Тақырыбы: Мен елімнің болашағымын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
3-сынып оқушыларымен логикалық мысалдарды шығара
отырып , негізігі ықшам тәсілдерін меңгерту. Ең білімді топты анықтау. Таблицалық есептерді шығаруға үйрету. Оқушылардың шапшаңдылық, білімділік қасиеттерін анықтау.
Дамытушылық:
Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып , ой - өрістерін дамыту, топпен және жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету. Математикалық тілін дамыту. Ауызша және жазбаша есептеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Оқушыларды тиянақты болуға тәрбиелеу. Бірін бірі тыңдауға баулу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Өзінің оқушылық міндеттеріне сапалы түрде ықыласпен қарауға мүмкіндік беру.
Сабақ түрі: Жарыс сабақ (олимпиада)
Сабақ типі: Өткенді пысықтау
Сабақтың әдіс – тәсілі: Ой қозғау, сұрақ – жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойындар
Сабақ технологиясы: Ынтымақтастық технологиясының әдіс – тәсілдері
Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта, карточкалар, мадақтама қағаздар
Сабаққа пайдаланылған әдебиеттер:
1. Оқулық. Математика. 200 жыл
2. «Қоршаған ортының бәрі сан» Джон Марк
3. «Ойнайық та, ойлайық» логикалық
Кітапша
Барысы
Сәлемдесу:
Оқушылар бүгін біз «Мен елімнің азаматымын» атты олимпиадада өз білім-күштерімізді сынаймыз. Жолға шығу басында сендерге кеме жұмыскері алғы сөз айтқысы келіп тұр (интерактивті тақтадан шығады):
- Сәлеметсіңдерме оқушылар!
Сендердің ерліктерің қуантатындай! Бірақ қазына бар аралға аттану үшін сендер түрлі математикалық тапсырмалардан өтесіңдер! Бірақ естеріңде болсын! Тапсырмалардан көп жаңылсаң, қазына аралына жету қиын болады... Ал тек алға! Білімдерің бұл сендердің қаруларың!
Мына тақтаға қарасаңдар біз төрт аралдан өтіп қазынаға ие бола аламыз (аралдар таныстырылады):
І тур. Милии аралы
ІІ тур. Люре аралы
ІІІ тур. Бути аралы
ІV тур. Джамбалай аралы
Енді біз бір кемеге бәріміз отырмаймыз. Үш топ үш кемемен саяхақа аттанады. Ал енді кезекті топтарға берейік! Өздеріңді таныстырып өтіңдер! (Ұрандарымен тыныстырып өтеді).
“Зерек” тобы
“Арай ” тобы
“Тұлпар” тобы
Әділ қазы алқаларымен таныстыру.
Картамен танысу. Аралдардың суретін көрсету.
Бағалау 10,20,30 ұпаймен берілетінін ескерту.
І тур . Милии аралы.
- Енді кемелермізге отырып аттанайық десек, алдымыздан бір топ көгершіндер шықты! Олар бізге қызық тапсырмаларын бергісі келіп тұр. Егер олар қанағаттанса, бізге жолда көмектеседі, қане көрейік!
Құрамында сан кездесетін мақал-мәтел айтыңдар.
Шарт:
Мақал – мәтелдер топ араларында тізбектеліп айтылады. Үнсіз тұрып қалған топ ойыннан шығарыла береді.
- Ал біз көгершіндер тапсырмасын орындадық. Енді бізді әділқазы алқалары сынап көрсін. Біз Милии аралына да туымызды тіктік. Келесі аялдайтын жеріміз Люри аралы болып тұр. Жолда бірақ біз төтеп беріп тұрған үш тау кездесті. Олар бізге шарт қойып тұр. Бұл шарт әрине математикалық амалдар. Егер олар жылжып бізге жолымызды ашсын десеңдер тапсырмаларды көрейік.
ІІ тур. Люре аралы
3 ұяшық тұрады. 3 топтың оқушылары таңдап шығады.
Шарттары:
Берілген сұрақтардың жауабын тауып, қазақша-орысша-ағылшынша жауабын айту
- 1ұяшық.
Біз тек оны қыс мезгілінде көре аламыз. Қолымызға түссе, тез еріп кетеді;
Біздің білім алатын орнымыз;
Кітабымызды, қаламымызды салатын нәрсе;
Кітабымызды, қаламымызды салатын нәрсе;
Күннің түсі.
- 2 ұяшық.
Білімге,тәрбиеге толы зат;
Түнде миллиондаған жарқылдаған жарықтарды аспаннан көресің;
Жетіге үшті қосқанда қанша болады?
Суда жүзетін, жануарлардың бір түрі;
Біз концерт болғанда нені тыңдаймыз?
- 3 ұяшық
Әлемді көретін негізгі мүше;
Біздің ең жақсы көретін ісіміз;
Сендердің ең сүікті адамдарың;
Алтының екіге бөліндісі;
Шөлімізді қандырамыз;
- Жарайсыңдар балалар! Біз біліміміздің мықты екенін алып тауларғада көрсете білдік. Енді картамызға қарап жіберейік. Туымызды Бути аралына тігу үшін жолымызды жалғастырайық. Бірақ бір қызығы біз аралға оңай кірдік, теңіз жағасында біреу отыр. Жағдайын сұрап көрейік?
- Бейтаныс адам:
Жолдарың болсын балалар !
Мен бұл аралға келгелі және шығалмай
отырғаныма 1 жылдай болды. Қайта жолға шығу үшін мына логикалық сұрақтарға жауап беру керек. Ал, сендер білесіңдер, біз теңіз адамдары есептерге құштар еместігімізді. Егер дұрыс тапсырмаларды орындасаңдар мені ала кетіңдерші? Көмегім болады! Айтпақшы, менің атым Капитан Крюк! Дайынсыңдарма?
Шынымен қиын тапсырмалар ма екен? Көрейік!
ІІІ тур. Бути аралы
3 ұяшық беріледі. Сол ұяшықтардың ішінде логикалық тапсырмалар бар.
- 1ұяшық.
Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып, 5 орындықты бөлмеге орналастыр.
2. Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Ал біраяғымен тұрғандағы салмағы қанша?
- 2ұяшық
- 3 ұяшық.
1. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алады. Сонда бір асық дорбада
қалды.Бұл қалай ?
2. Болат сенбі күні кешке 9-да ұйықтауға жатты.
3. Ол сағаттың қоңырауын келесі күнгі таңертеңгі 10-ға қойды. Болат сағат шырылдағанға дейін неше сағат ұйықтады ?
Бұл аралдың да тапсырмалары бізге оңай болған емес ! Бірақ біз сүрінбей өтіп, туымызды тіктік. Капитан Крюктіде бірге алып жүремізбе?
Көрермендерге арналған сергітпе : 5 артықшылығын тап
ІV тур. Джамбалай аралы
- Соңғы аралымыз! Қазынаға толы арал, оған да келіп жеттік! Бірақ алдымыздан бір қорқынышты, суық түрімен қарсы алған осы аралдың бас адамымен кездесейік деп отырмыз. Ол бізге не дейді?
- Бір көзім бар жанатын
Бір басым бар бәрін шағатын,
Мені озсаң сен барсың,
Сен ұтылсаң, жоғаларсың
Шешші есебімді әлің келсе,
Бұл сәт мәңгі қалар сенің есіңде!
«Эрудит» - капитандар жарысы
Шарты: Бір минутта канша сұрак жауап беретінін байкау
Пирамидалар орналасқан ел;
Төрт пен үштің қосындысынан екіні азайт;
Төрт түлікті ата;
Біз нешінші ғасырда өмір сүріп жатырмыз?
Кітап туралы мақал-мәтел айт;
Периметрді қалай табамыз?
Сары. Жүгірді. Ақгүл. Қайсысы зат есім?
Күз жылдың нешінші мезгілі;
Өрт болғанда қандай нөмірге қоңырау шаламыз?
Астана қаласының символы;
Сырты қатты, іші тәтті;
Біз тәуелсіздігімізді нешінші жылы алдық?
What is your name?
Он бес пен бестің айырмасын екіге көбейт;
Жердің ортасында не бар?
Аналар мейрамы жылдың қай айында тойланады?
Кез келген сүтқоректіні ата;
22 наурызда берілетін тағам;
“Оның жүрегі ұшып кетті”тіркестің мағынасын түсіндір;
Жеті ата қалай аталады;
Әліппенің атасы;
Жиырма мен төрттің қосындысын екіге бөл;
Мәдени өсімдіктерге мысал келтір;
Қараша жылдың нешінші айы;
Жаңбыр жауғанда шығатын құрт;
Менің атым Қожа әңгімесін жазған автор;
Қазақтың атақты үш билері;
Абай Құнанбаев нешінші жылы дүниеге келген?
Кез келген суық түсті айт;
Бүгін аптаның нешінші күні?
-Бәрекелді балалар! Қандай тапсырма болсада сүрінбей өтіп, туларыңды тіктіңдер! Қазынаны да таптыңдар. Бірақ, мұндай қиын асулардан әр топ әр түрлі өтті. Сондықтан әділқазы алқалары сендің көрсеткіштеріңді айтып , орындарыңды береді (Марапаттау сәті)!
- Біз тек бұл мақтау қағаздарымен шектелмейміз! 3 топ арсында ерекше көзге
түсіп, әр қырымен өзін таныта білген оқуышларға белгілі атақтар беріп ,
марапаттаймыз!
Шапшаңпаз
Білімпаз
Ойлампаз
Оқушылар жеке марапатталып, әділқазылар сөз алады.
Достарыңызбен бөлісу: |