Сіз қашан да қауіпсіз жағдайдасыз
Өмір ұдайы ашылып-жабылып тұрған есіктер тізбегі. Сіз бір бөлмеден бір
бөлмеге өте жүріп, түрлі уайым сезінесіз. Біздің көбіміз ой-сана мен мінездің,
кедергілердің, бұдан былай ешқандай құндылығы қалмаған және пайдасы жоқ өткен
жылдар оқиғаларының теріс стереотиптеріне алып баратын есікті жауып тастағымыз
келеді. Және де керемет жақсы әсер алатын жаңа есіктерді ашқымыз келеді.
Біз ұдайы өзімізге толық қауіпсіз жағдайда екенімізді ескерте жүруге тиіспіз.
Барлығы өзгеретіні хақ. Сол өзгерістер барысында өз “меніңізге” сеніңіз. Оған сізді
рухани өсу жолында ең қолайлы болатын жаққа қарай ертуге және бағыттауға
мүмкіндік беріңіз. Джозеф Кэмбелл айтады: “Рахаттың соңынан қалмаңыз”.
Сіз біреуді зорлап өзгерте алмайсыз. Бірақ сіз ойша өзіңізді қоршап тұрғандарға
олар өз еркімен өзгере алатындай атмосфера туғыза аласыз. Бірақ олар соны қалайтын
болса ғана.
Өз туыстарыңызды сүйіңіз. Оларға өз қалпында болуға мүмкіндік беріңіз.
Олардың іштерінде ақиқат тұр, олар өздері қалаған сәтте өзгеруге мүмкіндіктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |