«Өзіндік зат және біздік зат» - философиялық атаулар: біріншісі - өздігінен, бізден және біздің танымыздан тыс бар заттар немесе танушы субъектіден тәуелсіз, өзі ушін өмір суретін зат немесе танып білуге болмайтын заттың ішкі касиеті; екіншісі - танымдық процесс кезінде адаммен танылатын заттар. Бұл атаулар «өзіндік заттарды» тану мүмкіндігін жоққа шығаруға байланысты 18 ғ-да ерекше мәнге ие болды. Кезінде Локк айтқан бұл кағиданың Кант толығымен негіздеп, біз «өзіндік заттардан» мүлде аулақ кұбылыстар тоңірегінде ғана сөз ете аламыз. Канттың «өзіндік заттары» дегені сонымен қатар - табиғаттан тыс тануға болмайтын, тәжірибе жасауға келмейтін мәндер: құдай, бостандық және т.б. Диалектикалық материализм дуниені тануға болатындығы принципі тұрғысынан шыға отырып, танымды тәжірибенің негізінде «өзіндік заттарды» біздік заттарға» айналдыру процесі ретінде қарайды (Таным, Теория және практика).
Достарыңызбен бөлісу: |