Өмір философиясы - Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бipi. Өмір философиясы өмірді дүниенің бip бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниежүзілік тұтастықтың қақ ортасына қояды, өмір ұғымына суйене отырып, дүние мен өмірді толық түсiнуге талпыныс жасайды. Өмір философиясының өкілдері философияның міндетін тек осылай түсіндіреді, cебебі философия адам мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден маңызды ештеңе жоқ деп есептейді. Өмір философиясының негізін салушы - дат философы С.Къеркегор (1813-1855). Дуниенің бастау ретінде сананы емес, уайым-кайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Проблематиканың белгілі жалпылығымен байланыстылықты керсететін термин.
Принцип (лат. principium - негіз, бастама) - дүниені тану мен өзгерту процесінде фактілерді немесе білімдерді бip ізге салуға қызмет ететін, олардың кейбір жиынтығының түп негізі ретінде көрінетін ғылыми танымның ерекше формасы. Принцип деп тағы да - ереже, іргетас, басты идея, басты ұғым; түсініктер арасындағы дәнекерші буын; құбылыстың қажеттігінің немесе заңының көрінісі; заңдар арасындағы катынас және басқа бip білімге жол ашатын білім; қоғамдағы адамдар арасындағы қатынасты сипаттайтын этикалық норма деп қарастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |