекет болды. Мектептерде “Атамекен” Ұлттық тәлім-тәрбие Ордасы кеңінен қанат жайып жатыр. Сондықтан да пионер лагерін жазғы “Атамекен” ауылы деп атасақ, жарасымды-ақ емес пе? Ал онда демалатын балалардың алуан түрлі істерін ұлттық тәлім-тәрбие негізінде қайта құрсақ болмас па еді? Жазғы демалыс екінші сөзбен “5-ші тоқсан” деп те аталып жүр. Ол орынды да. Өйткені “Атамекен” бағдарламасы бойынша біздер жазғы демалыс кезінде талай-талай қызықты іс-шараларды ұйымдастыруымызға болады. Ал ең бір қуаныштысы- ол іс-шараларды ұйымдастыратын да, қатысатын да, жаңа, қызғылықты істің шешімін табатын да өздерісіңдер, құрметті балалар мен жасөспірімдер!

Сондықтан “Атамеен” Ордасының қызметін одан әрі жалғастыру барысында біздер жазғы Атамекен ауылын, яғни демалыс үйін жасауымыз керек екен. Ол іс- қиын емес, әрбір мектеп, тіпті балабақша да оны ата-аналардың көмектерімен оп-оңай шеше салады.?!

Жазғы Атамекен Ауылы- кәдімгі ата-бабаларымыз талай ғасырлар бойы пана қылған қазақтың дәстүрлі , қасиетті қазақ үйі болмақ. Оны кез-келген қалаған ауылдың көрікті жерлеріне, кез- келген уақытта тігуге әбден болады. Мысалы, Америкадағы Скауттар (балалар мен жасөспірімдер ұйымы) жаз кену, денсаулығын шыңдау, ой-өрісін кеңейту, еңбекке, адалдыққа, инабаттылыққа, ептілікке, талғампаздыққа тәрбиелеу, ұлттық-адами сана-сезімін қалыптастыру, өзінің туған жерінің табиғатын қорғауға, еңбек етуге баулу болып табылады. Іс-әрекеттері: “Атамекен” Ордасы құрылған мектептердің, мектептен тыс мекемелердің жанынан ауылдық, аудандық жазғы Атамекен Ауылын ұйымдастырушы штабтар құрылады. Атамекен ауылының орналасатын жерлерін ұйымдастырушылар ата-аналардың және әкімшілік басқару орындары мен мекемелері арқылы шешіп алады. Әдеттегідей Жазғы Ауылдың құрылымы, материалдық қаржы, кадрлар, т.б. жұмыс-жоспарлары алдын-ала келіскен жағдайда шешілуі керек.

Жұмыс жоспары негізінен План-Сетка ретінде жасалғаны өте ыңғайлы, өйткені әрбір күнді тор ретінде қарастырып, алдын-ала іс-шараларды жобалап қойғанымыз дұрыс.

Жазғы Атамекен Ауылының негізгі іс-шаралары:

Ұйымдастыру кезеңі:



  1. Жазғы Атамекен ауылының жұмыс-жоспарын жасау, бекіту.

  2. Ұлттық маман-кадрларды педагогикалық училищелер мен институттарда дайындау, оқыту, үйрету.

  3. Ауыл орналасатын көрікті жерді іздестіру, қазақ үйін тігу.

  4. Демалатын оқушылардың тізімерңн жинау, жаңа жұмыс үлгілерімен танысу.

  5. Танысу кеші.

  6. Жазғы Атамекен ауылының салтанатты ашылу рәсімі. Ту көтерілуі.


Республикалық “Атамекен” балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі құрылтайынын хаттамасы

(Алматы қаласы, 9 қазан 1995 жыл.)

Республикалық “Атамекен” - балалар мен жастар қоғамдық бірлестігі Құрылтайы

Хаттамасының көшірмесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет