1.3 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары.
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің дамуы ұзақ процесс. Мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, таным әрекеттерін ұйымдастыратын мұғалімдер, оқушылардың өз жастары арасында белгілі орын алуға қажеттілігі өседі де, оқушылардың танымдық пен шығармашылық қабілеттері артады.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегідей танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттердің дамыту белгілерін көрсетуге болады:
бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы, оқушының қоғамдық маңызды мақсатқа жету үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
әрбір білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;
іс-әрекеттер барысында оқушылардың іс-әрекеттерін басқарудың, оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің де кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
бірыңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
жалпы нәтижелердің болуы.
Алайда күнделікті тәжірибеде ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің барлық белгілері әрқашанда бірден көрініс табуы мүмкін емес.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мазмұны: барлық оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер бірлесе отырып жоспарлайды, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері оқу процесінде, еңбек процесінде дамиды.
Бастауыш сыныпта ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта және сабақтан тыс уақытта дамиды. Оқу процесінің негізгі түрі – сабақ. Сабақта мұғалім оқушыларды ұжымдастыра отырып олардың танымдық іс-әрекеттерін (оқу, еңбек, ойын) дамытады. Мұғалім сабақта түрлі диагностикалық тесттер негізінде көптеген мәліметтер алады, соның негізгі жемісі түзету арқылы – оқушылардың ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытады.
Ал сабақтан тыс уақытта, яғни бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері – экскурсия, интеллектуалдық ойындар, көңілді кештер, ұлттық меркелер, эстафеталық жарыстар негізінде жүзеге асады. Сабақта және сабақтан тыс уақытта мұғалімдер ұжымдаса отырып жұмыс істесе, бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттері біршама дамиды. Мұғалімдер бірлесе істейтін жұмыс түрлері мыналар
логикалық тапсырмалар, есептер;
интеллектуалдық сұрақтар;
сурет салу;
ХХІ ғ көшбасшысын ұйымдастыру;
Жеті өнер үйірмесі;
Жиналыстар жасау;
Кітап, газет, журналдар оқыту.
Алайда бұл істер күнделікті тәжірибеде көрініс таба бермейді. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекеттерін дамытатын мұғалім болғандықтан, мұғалім бастауыш сынып оқушысына ұжымдық танымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатыстырып, оны өмірде іске асырып, көпшіліктің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |