М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар


Ұлы суреткердің алғашқы қадамы (Мұхтар Әуезов)



бет11/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.1 Mb.
#20420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1.23 Ұлы суреткердің алғашқы қадамы (Мұхтар Әуезов)

Мұхтар Әуезов- творчествосы ұлттық шеңберден шарықтап көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды қор болып қосылған ұлы суреткер. Сондықтан бүгінгі таңда жекелеген байсалды еңбектерге қарағанда, оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің обьектісі болуы қажет. Табысына таңдай қағып, танысына бас шайқау- әдебиет танудың марқайған кезіне жараспайтын мінез.Қазақ әсемдік атты тарихында ерекше құбылыс - М.Әуезов туындылары идеялық - көркемдік, образдық, жанрлық ретпен де, ізденіс өрістері қаламгерлік эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды талап етеді.

Қазірде Әуезовтың ауызға алынбай, аз зерттеліп жүрген бір талай еңбектері бар. Олар жас Мұхтардың қаламгерлік жолыдағы алғашқы публицистикалық шығармалары.

Ең алғаш баспасөзде жарияланған көлемді еңбегінің бірі- «Адамдық негізі-әйел» (1917) деген мақаласынан жиырмадағы баланың, жігіт Мұхтардың ой-өрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің молдығы, қалыптаса бастаған азаматтың парасатының шамасы жақсы аңғарылады. Мақала арқауы-өмірдің жеке бір ғана фактысы емес, қиын-қыртыс түйін-әйел бостандығы тақырыбы.

Әуезовтың публицистік алғырлығы әйел теңсіздігін жалғыз қалың мал қырсығынан іздемеуден көрініп отыр. Ол бала тәрбиесіндегі ананың, от басының орынын айтып, бұған әйел теңсіздігінің жасар қыр-сырын ашып,жас талант көзі көріп жиренген әділетсіздікке қарсы ашына үкім айтады.

Мақалада Абай поэзиясының, әсіресе Абай қара сөздері әсерінің іздері сайрап жатыр.Жас қаламгер бірде Абайдың «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны-адамның баласы бауырың» деген даналығын мысалға келтіре отырып, сөз сабақтайды. М. Әуезовтың «Адамдық негізі-әйел» мақаласына қазақ публицистикасының мәнді туындысының бірі болып есептеледі.

Творчестволық сапардың алғашқы кезінде М. Әуезов қаламынан туған мақалаларды түгел қамтып, топтай сөйлегенде, оларда қозғалатын негізгі мәселелерді мынадй салаларға бөлуге болады; Әйел теңдігі жайлы, оқу-ағарту,мәдениет ісі, интелегенция туралы, ғылым негіздері, саясат, халықаралық тақырып, газет жөніндегі, әдебиет мәселесі.

Мысалы, «Оқудағы құрбыларыма» (1917) атты мақаласында Мұхтар өз тетелестеріне мынадай сауал тастайды. Оқыған жастар халық үшін қандай қызмет жасауы керек? Қазақ интелегенті ұшталар кемер, барар жайлау қайсысы?

Мақалада Әуезов интелегенттер бойындағы кемшіліктерді сынап, оқығандарды ауыз бірлікке шақырады, адалдық,табандылық,білімділік сияқты қасиеттерді үлгі етеді. Семей қаласында 1918-1919 жылдары шыққан «Абай» журналында М. Әуезовтың бір талай мақалалары жарияланады.

Журналдың тұңғыш санында басылған «Ғылым» атты мақаласында Әуезов адам баласының ұзақ сапар тарихынан көптеген мысалдар келтіріп, ғылымның қалай пайда болғанын сөз етеді. Тәжірибеден, өмірлік қажеттіліктен туғанын нанымды дәлелдейді.

Рухани тірлік үшін ғылым атқарар қызметті айрықша дәріптеп; «Шын ғылым жолына түссе, шын көздеген мақсаты, адамдық, азаттық болар еді»- деді. Бұл мақала леитомотивті де адамшылық, ағартушылық. Білімнің жетістіктерін санай келіп, публицист мақаласын; «Мұншама тапқан көркем ақыл, көсем ғылым, осы араға келіп тоқтап қалмай, адамшылықтың иман жүзді жарық күннің астына апарып, бар адам баласын бұрынғы қаскүнемдік, қанішер, жауыздығын тастатып, бір сүйіспеншілік, бір туысқандық жүрекпен табыстырса керек деп білемін», - деген бауырмашылық ойлармен аяқтайды.

«Қайсысын қолданамыз?» (1917), «Ғылым тілі» (1918), «Оқу ісі» (1917), мақалалары - қазақ тілінде оқулықтар шығару туралы «Қайсысын қолданамыз?» мақаласы педогогиканың жанды тармағы – оқулықтар мәселесін сол уақыттың өзінде өте дұрыс көтерген құнды еңбек «Қазаққа келсек, мектепке арналған ретті бір кітап жоқ, «- деп күйзелген автор кедергінің түп төркіні- терминдердің жөнге түспеуінде, мектептердегі бір ізділіктің жоқтығында деп біледі. Бір нұсқалы оқу құралдарын жасау керек дейді Әуезов. Бұл ойлар «Ғылым тілі» мақаласында одан әрі таратылып, толықтырылып, тереңдей түседі, термин мәселесі айрықша сөз болып, автор өз байланысын ұсынады.

М. Әуезов бұл жерде «Түрікшілдікке» қарсы шығып отыр. Терминдер жасауды ең алдымен ана тілінің байырғы мүмкіндіктерін сарқа пайдалануды, қажет болғанда ғана басқа тілдерден жаңа сөздер, жаңа ұғымдар алуды жақтайды, бірақ қазақ тілін орынсыз шұбарлауға қарсы шығады.

Мұхтардың бұл кездегі ғылыми-мәдени саласындағы ізденістері әр қиырда,әр салада. «Философия жайынан» (1918) мақаласында автор философияның басқа ғылымдарға қатысын, олардың қатарында алатын орнын, зерттейтін обьектісін дұрыс түсіндіреді. Шәкірттік мінез білімге құштарлықтан туған философияға таңдай қаға табыну да бар.

Ол қылық әлеуметтік қоғамдық проблемаларға арнап жазылған «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» (1912), «Мәдениет және ұлт», «Земство һәм кооператив қауымдары» сияқты мақалалары бар. Мәселен негізінен экономиканы сөз ететін «Мәдениетке қай кәсіп жуық?» еңбегінде әр түрлі халықтардың белгілі бір шаруашылықпен айналысуына географиялық орта жасайтын ықпал дүние жүзіндегі көптеген елдер тарихынан алынған ұтымды мысалдармен сенімді дәлелденеді. Ғылымға,мәдениетке ең жуық кәсіп- егіншілік деген пікірді публицист ерекше құптайды.

Жан-Жак Руссоның «Цивилизация адамды бұзады» дейтін қате байламына М. Әеуезов «Мәдениет һәм ұлт» мақаласында қарсы шығады, ондай концепцияның зияндылығын, жалғандығын дәлелдейді.

Ағартушылық бағытта, педагогикалық жүйеде сапалы ойлар айта алған Әуезов қазақ қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды анық көре алмайды, жалпы теңсіздік, жалпы бақытсыздық қыр тіршілігіне қас нәрсе деп ұқты. Дала өміріне түскен соң қилы жарықшақтың себебін тап баса алмай, оны бас бірікпеушілікте, партияшылықта деп түсінген автор өзінше қамаудан шығар жол іздейді. «Ескерту керек» деген мақаласында былай деп жазады; «Жуан ауыл-қырдағы бұзық мінездің ұясы. Ел ішіне күшті әділ үкімет орнатып, нашар мен жуанды теңестіріп, жуан зорлықшылды не қылсада елден айырып, әлсіретуге тырысу керек». Бұл байламдардың реформалардан екені көрініп тұр. Мұхтардың тапқаны; бірінші қараңғылықты қақ жаратын оқыған, білімді,әділ болыс, екінші жұрттың тиын-тебенін жемейтін тұтынушылар дүкендері үшін, өнімді еңбекке жұмылу. «Земство һәм кооператив қауымдары» мақаласында кооперативтің пайдалы, тиімді жақтарын жан-жақты сөз қылады. Тұрмысыңды түзеймін десең, дүниенің ебін біл, саудагерге алданба, өзара бірлескен серіктік құр дейді. Мұның бәрі де қоғамдық құбылыстардың, заңдылықтарын білмеуден туған байламдар еді.

Мұхтардың сол кездегі педогогикалық ойларының қорытындысы- «Оқу ісі» мақаласы. Мұнда мектеп мұқтажын сынай сөз ету бар. Түбі ақылық мұғалімдер кадрларын даярлаудың сапасында жатқаны айтылады. Қазақ мектептерінің кінәрәтті қиыншылықтары ортақ бағдарлама, ортақ оқулық жоқтығы, мұғалімді қызметке тұрақтандыру мәселелерінің шешілмеу жолдары қарастырылады.

М. Әуезов 1922-23 жылдардың қысында Ташкентте оқып, одан кейін Ленинград университетіне ауысады. Әуезовтың кеңес үкіметін орнату жолындағы еңбегін көрсететін тарихи құжаттар ретінде губревком органы «Қазақ тілі «газетінде басылған «Уәкілдер келді» (1921), «Төңкеріс комитеті сайланды» (1921) деген материялдарды атауға болады.

Кеңес мекемелерінде қоғамдық қызмет атқарып, ірі орындарда болу Әуезовты саяси жағынан шыңдап,ой-өрісін, дүние танымын байытты. Оның шығармаларының таптың саналық өткірлігі күшейді. Семей губревкомының органы «Қазақ тілі» газетінде жарияланған «Қазақ ақындарына ашық хат» (1920) мақаласының принцпті маңызы бар. Өйткені бұл мақала Әуезовтың идеялық жағынан жаңа биіктерге көтерілгендігін байқататын еңбек.

Оқығандарды Әуезов кеңес үкіметі үшін адал қызмет атқаруға шақырады. «Қазіргі заман қазақтың басына келіп тұрған әрі ең қиын,әрі ең пайдалы,жайлы заман «деген пікірді интелегенцияның құлағына құяды. Қарақан бастың тыныштық қамын ойлап әлеуметтік істерден тысқары қалудан безіндіреді.

«Жалпы жарлық» (1921), «Бүгінгі зор міндет»(1920) мақалаларында кеңес үкіметінің жүргізіп отырған күнделікті, маңызды шаралары түсіндіріледі. Сауатсыздықты жоюдың мемлекетттік маңызы айтылыды.

М. Әуезовтің 1917-1922 жылдар аралығындағы қаламгерлік қызметін бағалағанда оның «Шолпан» журналында басылған әдебиет мәселелері жайындағы еңбектеріне тоқталу керек; «Қазақ қалам қайраткерлеріне ашық хат» (1922) мақаласында баспасөздің адам санасын тәрбиелеудегі рөлі көрсетіліп, редакциялардың науқандық шараларды ғана күйттемей, әдеби шығармаларға көңіл бөлу қажеттігі баса айтылды.

«Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» (1922) әдеби сын очеркінде Әуезов әдебиетінің қоғам өмірінде атқаратын қызметін көрсетеді. Қазақ әдебиетінің тарихына шолу жасап, бір талай мәселелерге дұрыс баға беріп, болашақта не істеу керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салады.

Очерк; «Қазақ әдебиеті қазіргі өмірдің бетіндегі қаймағын жалап жүр». Бұрынғы әдебиеттің ішіне тазша бала мен жалшы сақау қатын да кірген болса, бүгінгі әдебиетке қалпақ киген оқығаннан бастап, қой жайып жүрген қойшыға шейін кіруге тиіс, - деген үлкен талап қоюмен аяқталады. Мұхтардың бұл очеркі-әдебиеттің ғылымымыздың тарихындағы алғашқы кәсіптік, сапалы еңбектердің бірі.

М. Әуезовтың таланты публицистикадан ерекше байқалады. Ол әлеуметтік өмірдің күрделі проблеммаларына бой ұрып, прогресшіл көш басшы ойлар айтты.




Әдебиеттер
1 Колокол, 1858. – № 26.

2 Уәлиханов Ш. Шығармаларының таңдамалы жинағы. – Алматы, 1980. – Б. 197, 241, 246.

3 Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин.– Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1965. – 199 б.

4 Фетисев М. Н. Зарождение казахской публицистики. – Алматы, 1961. – 258 б.

5 Орынбор облыстық архиві. Ф. 6, опись 10, дело № 8481.

6 Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі.Таңдамалы. Екі томдық. - 1 Т. – Алматы : Ғылым, 1990. –– 72 б.

7 Мұқанов С. Халық мұрасы. – Алматы, 1974.

8 Кенжебаев Б. Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары. – Алматы, 1958. – 359 б.

10 Көпеев М. Ж. Жылым-қой, жасым биыл жетпіс үште. Таңдамалы. - 2 Т. – Алматы : Ғылым. 1990. – 140 б.

11 Көпеев М. Ж. Таңдамалы. – 1 Т. – Алматы : Ғылым, 1990. – 458 б.

12 Дәуітов С. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев // Қазақстан мектебі, 1990. – № 2. – Б. 72 – 73.

13 Бөжеев М. Мәшһүр Жүсіп мұралары хақында // Жалын, 1974. – № 3. – 128 б.

14 Көпеев М. Ж. «Мәшһүр» аты қалай алынғандығы туралы. Таңдамалы. – 1 Т. – Алматы : Ғылым, 1990. – 114 б.

15 Әбілев Д. «Мәшһүр» арабша-белгілі, атақты деген мағынада. Шежіре болған серігі // Қазақ әдебиеті. – 1983. 26 шілде.

16 Ақын-жыраулар. – Алматы : Ғылым, 1979. – 83 б.

17 Қазақ ССР Энциклопедиясы. – 7 Т. – 540 б.

18 Ақын-жыраулар. – Алматы : Ғылым, 1979. – 83 б.

19 Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, 1961. – 245 б.

20 Ғабдуллин М. Діншіл, ұлтшыл М. Көпеев туралы // Социалистік Қазақстан, 1953. – 26 сәуір.

21 Тәжібаев Ә. Имандылыққа үндеген // Социалистік Қазақстан, 1990. – 26-қыркүйек.

22 Көпеев М. Ж. Сарыарқаның кімдікі екендігі. – Қазан, 1907. – 1 б. – 3 б.

23 Көпеев М. Ж. Туысқан бауырларыма бір насихат // Айқап, 1912. – № 7. – 147 б.

24 Көпеев М. Ж. Туысқан бауырларыма бір насихат //Айқап, 1912. – № 7. – 123 б.

25 Ғажайып бір құс заманымызда // Дала уалаятының газеті. – Алматы, 1989. – 177 б.

26 Ғажайып бір құс заманымызда // Дала уалаятының газеті. – Алматы, 1989. – 170 б.

27 Правда, 1940. – 21 маусым. – № 171.

28 Исабаев Қ. «Ыждағатты ықыласпен» мақаласы //Қазақ әдебиеті, 1988. – 28 қазан.

29 Исабаев Қ. «Ыждағатты ықыласпен» мақаласы //Қазақ әдебиеті, 1988. – 28 қазан.

30 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. – Алматы, 1968. – 356 б.

31 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.

32 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. – Алматы, 1968.

33 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.

34 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967.

35 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. – Алматы, 1968.

36 Дүйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров. – Алматы, 1967. – Б. 100– 101.

37 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі. – Алматы, 1968. – Б. 9-10.

38 Торайғыров С. Шығармалар. - Т. 2. – Алматы, 1967. – 200 б.

39 Торайғыров С. Шығармалар. - Т. 2. – Алматы, 1967. – 150 б.

40 Дұрыстық жолы, ь1919. – 1 сәуір.

41 Қазақ, 1913. – № 11.

42 Қазақ, 1913. – № 14.

43 Қазақ, 1914. – № 61.

44 Серке, 1907. – № 2.

45 Айқап, 1912. – № 6.

46 Айқап, 1913. – № 31.

47 Уақыт, 1908. – № 383.

48 Еңбекші қазақ, 1923. – № 75.

49 Еңбекші қазақ, 1923. – 5 мамыр.

50 Еңбекші қазақ, 1924. – № 294.

51 Еңбекші қазақ, 1925. – № 3,5.

52 Еңбекші қазақ, 1927. – 7 қараша.

53 Қызыл Қазақстан, 1923. – № 3, 5.

54 Шолпан, 1923. – № 3-5.

55 Ауыл тілі. 1926. – 27 мамыр.

56 Сибирские вопросы, 1910. – № 37.

57 Труды общества изучения Киргизского края, 1922.

58 Еңбекші қазақ, 1923. – 5 мамыр.

59 Қазақ, 1917. – № 240.

60 Қазақ, 1918. – № 260 – 261.

61 Қазақ, 1913. – № 6.

62 Қазақ, 1913. – № 30.

63 Қазақ, 1913. – № 35.

64 Қазақ, 1916. – № 200.

65 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 шілде.

66 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 шілде.

67 Қазақ, 1917. – № 244.

68 Қазақ, 1914. – № 65.

69 Қазақ, 1915. – № 93.

70 Қазақ, 1915. – № 112.

71 Қазақ, 1917. – № 230.

72 Қазақ, 1917. – № 247.

73 Стрельникова И. Заметки о национальном // Наш современник, 1989. – № 7.

74 Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. – 18 Т., 1903.

75 Қазақ, 1917. – № 256.

76 Қазақ, 1917. – № 257.

77 История Сибири. – Ленинград. - 3 Т, 1968.

78 Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. – 18 Т. – Петербург, 1903.

79 Терме. – Ташкент, 1925.

80 Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы, 1993. – Б. 12–13.

81 Айқап, 1911. – № 11.

82 Айқап, 1913. – № 20.

83 Айқап, 1912. – № 3.

84 Ақ жол, 1924. – 30 желтоқсан.

85 Ақ жол, 1924. – 27шілде.

86 Ақ жол, 1924. – 3 сәуір.

87 Тілші, 1924. – 31тамыз.

88 Ақ жол, 1924. – 10сәуір.

89 Ақ жол, 1924. – 1 мамыр.

90 Ақ жол, 1924. – 1 сәуір.

91 Тілші, 1927. – 9 ақпан.

92 Ақ жол, 1924. – 3 сәуір.

93 Айқап. - Алматы, 1995. – Б. 249 – 250.

94 Тәкенов Ә. М. Шоқай өмірінің кейбір қырлары // Қазақ тарихы, 1996. – № 5.

95 Оралтай Х. Мұстафа Шоқай және оның ізбасарлары // Егемен Қазақстан, 1996, қаңтар.

96 Оралтай Х. Мұстафа Шоқай және оның ізбасарлары // Егемен Қазақстан, 1996. - қаңтар.

97 Тәкенов Ә. М. Шоқай өмірінің кейбір қырлары // Қазақ тарихы, 1996. – № 5.

98 Егемен Қазақстан, 1996, қаңтар.

99 Жас Түркістан. – Париж, 1949 – 1950.

100 Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. - Алматы, 1993.

101 Шоқай М. Кеңестер билеген Түркістан. - Оксфорд, 1985.

102 Қазақ әдебиеті, 1988, - 2 қазан.

103 Социалистік Қазақстан, 1989. – 28 наурыз.

104 Ана тілі, 1991. - 18, 25 шілде.

105 Қамзабекұлы Д. Садуақасұлы С. – Алматы, 1996.

106 Жастарға жаңа жол. – Орынбор, 1921.

107 Жас азамат, 1918. – 30 шілде.

108 Большевик, 1928. – № 1.

109 Мұқанов С. Есею жылдары. - 3 Т. – Алматы, 1970.

110 Мұқанов С. Есею жылдары. – 2 Т. – Алматы, 1970.

111 Қамзабекұлы Д. Садуақасұлы С. – Алматы, 1996.

112 Түпнұсқасы ҰХҚ архивінде. – № 78754. – 7. Т.

113 Бейімбет өлеңдері. – Қызылорда, 1925.

114 Еңбекші қазақ, 1925. – 23 қараша.

115 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 ақпан.

116 Еңбекші қазақ, 1926. – 8 ақпан.

117 Еңбекші қазақ, 1927. – 15 - 16 ақпан.

118 За партию, 1929. – № 5, 6.

119 Жас азамат, 1918. – 4 қазан.

120 Трудовая Сибирь, 1919. – 4 - 5 сәуір.

121 Трудовая Сибирь, 1919. – 23 маусым.

122 Трудовая Сибирь, 1919. – 30 қыркүйек.

123 Кедей сөзі, 1920. – 30 наурыз.

124 Кедей сөзі, 1920. – 5, 11, 22 сәуір.

125 Кедей сөзі, 1920. – 1 мамыр.

126 Кедей сөзі, 1920. – 25 қазан.

127 Кедей сөзі, 1920. – 25қазан.

128 Кедей сөзі, 1920. – 25 қазан.

129 Кедей сөзі, 1920. – 25 қазан.

130 Еңбек туы, 1920. – 10 қараша.

131 Еңбек туы, 1920. – 25 желтоқсан.

132 Еңбек туы, 1920. – 25 желтоқсан.

133 Коммунаргазеті, 1921. – 1 қаңтар.

134 Коммунар, 1921. – 9 ақпан.

135 Досмұхамедов Х. «Аламан» кітабын құрастырушылардан. – Алматы, 1991.

136 Досмұхамедов Х. «Аламан» кітабын құрастырушылардан. – Алматы, 1991.

137 Досмұхамедов Х. «Аламан» кітабын құрастырушылардан. – Алматы, 1991.



Мазмұны





Алғы сөз......................................................................................................

3

1

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушылары мен публицистерінің рухани мұралары.................

4


1.1

Жанашары халқының (Ш. Уәлиханов)....................................................

4

1.2

Оқу, білімге шақырған (Ы. Алтынсарин)................................................

7

1.3

Мыңмен жалғыз алысқан (А. Құнанбаев)...............................................

9

1.4

Ойшыл, ағартушы, ақын, публицист (М. Ж. Көпеев)............................

12

1.5

Жақсыдан ғибрат (С. Шорманов).............................................................

24

1.6

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған (С.Торайғыров).....

27

1.7

Ел қамын ойлаған (Ғ. Қарашев)................................................................

39

1.8

Елім деп еңіреген ер (С. Дөнентаев)........................................................

46

1.9

Табиғи талант иесі (Қ. Кемеңгеров).........................................................

59

1.10

«Қазақтың «көзі, құлағы һәм тілі (А. Байтұрсынов)..............................

74

1.11

Қазақты қалың ұйқысынан оятқан (М. Дулатов)....................................

76

1.12

Алашым деп туған ұл (Ә. Бөкейханов)....................................................

81

1.13

Қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы (Ж. Аймауытов)......................................

90

1.14

«Айқаптың «айнасы болған (М. Сералин)..............................................

95

1.15

Қайраткердің қаламгерлігі (С. Қожанов)................................................

97

1.16

Қазақ жастарының көсемі (Ғ. Мұратбаев)...............................................

102

1.17

Алты алаштың ардақтысы (М. Шоқай)...................................................

105

1.18

Елім деп өткен бір бейне (С.Садуақасов)................................................

108

1.19

Болашақ үшін күрескен (Т. Рысқұлов)....................................................

113

1.20

Ағысқа қарсы жүзген (М. Тынышпаев)...................................................

117

1.21

Бар өмірі күреспен өткен (Х. Досмұхамедов).........................................

122

1.22

Елі үшін құрбан болған (Х. Ғаббасов).....................................................

125

1.23

Ұлы суреткердің алғашқы қадамы (М. Әуезов)......................................

128




Әдебиеттер..................................................................................................

132

Қырықбай Аллаберген

Тарих тудырған тұлғалар

(Бірінші кітап)

Оқу құралы.
Подписоно в печать – 2010

Гернитурс Тimes

Формат – Бумага офиса

усл. печ – Тираж –

Заказ №

Тех. редактор – Д.С. Тасова


Научно – издательный центр

«Кереку» ПГУ

им. С. Торайгырова

48000 г. Павлодар.



ул. Ломова, 64



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет