1.2. Ұжымдық таным теориясының педагогикалық-психологилық негіздері
Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
Ұжымда балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1-партада отырған көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды, өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды.
Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде - әдепсіздік, үшіншілерінде – еріншектік тағы басқалары). Бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушыны өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді [6,45].
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі – олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым – баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балалар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі – ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды. Балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.
Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Ұжым – мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ үрдіс.
1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі, қызығушылықтары артады, осы кезде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші мектептік шақта басталады, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта болады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі – танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен байланысты:
оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде болатындығымен;
танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды іс.
Оқушыларды ұжымдық танымдық іс-әрекеттерде ұйымдастыру – ол аса маңызды мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды қарым-қатынастыққа, еркіндікке, шығармашылыққа, жинақылыққа, танымдық-шығармашылық деңгейін көтеруге, қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, толыққанды ұжымның құрылуына үйретеді, бейімдейді. Осының барлығының негізінде әрбір оқушының меніз-құлқы өзгеріп, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі жоғарылап, шығармашылығы артып, қабілеті көтеріледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды ізденімпаздыққа, санылы түрде мақсат қоюына, өздерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруға тәрбиелейді. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер – танымдық белсенділікпен тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық, жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділіктің негізгі бөлігін мынадай белгілі шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы көрсетуге болады.
Сонымен танымдық белсенділік балаға бірден-бір әсер ететін түрткі, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуына өзіндік үлесі зор [3,181-183]. Ұжымдық таным теориясының психологиялық негізінде жеке адамның жан-жақтылығы, қызығушылығы, қарым-қатынас деңгейі, ес, сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, жігерлігі, белсенділігі, іс-әрекеті, сондай-ақ психикалық процестеріне, таным процестеріне ерекше көңіл бөлініп қарастырылды. Оқушылар ұжымы – мектептің ұйымдасқан бір формасы. Әрбір оқушы осы ұжымның мүшесі, сондықтанда бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікіріне ұйымдастырып оқыту қажет. Сондықтанда ұжымдық таным іс-әрекеттерін әрбір сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану маңызды екені бәрімізге мәлім.
Достарыңызбен бөлісу: |