5-бөлім. Өткенді өзіңнен босатып жіберу
Біздің планетамыздағы өмір саналы болып барады. Біз өзімізді-өзіміз сезіне
бастадық.
Өтпелі кезең және өзгерістер
Кей адамдар бұл дүниені тастап кетуге әзір, бірақ өзгергісі жоқ.
Олар өзгеру деген бізден басқаларға тиесілі деп санайды.
Өзгеру деген – жалғыздық пен өзіңнің түкке тұрмайтыныңды сезінуден арылу,
ызадан, қорқыныш пен ауырсынудан арылу. Біз жан тыныштығына ұмтыламыз және
абыр-сабырға орын болмайтын өмір құрғымыз келеді. Біз босаңсуды және біздің
талайымызға түскен өмір тәжірибесінен рахат алуды үйренеміз. Мен әрбір адамға
былай деп айта жүріңіз дегім келеді: “ӨМІР ТАМАША, МЕНІҢ ӘЛЕМІМДЕ
БАРЛЫҒЫ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ОДАН ДА ЖАҚСЫ БОЛАДЫ”. Сонымен мен үшін өмір
ағысы қалай қарай беттеп бара жатқанының мағынасы жоқ. Мен барлығы жақсы
болатынын білемін. Мен кез-келген жағдайда өмірден рахат аламын.
Егер сіз өзгерістер жасау жайлы шешіміңізді айтатын болсаңыз Әлем сізге
жәрдем бере бастайды. Ол сізді қажетті хабарламамен қамтамасыз етеді.
Кейде көтерілу алдында төмен түсу болады. Одан қорқатын ештеңе жоқ, өйткені
сең қозғалды. Өткеннен қалған әсерлер, оқиғалар мен сенімдер түйіні біртіндеп шешіле
бастады. Қорқудың керегі жоқ. Мейлі, сізге әлі ештеңе болмағандай-ақ болсын.
Аффирмациялармен айналысып, жақсы болатынына сеніміңізді шыңдай беріңіз.
Табысқа жол
Сіздің өзгерістер жасау жайлы шешім жасауыңыз бен нақты нәтижелер
арасында біршама уақыт өтеді. Мен оны “өтпелі” кезең деп атаймын. Сіз жаңа мен
ескінің ортасында толқып тұрсыз. Сіз болған іс пен болуы тиіс істің екі ортасында
аңтарылып тұрсыз. Ол қалыпты және табиғи процесс. Білу мен жасау өзін өзі
дамытудың екі сатысы. Күш артып, бастаған өзгерістеріңді соңына дейін жеткізуге
уақыт керек. Уақыт және үздіксіз күш салып тырысу.
Джеральд Ямпольский “махаббат дегеніміз – қорқыныштан құтылу” дейді.
Махаббат пен қорқыныш бірін-бірі жояды. Бізді махаббат басқармаса, қорқыныш
басқарады. Жалғыздық сезімі, ыза мен айыпты сезіну – қорқыныштың салдары. Біз
онымен қоштасып, махаббатты таңдаймыз.
Егер сіз өзгеруді шындап қаласаңыз, солай болады. Ешкім сізге билік етіп, бір
нәрсе жасауға зорлай алмайды. Және де ешкім сізбен бірге ол жолды өте алмайды. Сіз
өзіңіз ғана өз проблемаларыңызды жеңе алатын жетерлік ішкі күшке иесіз, осыны еске
берік тұтыңыз.
Өзіңізді тексеруді ұмытпаңыз. Күніне бірнеше рет тоқтап: “Мен мұны не үшін
жасап жатырмын?” деп сауал қойыңыз. Менің шын мақсатым не? Мен мұны адамдар
64
өтінгеннен кейін жасап жатырған жоқпын ба? деген сауалдар. Өзіңізге-өзіңіз адал
болыңыз. Өзіңізге өз ойларыңыз бен сезімдеріңіз жайлы шынын айтыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |