М. Ж. Тусупаева муниципалды менеджмент



бет4/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#16521
1   2   3   4   5

Бақылау сұрақтары
1. Жергілікті өзің-өзі басқару теориясына сипаттама беріңіз

2. Территориялық басқарудың негізгі түрлерінің мағынасын ашып көрсетіңіздер


4 Жергілікті биліктің өкілетті және атқарушылық органдарының қарым-қатынасы

4.1 ҚР әкімшілік-территориялық бөлінуі

Кеңес Үкіметінің таратылуымен, бұрыңғы кеңестік республикалардың орнына егемендік мемлекеттердің пайда болып, Қазақстан Республикасының егемендік алуына байланысты әкімшілік-территориялық құрылымдар мен басқару жүйелері өзгерістерге ұшырады.

1993 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасында "ҚР әкімшілік-территориялық құрылымы туралы" Заң қабылданды, ал 1995 жылдың 19 желтоқсанында заңдық күшке енген осы заңды өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарғысы шыққан болатын.

Дәл қазіргі уақытта әкімшілік-территориялық құрылымның қарапайым, экономикалық және басқарылатын жүйесін құруға уақыт жетті, ол туралы Қазақстан халқына деген өзінің жолдауында 1996 жылы 7 қазанда Қазақстанның Президенті Н. А. Назарбаев айтқан болатын.

Кеңес үкіметінен тәуелсіз Қазақстанға келесідей әкімшілік-территориялық құрылым қалды, оның құрамына 19 облыс, 2 мемлекеттік маңызы бар қала, 216 аудандық әкімшілік-территориялық бірліктер болды, оларда мекен ететін тұрғындардың жалпы саны 16,5 млн. адам қалды.

Қалыптасқан әкімшілік-территориялық бөліну экономикалық тараптан қарағанда әсерлі емес және қиынырақ болып көрінеді. Аймақтық шекаралар көптеген облыстардың дамуында маңызды бағыттарды көрсетті. Соның нәтижесінде тек қана ауылшаруашылықтық аймақтар (Көкшетау, Ақмола облыстары), көмір өндіретін және металлургиялық өнеркәсіптері бар аймақтар (Жезқазған, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары) болып бөлінді.

1997 жылдың 22 сәуіріндегі ҚР Президентінің «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымын оптимизациялау бойынша шаралар қолдану туралы» Жарғысына сәйкес Талдықорған, Торғай облыстарының территориялары жекеленді де, соның салдарынан Ақмола, Алматы, Қостанай облыстарының шекаралары өзгертілген болатын.

1997 жылдың 3 мамырында ҚР Президентінің «ҚР әкімшілік-территориялық құрылымын жаңдандырудың алдағы шаралары туралы» Жарғысы қабылданды, сәйкесінше, Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстарының территориялары қысқартылған. Осыған байланысты Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының шекаралары өзгертілді.

Көкшетау облысының Солтүстік Қазақстан облысының құрамына кіруі екі территорияның қорларын, яғни қалайы, қорғасын, молибден, алтын уран, алмаз өндірістерін біріктірді. Сонымен қатар, бұл аймақтарда астық, бидай, қарақұмық пен майлы дақылдар өндірісінің көлемі үлкейе түсті.

Шығыс Қазақстан және Семей облыстарын біріктіру олардың өнеркәсіптік өндірісінің потенциалын көтерді. Осы аймақтарда мыс өндіруде ортақ баланстық қор ортақ республикалық қордың 48%, цинк өндіруде – 48,49%, свинец бойынша – 27% құрап отырды. Электроэнергетиканы біріктіруден үлкен табыс түсті, ол көрсеткіш жалпы ортақ республикалық өндірістің 26% құрады.

Осы шараларды іске асыру салдарынан 1997 жылы 4550– 4800 адамды құрайтын облыстық басқарушылық аппарат пен мемлекеттік органдар аппараттары қысқартылған еді. Тура экономикалық пайда 1210–1270 млн. теңгені құрады, осы қаражат әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсалды.

Дәл қазіргі уақытта республикамызда 14 облыс, 160 аудан, облыстық және республикалық маңызы бар 84 қала, 195 кеншарлар мен 2150 ауылдық округтер бар.

Нақты бір аймақта әлеуметтік-экономикалық үрдістерді әсерлі басқару үшін, жалпы осы территорияны, экономикалық-географиялық жағдайын, оның шекараларын, табиғи жағдайлары мен ресурстарын, барлық демографиялық үрдістерін, даму тарихын, шаруашылығының қазіргі заман талаптарына сай орналасуын, специализациясы мен инфрақұрылымын тереңірек зерттеу керек. Осылардың бәрінің сақталуы қазіргі заманғы Қазақстанның территориясында басқарудың оптималды құрылымын құруға мүмкіндік туғызып отыр.

4.2 ҚР-ғы жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың жүйесі. Маслихат

ҚР Конституциясының 85 бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқарушылық органдармен іске асырылады, олар арқылы сәйкес территорияның істерінің жағдайларына жауап береді.

2001 жылдың 21 қаңтарындағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» ҚР Заңына (2010 жылдың 8 сәуіріндегі өзгертулер мен қосымшаларға сәйкес) сәйкес, жергілікті өкілетті орган (маслихат) – тандалатын орган, яғни облыстың (республикалық маңызы бар қалалар мен астаналар) және ауданның (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарымен тағайындалады, халықтың еркін білдіреді, және де олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс шараларды анықтайды, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады.

ҚР Конституциясының 86 бабына сәйкес, маслихаттар әкімшілік-территориялық бірліктердің тұрғындарының еркін білдіреді, және ортақ мемлекеттік қызығушылықтардың есебімен іс шараларды анықтайды, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады.

Маслихаттар барлығына ортақ, тең, тура тандау құқығымен бес жылдық мерзімге құпия дауыс беру арқылы тағайындалады.

Маслихат депутаты болып жиырма жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады, және ол тек қана бір маслихаттың депутаты бола алады.

Сәйкес маслихаттың депутаттар саны келесідей шектеулер бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен тағайындалады: облыстық маслихатта, Алматы мен Астана қалаларының маслихаттарында – елуге дейін; қалалық маслихатта – отызға дейін; аудандық маслихатта – жиырма бесқе дейін.

Егер де оның депутаттарының ортақ санының үштен төрт бөлігі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен тағайындалған болса, маслихат құқықты болып саналады.

Маслихаттардың қызметтері:

1) жоспарлардың, территорияның дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджет пен оларды орындау бойынша есептердің бекітілуі;

2) осы қызметтерге жататын жергілікті әкімшілік-территориялық құрылымның мәселелерін шешеді;

3) маслихат компетенциядағы заңдарға жататын мәселелер бойынша жергілікті атқарушылық органдардың басшыларының есебін қарастыру;

4) маслихаттың тұрақты комиссиялары мен басқа да жұмыс органдарын құрады, олардың қызметтері туралы есептерді тындайды, маслихаттың ұйымдастырушылық жұмысымен байланысты басқа да көптеген мәселелерді шешеді;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың заңды қызығушылықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша басқа да өкілеттерді атқарады.

Павлодар облыстық маслихат құрамында 30 депутат бар.

Депутаттық этика тәртіптерін облыстық маслихат депутаттарының тәртіп нормалары анықтайды, ол тәртіптерді депутаттар өз қызметтерін іске асыру барысында ұстануы керек:

- сайлаушылармен жиі кездесулер жүргізіп, азаматтарды жеке қабылдауы тиіс, тұрғындардың күтілімдері мен көңілдеріне сергек болуы керек, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді бекітілген шешу жолдарын біліп, уақытылы орындауы тиіс;

- тұрақты тексерістер мен сессияларда қарастырылуға ұсынылған мәселерге қатысты ақпаратпен алдын-ала таныс болуы тиіс, мемлекеттік жергілікті басқару тәртібін реттейтін заңдар мен актілерді жетік білуі керек, оптималды басқарушылық шешімдерді қабылдауға септігін тигізіп орындауы тиіс;

- өзінің, дәл сол сияқты басқа да депутаттардың қадырын түсіне білуге, депутаттық міндеттерін атқарумен қатар, күнделікті өмірде де қарым-қатынасқа түсетін азаматтар мен қызметік тұлғаларға да тиісілі көңіл бөлуі тиіс;

- маслихат жұмысының әсерлілігін жоғарылататын, маслихаттағы тілектестік, іскерлік, өзара қолдау және де іскерліктің басқа да түрлерін қалыптастыруы тиіс;

- оратордың сөзін бөлмеуі тиіс, және де өз сөздерінде азаматтардың абыройы мен қадыр-қасиеттің балағаттайтын сөз айтпауы тиіс

- маслихаттың жабық отырыстары мен басқа да мемлекеттік басқару органдарында мәселелерге қатысты қабылданған шешімдерді жария етпеуі тиіс;

- ақпарат көздерінде, пресс-конференцияларда, митингтарла, ашық сөз сөйлеу барысында тек шынайы фактілерге сүйенуі керек, қоғам пікірін балағаттайтын сөздерге жол бермеуі керек;

- егер де дұрыс емес немесе тексерілмеген ақпарат келенсіз қолданылған болса, ондай жағдайда мүдделері мен абыройлары тапталған ұйымдардан, органдар мен азаматтардан кешірім сұрауы;

- депутаттық бланктерді тек ресми тапсырыстарға, хаттарға және басқа да маңызды құжаттарға пайдалану, және оларды өзі ғана рәсімдеу керек;

- сергек болуы керек, шешімдерді қабылдау барысында электрондық дауыс беру үрдісіне жол бермеуі керек;

- сессиялар жүргізілетін уақытқа жолға шығып, іс сапарларды жоспарламауы керек;

- шағым түскен жағдайда, өтініш берушінің алдында депутаттық этиканың тәртібінің бұзылуына қатысты түсіндірмесін келтіруі керек;

- депутаттық этиканың тәртібінің бұзылу себебіне қатысты арнайы есеп айырылысуларды талап ететін жағдайларда тұрақты комиссиялардың төрағалары және облыстық маслихаттың хатшысы құрамдағы комиссияға түсіндірмелер беруі керек.

2011 жылдың 13 қыркүйегінде бекітілген Павлодар облыстық маслихатының регламентіне сәйкес облыстық маслихаттың құрамына келесідей тұрақты комиссиялар кіреді:

- әлеуметтік және мәдени даму мәселелері бойынша комиссия;

- экономика және бюджет бойынша комиссия;

- азаматтардың заңдық қыығушылықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету бойынша құрылған комиссия;

- экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша комиссия;

- ауыл шаруашылық мәселелері бойынша комиссия.

Маслихат жергілікті бюджетті пайдалануды бақылау үшін өзінің өкілеттілігінің мерзіміне шақтап, ревизиялық комиссияны құрады, ревизиялық комиссия мүшелерінің саны маслихатпен бекітіледі.

Павлодар облысының ревизиялық комиссиясы облыстық бюджет және жергілікті бюджетті пайдалану бойынша жылдық есеп беру арқылы облыстық маслихатқа тәуелді болғандықтан сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

Облыстың облыстық маслихаты бес жылдық мерзімге ревизиялық комиссияның төрағасы мен ревизиялық комиссияның төрт мүшесін тағайындайды.


4.3 Жергілікті атқарушылық органдар. Әкімшілік

ҚР Конституциясының 87 бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар ҚР атқарушы органдардың бірегейлі жүйесіне кіреді, сәйкес территорияның даму қажеттіліктері мен қызығушылықтарына қатысты атқарушылық биліктің ортақ мемлекеттік саясат жүргізуін қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) – алқалық атқарушылық орган, оны облыс (мемлекеттік маңызы бар қалалар мен астаналар), аудан (облыстық маңызы бар қалалар) әкімі басқарады, олар сәйкес территорияда, өз құзырының шегінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзіңдік басқаруды іске асырады.

Әкім – Президент және Республика Үкіметінің өкілі, ол жергілікті атқарушылық органды (егер ол құрылған болса) басқарады, сонымен қатар, өзіне қарасты территорияда мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының барлық территориялық бөлімдерінің келісіліп қызмет етуін реттейді, сәйкес бюджеттен қаржыланатын атқарушылық органдарды басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіңдік басқару қызметтері мен жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттіліктермен істерді жүзеге асырады, сәйкес территорияның әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайына жауапты болады.

Әкім аппараты – мемлекеттік мекеме, ол әкім мен жергілікті атқарушы органдардың (егер де ол құрылған болса) қызметін қамтамасыз етеді.

Әкімшіліктің дербес құрамы облыстық маслихаттың (республикалық мағынасы бар қалалар мен астаналар) сессиясының шешімімен келісіледі.

Жергілікті атқарушылық органдардың қызметтері келесідей:

1) жоспарлардың, территорияның дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының, жергілікті бюджет пен оларды орындау бойынша есептердің бекітеді;

2) коммунальдық меншікті басқарады;

3) жергілікті атқарушылық органдардың жетекшілерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады, жергілікті атқарушылық органдардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушылық органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мен басқа да өкілеттіліктердің қызығушылықтарын қанағаттандырады.

Маслихат депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінің бастамаларына сәйкес әкімге деген сенімсіздік байқалса, оны білдіру туралы мәселе туындайды. Осындай жағдайда маслихат қарсы дауыстың көптігіне байланысты әкімге сенімсіздік білдіріп, жоғары әкім немесе президентке оның қызметтен босатылуы туралы ұсыныс жасауға құқылы болады.

Маслихаттар мен әкімшіліктер өз қызметтерінде міндетті:

1) ішкі және сыртқы ортақ мемлекеттік, қаржылық және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтін шешімдерді қабылдауға жол бермеуі тиіс;

2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының қызығушылықтарын сақтауға;

3) қызметтің қоғамдық маңызы бар орталарда бекітілген ортақ мемлекеттік стандарттарды ұстануы керек;

4) азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге тиісті.

Маслихаттар мен әкімшіліктерге Қазақстан Республикасының шегіндегі тауарлар мен қызметтерді еркін айырбастау, қаржы, капитал, еңбек нарығының бірліктерін қалыптастыруға кедергі болатын шешімдерді қабылдауға рұқсат берілмейді.

Маслихаттар мен әкімшіліктермен қабылданатын территорияның даму жоспарлары Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық жоспарларына сәйкес болуы керек.

Павлодар облысының әкімінің әкімшілік құрамы:

- облыс әкімі;

- облыс әкімі бірінші орынбасары;

- коммуналдық мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары;

- ауыл шаруашылық мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары;

- әлеуметтік мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасары;

- облыс әкімінің әкімшілігінің жетекшісі.

Павлодар облысының әкімінің қызметтік міндеттері.

1) Павлодар облысының территориясында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс;

2) аудан және қала әкімдері мен жергілікті атқарушылық органдардың жұмыстарын үйлестіруді, Қазақстан Республикасының Үкіметінің бағдарламалары мен Президент саясатын іске асырудағы Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының территориялық бөлімдерінің келісіп қызмет етуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президенттің қабылдаған актілері мен заңдарын, басқа да ҚР нормативтік актілерін орындауды, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сыбайлас жемқорлықпен, қылмыспен, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы жүргізілетін күрес, және де әлеуметтік – экономикалық дамудың аймақтық және салалық бағдарламалардың жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің және Президентінің өкілі ретінде Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзіңдік басқару заңнамасымен қарастырылған жағдайларда аймақ мәселелерін мемлекет Парламентіне, орталықтандырылған мемлекеттік органдарға, сыртқы экономикалық қызметтерге ұсына алады, және де аймақ аралық байланыстарды дамытуға әсерін тигізеді;

4) Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігімен, Үкіметпен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен, облыстық маслихатпен әсерлеседі;

5) Сәйкес адамдарға құрметтi және басқа атақтарды бекітуге, мемлекеттік сыйлықтармен марапаиттау туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс жасайды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушылық органдардың басшыларының және аудан әкімдерінің (облыстық маңызы бар қалалардың) тәртіптік жауапкершіліктеріне қатысты шаралар бойынша мәселелерді қарастырады;

7) Облыстық маслихатқа «Облыстың құрметтi азаматы» атты атақты тағайындау туралы ұсыныс жасайды;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымдарының негізінде аймақтағы атқарушылық органдар жүйесін қалыптастырып, кадрлық саясат мәселелерін білуге тиіс, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша заңнамаларды жетік білуі тиіс;

9) Қалалық және аудандық әкімшіліктер мен әкімдердің жұмысын үйлестіреді;

10) Бюджеттік саясат аясында және бюджет аралық қатынастарға ортақ жетекшілік етеді, орталық мемлекеттік органдардың территориялық бөлімшелерімен салықтық және бюджеттік әкімшіліктендіру, қаржылық бақылау және экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша әсерлеседі;

11) Саяси мемлекеттік қызметкерлерді (облыс әкімінің орынбасарын, облыс әкімінің әкімшілік жетекшісін – мемлекеттік органның жоғары дәрежелі өкілетті оргынының келісімі бойынша, аудандар мен қалалардың әкімдерін – қала және аудан маслихаттарының келісімі бойынша), облыс әкімінің әкімшілігінің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерін, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушылық органдардың жетекшілерін тағайындайды, ал егер де Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген арнайы киім-кешекті кию құқығы мен әскери және басқа да арнайы атақ иеленген болса, ондай жағдайлар әкім қызметіне қатысты болмайды;

12) Қазақстан халықтарының Ассамблеясын, облыстық бюджеттік комиссияны, облыстың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша кеңестік органдарды, жемқорлықпен күрес бойынша мәселелердің комиссиясын, заң бұзушылықтарды жою бойынша мекеме комиссияларды басқарады;

13) Сәйкесінше келесідей қызметтерді басқарады:

- облыс әкімінің орынбасарларының;

- облыс әкімінің әкімшілігінің жетекшілерінің;

- облыс әкімінің прессалық қызметін;

- облыстың экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасын;

- облыстың қаржылық басқармасын;

14) Облыстық сотпен, облыстық прокуратурамен, облыс бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Қомитетінің департаментімен, облыстың ішкі істер департаментімен, облыс бойынша экономикалық және жемқорлық негіздегі қылмыстармен күресу департаментімен (қаржы полициясы), облыстың әділет департаментімен, қорғаныс істері бойынша департаментімен, облыс бойынша кедендік бақылау департаментімен, облыстың салық департаментімен тығыз байланыста болады.


Бақылау сұрақтары
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымын сипаттаңыз

2. «Маслихат» және «әкімдік» түсініктеріне сипаттама беріңіздер


5 Үкіметтің және басқарудың өкілетті және атқарушы органдарының қызметтерінің ұйымдастырушылық негіздері
5.1 Маслихат қызметтің ұйымдастыру негіздері

«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес, маслихаттар тұрақты коиссиялар, және де басқа да органдар арқылы, маслихат сессиясының төрағасымен, маслихат депутаттары мен хатшылары арқылы сессияларда өз өкілеттіліктерін орындайды.

Маслихат қызметінің негізгі сипаты сессия болып саналады. Егер де сессияда маслихаттың ортақ депутаттар санының үштен екі бөлігі қатысқан болса, онда сессия құқықты болып саналады.

Маслихат:

1) маслихат сессиясының төрағасын, маслихат хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың есептерін тындайды;

2) маслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарды құрады, олардың төрағаларын тағайындап, қызметтен босатып отырады, олардың атқарған жұмыстары бойынша есептерін тындайды;

3) маслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды анықтайды, ревизиялық комиссияның актілерін бекітеді;

4) маслихат аппаратының қызметін бекітеді, сандық шектеулер мен қаражат бөлулердің лимитіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекіту шегінде материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етеді және олардың шығындарын анықтайды. Маслихат аппаратының мемлекеттік қызметкерлерінің штаттық санының лимиті сәйкес келетін депутаттардың санына сай болуы керек, яғни бір қызметкерге бес депутаттан келеді, бестен аз болмау керек;

5) маслихат регламентін бекітеді;

6) депутаттардың тапсырысын қарастырып, олар бойынша шешімдер қабылдайды;

7) оның жұмысын ұйымдастыру бойынша басқа да шешімдерді қабылдайды.

Маслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалды-техниклық және басқа да маслихат пен оның органдарының қамтылуларын іске асырады, депутаттардың өз өкілеттерін орындауға көмек көрсетеді.

Егер де берілген маслихатқа анықталған депутаттардың ортақ санының төртен үш бөлігі қатысқан жағдайда, маслихаттың бірінші сессиясы сәйкес территориялық сайлау комиссиясының төрағасымен маслихат депутаттарының тіркелген күнінен бастап отыз күн ішінде өткізіледі.

Кезекті маслихат сессиясы маслихат сессиясының төрағасымен жылына төрт рет ған өткізіледі. Ал маслихаттың кезектен тыс сессиясы депутаттардың ортақ санының үштен бір бөлігі, және де әкімнің ұсынысымен өткізіледі.

Маслихаттың сессиясы пленарлық мәжiлiстер түріе жүргiзiледi. Егер де сессияда маслихаттың ортақ депутаттар санының үштен екі бөлігі қатысқан болса, онда сессия құқықты болып саналады. Шешім депутаттардың ортақ санының басым дауыс беруі арқылы қабылданады.

Маслихат сессиясы, әдетте, ашық түрде болады. Жабық сессияларды жүргізу тек маслихаттың шешіміне ғана байланысты болады.

Сәйкес әкімшілік-территориялық бірліктердің территорияларында орналасқан жергілікті атқарушылық органдардың басшылары және басқа қызметтік тұлғалар маслихат сессиясының төрағасының шақыруы бойынша маслихаттың қарастыруына қажетті мәселелер бойынша толыққанды ақпарат беру үшін маслихат сессиясына қатысуға міндетті.

Маслихат өзінің өкілеттілік мерзіміне байланысты тұрақты комиссияларды құрады. Олардың саны жетіден аспауы керек. қажеттілік туған жағдайда маслихат жаңа, қайта құрылған және тұрақты комиссияларды қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссиялар жылына бір рет өзінің қызметі бойынша есеп береді.

Тұрақты комиссиялар өз еркі бойынша және маслихат шешімі бойынша көпшілік алдында сөз сөйлей алады. Көпшілік алдында сөз сөйлеу дегеніміз депутаттардың, атқарушылық орган өкілдерінің, ұйымдар мен ақпарат көздерінің, азаматтардың қатысуымен болатын осы комиссиялардың кеңейтілген отырыстар түріндегі тұрақты комиссиялармен жүргізілетін өте маңызды және қоғамдық мағынасы бар мәселелерді талқылауды көздейтін халық алдындағы сөз сөйлеу түрі.

Тұрақты комиссиялардың құқықтары:

1) белгілі маслихаттың сессиясындағы күн тәртібіне қойылған және де тағы да басқа маслихат сессиясында қарастырылған кез-келген мәселелер бойынша маслихат хатшысына, маслихат сессиясының төрағасына, маслихаттың өзіне ұсыныстар енгізу;

2) маслихат сессияларында қарастыруға енгізілген мәселелер бойынша қорытындылар жасау;

3) маслихат сессияларында қарастырылуға ұсынылған мәселелер бойынша баяндамалар жасау;

4) өз құзырының шегінде маслихатқа жергілікті атқарушылық органдарының басшыларының есептерін сессияда тындауға ұсыныс жасау;

5) комиссия жұмысына маслихаттың басқа депутаттарын, сонымен қатар, мемлекеттік орган өкілдерін, ұйымдар мен жергілікті өзің-өзі басқару органдарын және де азаматтарды еліктіруі керек.

Жергілікті бюджетті пайдалануды бақылау үшін маслихат өз өкілеттілігінің мерзімінің шегінде ревизиялық комиссияны құрады. Ревизиялық комиссияның мүшелерінің саны маслихатпен анықталады. Ревизиялық комиссияның төрағасын маслихат депутаттар қатарынан тағайындайды. Ревизиялық комиссияның қызметіне келісім шарттық негізде болатын маслихат депутатының қызметін атқармайтын азаматтар да тағайындалуға құқылы. Ревизияның қорытындысы бойынша ревизиялық комиссия акт құрастырады, ол туралы маслихат пен акиматты ақпараттандырады. Ревизия жылына бір рет қана жүргізіледі.

Маслихаттын талқылауына қатысты мәселелерді сессияда қарастыру және дайындау мақсатында маслихат хатшысы немесе маслихат уақытша комиссияны құруға құқылы болады. Уақытша комиссиялардың құрамы, амалдары, өкілеттілік мерзімдері, олар құрылған жағдайларда маслихатпен анықталады.

Маслихат сессиясының төрағасы маслихат депутаттарының ортақ санының көпшілігінің ашық түрде дауыс беруімен сайланады. Алдағы маслихат сессиясының төрағасы өткен маслихат сессиясында тағайындалады. Егер де сессия төрағасы болмаса, онда оның қызметін уақытша маслихат хатшысы атқарады. Маслихат депутаты.бір жылдың ішінде маслихат сессиясының төрағасы болып екі реттен асып сайланбайды. Маслихат сессиясының төрағасы:

1) маслихат сессиясының шақырылуы туралы шешім қабылдайды;

2) маслихат сессиясының дайындығына басшылық етеді, сессияның күн тәртібін құрастырады;

3) маслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, маслихаттың регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

4) маслихат сессиясында қабылданған және бекітілген маслихат шешімдеріне, хаттамалар мен басқа да құжаттарды рәсімдейді.

Маслихат сессиясының төрағасы егер де маслихат отырысныда дауыс беру барысында депутаттардың дауыстары тең бөлінсе, онда ол шешуші дауыс құқығын пайдалана алады.

Маслихат хатшысы қызметтік тұлға болып, әркез жұмыс істеуге тиісілі.оны жалпы депутаттардың ішінен ашық немесе құпия дауыс беруде басым даысқа иеленгеннен кейін тағайындайды, және де ол қызметінен маслихат сессиясында босатылады. Маслихат хатшысы маслихаттың қызмет ететін мерзіміне қатысты тағайындалады.

Маслихат хатшысының қызметтері:

1) маслихат сессиясының дайындығын жүргізеді, және ода қарастырылатын мәселелерді әзірлейді, хаттамалардың құрылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар сессия төрағасымен бірге қорытынды шешімдерді, басқа да қабылданған немесе маслихат сессиясында бекітілген құжаттарға қол қояды;

2) маслихат депутаттарына өз қызметтерін атқаруға көмектеседі, оларды қажет ақпаратпен қамтиды, маслихат сессясына қатысуға, оладың түрақты комиссияларының басқа да органдардың, сайлау округтерінің жұмысына қатысуға қажетті қызметтік міндеттерін орындауға депутаттарды босатуға септігін тигізеді:

3) депутаттардың сөз сөйлеуі мен депутаттардың тапсырыстарын қарауды бақылап отырады;

4) маслихат аппаратының қызметін басқарады, оның қызметкерлерін жұмысқа тағайындап, қызметтерінен босатып отырады;

5) сайлаушылардың ұсыныстары жайлы ақпарат пен оларды жүзеге асыру бойынша мәліметтерді маслихатта әркез хабарлап отыру керек;

6) маслихаттың жергілікті өзің-өзі басқару органдарымен әрекеттесуін ұйымдастырады;

7) өз компетенцясының шегіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;

8) маслихаттың тұрақты комиссияларының, депутаттық топтар мен басқа да органдардың қызметтерін реттеп отырады;

9) маслихаттың мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзің-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарын бақылайды;

10) маслихат шешімдерінің баспа беттеріне шығуын қамтамасыз етеді, олардың іске асуын бақылап отырады;

11) маслихаттың шешімі бойынша басқа қызметтерді атқарады.

Маслихат хатшысы маслихаттың тұрақты комиссияларының құрамында бола алмайды.

Маслихат депутаты ортақ мемлекеттік қызығушылықтарды ескере отыра сәйкес әкімшілік-территориялық бірліктердегі халықтың еріктерін ескеруі тиіс. Маслихат депутаттының қызметі әйкес территориялық сайлау комиссиясының маслихатының депутаты ретінде тіркелген күннен басталса, маслихат қызметі тоқталған сәттен бастап, оның да өкілеттілігі аяқталады.

Маслихат депутаттының қызметі уақытынан бұрын келесідей жағдайларда ған тоқтатылады:

1) депутаттық қызметті атқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкін есем болған жағдайда депутаттық қызметке тағайындала алмайды;

2) депутаттың іске қабілетсіз деген сот шешімі заңдық күшке еңген күннен бастап;

3) маслихат қызметтері тоқтағанда;

4) депутаттың өліміне байланысты;

5) Қазақстан Республикасының азаматығын жоғалтқан жағдайда;

6) депутатқа қатысты соттың жазалаушы жарғысы заңдық күшке еңген күннен бастап;

7) сәкес әкімшілік-территориялық бірліктің шегінен түрақты мекен етуге көшіп кеткен жағдайда;

8) депутаттың өз еркі бойынша жұмыстан босатылуына байланысты;

9) депутаттың өз қызметтерін жүйелі түрде орындамауына байланысты, соның ішінде маслихат сессиясының жоспарлы отырыстарына еш қандай маңызды себепсіз үш реттен артық босатқан жағдайда.

Депутаттың мерзімінен бұрын өз қызметінен босатылуы туралы шешім сәйкес территориялық сайлау комиссиясының ұсынылуымен отырысқа қатысушы депутаттардың ортақ санының басым дауыс дауыс беруімен жүзеге асады.

Мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын, өз қызеттерін тұрақты немесе еркін негізде жүргізетін маслихат депутаттары, педагогикалық, ғылыми және тағы да басқа шығармашылық қызметтен басқа кәсіпкерлік қызметпен, шаруашылық субъектілерді басқаруға, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысуға құқылы емес.

Депутат құқықтары:

1) маслихат сессиясының төрағасы болып, маслихат хатшысы болып, ревизиялық комиссияның төрағасы болып, тұрақты комиссияның мүшесі немесе төрағасы болып және де басқа да маслихат органдаына тандалып алынады және тандай алады;

2) маслихат сессиялары мен олардың тұрақты комиссияларына және де басқа да органдарға өзекті мәселелерді ұсынып, оларды қарастыру және олар бойынша шешімдер қабылдауға қатысуға құқылы;

4) өз округінің сайлаушыларымен, ұйымдармен және де жергілікті өзің-өзі басқару органдарымен кездесулер мен жиналыстар жүргізуге құқылы;

5) маслихат құзыретіне қатысты мәселелерді сәйкес маслихаттың территориясында орналасқан ұйымдар мен жергілікті атқару органдардың қызметтік тұлғаларының есеп берулерін сессияларда тындап, өз ұсыныстарын келтіруге құқылы;

6) сәйкес әкімдіктердің жұмысына қатысуға құқылы;

7) маслихат отырыстарының және оның органдарының хаттамалары мен стенограммаларымен таысуға құқылы;

8) фракциялар мен депутаттық топтар түріндегі депутаттық бірлесіктеді құруға құқылы;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалары мен маслихат регламентіне тиісілі басқа қызметтерді іске асыруға құқылы.

Депутат міндеттері:

1) өзі тандалып тағайындалған маслихаттың және органдарының жұмысына қатысуға міндетті;

2) өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыста болуға, маслихат жұмысы мен оның тұрақты комиссияларының және басқа да органдарының, маслихат шешімдерінің орындалуы жайында жылына бір рет есеп беруге, сонымен қатар өзінің депутаттық қызметі жайында және маслихат шешімдерін орындауды ұйымдастыру мен бақылауға қатысуы жайында халық алдында есеп беріп отыруға міндетті;

3) сайлаушылардан келіп күскен шағымдады қарап, әркез азаматтардың жеке қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті;

4) сәйкес әкімшілік- территориялық бірлікте мекен етуге міндетті.

Маслихат өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген мерзімдердің аяқталуына қатысты, немесе Қазақстан Республикасының Президентінің уақытынан бұрын қызметін тоқтату туралы шешімі бойынша, не болмаса маслихаттың тарқатылуы жайында өз шешімі бойынша тоқтатылады.
5.2 Әкімдік қызметінің ұйымдастырушылық негіздері

2001 жылдың 24 сәуіріндегі № 546 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен бекітілген облыс әкімдігінің (мемлекеттік маңызы бар қалалар, астаналар) Типтік регламентіне сәйкес, әкімдіктің құрамын әкім бекітеді, сондықтан әкімдік әкім орынбасарынан, әкім аппаратының жетекшісінен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушылық оргнадардың бірінші жетекшілерінен тұрады. Әкімдіктің мүшелерінің санын әкім өзі анықтайды. Әкімдіктің дербес құрамын әкім анықтап, оны облыстық маслихаттың (мемлекеттік маңызы бар қалалар, астаналар) сессиясының шешімімен келісіледі.

Әкімдіктің отырыстарында ұсынуға арналған квартал сайын қарастырылатын мәселелердің тізімі облыстық бюджеттен қаржыландырылатын (мемлекеттік маңызы бар қалалар, астаналар) әкімдік мүшелері мен атқарушылық органдардың жетекшілерінің ұсыныстарымен аппаратта құралатын болған.

Әкімдіктің отырысында қарастырылуға жоспарланаған мәселелердің тізімін әкім бекітеді. Бектілген тізім әкімдіктер мүшелеріне, қажет болған жағдайда атқарушыдық орган жетекшілеріне, қалалар мен аудандар әкімдеріне, және басқа да қызметтік тұлғаларға таратылады.

Әкімдіктің отырысы әкіммен айына бір рет жүргізіледі. Әкімдіктердің отырыстарында төрағалық ететін-әкім, ал ол болмаған жағдайларда әкімнің уақытша міндетін атқарушы орынбасары болады. Әдетте, әкімдіктің отырыстары ашық түрде, және мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда жекеленген мәселелер жабық отырыстарда қарастырылуы мүмкін. Егер де әкімдік отырысына әкімдік мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда ол құқықты болып саналады. Отырыста қарастырылған мәселелер бойынша шығарылған шешімдерге қаулы жасалынады. Қаулы әкімдіктің қатысушыларының басым санымен қабылданады.

Әкімдіктің отырысында әкіммен бекітілген тізім бойынша келесі қызметтік тұлғалар қатыса алады, яғни, Қазақстан Республикасының Парламентінің, маслихатының депутаттары, қала, аудан әкімдері, кеңесіп дауыс беруге құқығы бар орталық атқарушылық органдардың территориялық бөлімшелерінің жетекшілері қатыса алады.

Әкімдіктің отырысында хаттама жүргізіледі, онда қатысушы қызметтік тұлғалар тізімі, қарастырылатын мәселелердің атаулары, баяндаушылар мен сөз сөйлеушілердің жалпы тізімі, ескертулер мен әкімдік мүшелерінің қабылдаған қаулысы жазылады. Негізі отырыстың стенограммасы жүргізіледі, яғни отырыста қарастырылатын мәселелер электрондық нұсқа түрінде болады.

Хаттама әкімдік отырысы аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде сәйкес әкімдік бөлімшесімен рәсімделеді, оған отырыста төрағалық еткен тұлға мен әкімдік жетекшісі қол қояды.

Әкімдік отырыстарының хаттамаларына күнтізбелік жылға сай келетін реттік нөмірлер жазылады. Хаттамалар немесе олардың көшірмелері оларға қол қойған күннен бастап, әкімдік мүшелеріне, керек болған жағдайда отырыста тапсырма берілген қызметтік тұлғалар мен басқа да органдарға таратылады. Таратылулардың тізімі аппарат жетекшісімен бекітіледі.

Әкімдік отырыстарының хаттамалары (түпнұсқалары) және оларға қатысты құжаттар аппаратта сақталады. Әкімдік отырыстарының хаттамалары (түпнұсқалары) және оларға қатысты құжаттар уақытша сақталу мерзімі өткеннен кейін мұрағатқа тапсырылады.

Әкімдікке шешім қабылдау үшін ұсынылған ұсыныстар атқарушылық органдармен келесідей жағдайларда еңгізіледі:

1) мәселенің қорытындысы әкімдіктің құзырына еңген болса;

2) жергілікті атқарушылық органдардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болған жағдайда;

3) мәселенің шешілуі жергілікті атқарушылық органдар мен орталық атқарушылық органдардың территориялық бөлімшелерінің қызметтерінің үйлесуін талап еткен жағдайларда.

Әкімдік қаулыларының жобаларын, әкімнің шешімдері мен бұйрықтарын дайындау аппарат пен жергілікті атқарушылық органдармен жүзеге асады. Жобалар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалынып, сәйкес органдармен келісіледі, оларға бірінші жетекшілері немесе олардың орынбасарлары қол қояды.

Жобаға «түзетулер» еңгізу керек болған жағдайда, бірінші жетекшілері немесе олардың орынбасарлары қол қойған келіспеушіліктерге анықтама қосылып беріледі.

Жобаларды жасау барысында әкім орынбасары және аппарат жетекшісінің немесе оның орынбасарларының арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда отырыс ұйымдастырылады, оның қорытындылары хаттамалармен рәсімделеді.

Келісімдерге қол жеткізілгеннен кейін сәйкес орган бекітілген мерзімдерде жобалардың іске асуын жалғастырады, және оны қол қоюға жібереді. Қарастырылып отырған мәселе бойынша келісімге келмеген жағдайда әкім орынбасары, аппараттың жетекшісі нақты бір шешім қабылдау үшін ол туралы әкімге, немесе оның орнын алмастыратын қызметтік тұлғаға хабарлауы тиіс.

Жобалар міндетті түрде келесідей тұлғалармен келісіледі:

1) өз құзырына байланысты осы жобаға қызығушылық білдірген атқарушылық органдар, алайда, жобаны келісуге деген осындай қызығушылық қарастырылатын мәселелердің мағынасына байланысты болады;

2) қаржы аймағындаға сәйкес атқарушылық органдармен - қаржылық тұтастылық пен қаржыландыру жобаларының қамтылу мәселелеріне байланысты;

3) экономика қатысты сәйкес атқарушылық органдармен - экономикалық тұтастылық мәселелері бойынша және мемлекеттің немесе аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес.

Келісім мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны жасаушы барлық қызығушылық білдірген жақтардың ұсыныстарын жобаның қорытынды нұсқасына біріктіреді (ескертулерді дұрыстайды). Сондықтан да қорытынды нұсқаны дайындау үрдісінде жоба жасаушы міндетті түрде өзі келіскен атқарушы органдардың ескертулерін жоюға міндеттенеді.

Жобамен бірге түсініктеме хат келтірілу керек, онда келесідей ақпарат болады: осы жобаны қабылдау туралы негіздеме, әлеуметтік-экономикалық қорытындылары, егер де қабылдайтын болса, сонымен қатар іске асырумен байланысты мүмкін болатын қаржы шығындары, және де осыған дейін әкім мен әкімдіктің қандай актілері қабылданып, қалайша олар орындалды деген мәліметтер келтіріледі.

Егер де акт жобалары нормативтік сиатта болса немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысы болса, жоба жасаушы түсініктеме хатта нақты мақсаттарды, оларды іске асыру мерзімдері мен келтірілген ұсыныстардың әсерліктерін көрсете білу керек. ал егер әкім немесе әкімдік осы актілерді қабылдаса жоба жасаушы іске асыру қорытындысы бойынша өзінің жасаған әрекеттерінің қорытындысы ретінде және уақытында орындалғаны жайында қысқаша есеп беру керек.

Жасалынғын (аяқталған) жоба (оған сәйкес материалдарымен) әкімдікке сараптама жүргізу үшін және жоба бойынша қорытынды жасау үшін жіберіледі.

Әкімдікте тіркелу алдында жоба іс-жүргізудің талаптарына сай келетіндігі бойынша тексеруден өтеді.

Іс-жүргізудің талаптарына жоба сай келмеген жағдайда әкімдік тіркеуден бұрын жобаны оны жасаушыға қайтарып беруге құқылы.

Тіркелгеннен кейін жоба оның мәтінінің мемлекеттік және орыс тіліндегі қайталанбауы бойынша сараптамадан өтеді. Сараптаманың жүгізілу мерзімі жобаның әкімдікте тіркелген күнінен бастап 3 жымыс күнінен аспауы тиіс.

Әкімдік тексеру барысында мәтіннің сай келмеуіне байланысты, сараптаманың қорытындысы бойынша немесе оның жүргізілуі бойынша жоба жасаушыға келесідей негіздемелер бойынша толықтыруға қайтарып беруге құқылы:

1) мәтінің мемлекеттік және орыс тіліндегі қайталанануы бойынша;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеген жағдайда;

3) кәдімгі Регламенттің талаптары бұзылған жағдайда.

Кері эксперттік қорытынды басқа да себептер бойынша болса, онда жоба қайтарылмайды.

Жобаны әкім орынбасарларымен келісуі бөлінген міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады. Егер де оларда мағыналық сипаттағы ескертулер пайда болған жағдайда, әкімнің орынбасарлары отырыс ұйымдастырып, оның қорытындыларын хаттамамен бекітеді.

Жоба әкімдікте сараптаманы өткеннен кейін аппарат жетекшісімен әкімге немесе оның орынбасарына осы жоба бойынша шешім қабылдауға жіберіледі.

Әкімдіктің жарғысы, қорытындысы және әкімнің бұйрығы әкіммен ғана рәсімделеді. Рәсімделген әкімдіктің жарғысы, қорытындысы және әкімнің бұйрығы әкімдікпен тарату әкімдігінің бекітілген жетекшісімен таратылады.

Әділет органдарында тіркелуге міндетті әкімнің немесе әкімдіктін актілері тіркелгеннен кейін таратылады.

Әкімдіктің жарғысы, қорытындысы және әкімнің бұйрықатрының түпнұсқасы әкімдікте сақталады.

Дұрыс таратылуына және уақытылы шығарылуына деген жауапкершілікті әкімдік өзіне жүктейді.

Ортақ міндетті мағынасы бар, ведомство аралық сипаттағы, және де еркіндігін, міндеттерін, құқықтарына қатысы бар әкімнің және әкімдіктің барлық актілері әділет органдарында тіркелуі тиіс, сонымен қатар маслихат пен әкімнің шешімімен жарлық етуге анықталған үн қағаздар мен басқа да баспа беттеріне шығуға міндетті

Әкім мен әкімдікпен келтірілген нормативтік құқықтық актілермен (тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын құпиялардан басқалары) танысуға қызығушылық білдірген тұлғаларға ұсыну әкімдік жетекшісі анықтаған тәртіп бойынша әкімдікпен жүзеге асырылады.

Заңнамалық актілердің орындалуы, Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, әкім мен әкімдіктердің актілерін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 қазанындағы № 4094 «Қазақстан Республикасының Президентінің актлерін рәсімдеуге, дайындау мен келісу тәртібі бойынша бұйрығын бекіту және актілерді орындауды бақылау туралы» Жарғысымен және де басқа да Қазақстан Республикасының Президентінің бұйрықтарымен ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, әкім мен әкімдіктерінің заңнамалық актілері және міндетті тұлғалар мен мемлекеттік органдардың басқа да бұйрықтары бақылауға алынады.

Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, әкім мен әкімдіктерінің заңнамалық актілерінің уақытылы және сапалы түрде орындалуына жауапкершілік олар бағытталған атқарушылық органдардың жетекшілеріне жүктеледі.

Әкім мен оның орынбасарларының бұйрықтарында құжаттарды орындау мерзімдері көрсетіледі. Егер де мерзім көрсетілмеген болса, құжат түскен күннен бастап бір ай көлеміндегі мерзім бекітіледі, ал егер де «жедел» деген гриф көрсетілген болса,ғ он күндік мерзім бекітіледі.

Егер бұйрық мерзімге сай орындалмаса бұйрықты орындауға жауапты органның бірінші жетекшісі (немесе оның орынбасары) оның кідіру себептері туралы хабарлап, бекітілген тәртіп бойынша оның орындалу мерзімін ұзартуға жағдай жасау керек. бұйрықтың орындалу мерзімін ұзарту екі реттен артық берілмейді.

Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, әкім мен әкімдіктерінің заңнамалық актілері мен бұйрықтарының орындалуы туралы әкімдік жүйелі түрде хабарлап отыру керек,

Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің, әкім мен әкімдіктерінің заңнамалық актілері мен бұйрықтарының бұзылу тәртіптері анықталған жағдайда әкім орынбасарлары, әкімдік жетекшілері кінәлі жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы болады.
Бақылау сұрақтары
1. Маслихат қызметі қандай?

2. Әкімдік қызметінің ұйымдастырушылық негіздерін ашып көрсетіңіз


6 Жергілікті басқару органдарының қызметіндегі жоспарлау
6.1 Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлі

Қоғамда жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық үрдістерді басқару жүйесінде олардың бағыттары мен динамикасын реттеу, нарықтың барлық субъектілерінің дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етуде жоспарлау маңызды қызмет атқарады.

Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.

Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалық (нұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалық (нұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты. Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика).

Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды.

Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады. Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соң Францияда, Нидерландта, Норвегияда, Жапонияда қолданылды, 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары Швецияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Италияда, Бельгияда, Германияда, Испанияда, 70-жылдары АҚШ пен Канадада кең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991–98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды. Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың таяу болашақтағы ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындаған “Қазақстан-2030” Жолдауының маңызы зор болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды.

Сонымен қатар, қазіргі нарық жағдайында кез-келген кәсіпорын мен ұйымға ұзақ мерзімді мақсаттарының бар болуы, узқ уақытты перспективадағы мақсатты дамуды жоспарлау маңызды болып саналады.

Қазіргі уақытта жоспарлау түрлері сан қилы. Оларды мына себептер бойынша ажыратады:

а) жоспарлау деңгейі бойынша: мемлекет аралық, ортақ мемлекеттік, салалық және аймақтық;

б) жоспарлау горизонты бойынша: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және ағымдық;

в) шешілетін мәселелер бойынша: стратегиялық және тактикалық.

Жоспарлау басқару жүйесінің алғашқы элементі бола тұра мемлекеттің, оның жеке субъектілерінің саясатын іске асырудың басты құралы болып саналады.

Қоғамда жиі кездесетін экономикалық және әлеуметтік үрдістердің динамикасының өсуіне байланысты, ішкі және сыртқы нарықтағы коньюнктураның тез өзгеруі және ұзақ мерзімді перспективада қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты макро эәне аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлаудың рөлі күрт өсіп отыр.

Стратегия дегеніміз бөлшекті жан-жақты кешендік жоспар, ол ұйымның миссияларын орындауға және оның мақсаттарына жетуді қамтамасыз етіп отырады.

Стратегиялық жоспар ұзақ мерзім аралығында тұтас болып қалу үшін емес, сонымен қатар керек жағдайда оның модефикациясы мен қайта бейімделуін қамтамаыз ету үшін иілгіш болып келу керек. ортақ стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарастыру керек, яғни ол ұзақ мерзімдік кезен аралығында ұйым қызметін бағыттап отырады, және де әр кез ауысып отыратын іскерлік және әлеуметтік жағдайлар тұрақты өзгертулерден ауытқып кетудің мүмкін есестігін көрсететіне есеп беріп отырады.


6.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі

2009 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау туралы» Жарлығы бекітілген (әрі қарай – Жарлық).

Жарлықтың негізгі мақсаты – қазіргі уақытта енгізіліп отырған, нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізгі тәсілдемелерінің құқықтық бекітілуі.

Жарлық Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жұмыс жасау механизмі мен негізгі қағидаттарын белгілейді.

Жарлықта анықтама былай беріледі, Мемлекеттік жоспарлау дегеніміз – мемлекет дамуын ұзақ мерзімді және орташа мерзімді кезеңде қамтамасыз ететін қағидаттардан, құжаттардан, үдерістерден және мемлекеттік жоспарлаудың қатысушыларынан тұратын өзара байланысқан элементтер кешені.

Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:


      1) бiрлiк және тұтастық – мемлекеттiк жоспарлау саласындағы заңнаманың, Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу принциптерiнiң бiрлiгi, мемлекеттiк жоспарлау процесiн жүзеге асыру тәртiбiнiң бiрлiгi;

2) iшкi теңгерiмдiлiк – Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi құжаттарының даму мақсаттары, мiндеттерi және нәтижелер көрсеткiштерi бойынша бiр-бiрiмен келiсiмдiлiгi;

3) нәтижелiлiк және тиiмдiлiк – мақсаттарды, мiндеттердi және нәтижелер көрсеткiштерiн таңдау барынша дұрыс (нәтижелi) болуға, ағымдағы ахуалды терең талдауға және ресурстарды барынша аз жұмсай отырып, қойылған нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiне негiзделуге тиiс;

4) мiндеттердi шешу жолдарын таңдау дербестiгi – мемлекеттiк жоспарлау процесiне қатысушылардың мақсаттарға қол жеткiзу жолдары мен әдiстерiн таңдаудағы және өз құзыретi шегiнде елдiң даму мiндеттерiн шешудегi дербестiгi;

5) мемлекеттiк жоспарлау процесiне қатысушылардың жауапкершiлiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде мiндеттердi шешудiң тиiмсiздiгi және күтiлетiн нәтижелерге қол жеткiзiлмегенi үшiн жауапкершiлiктi қамтамасыз ету;
      6) айқындық (ашықтық) – мемлекеттiк құпияларға жататын ақпаратты қамтитын ережелердi қоспағанда, Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын мiндеттi түрде жариялау;

7) шынайылық және нақтылық – Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарында белгiленген даму мақсаттарына қол жеткiзудiң негiзделген мүмкiндiгi, сондай-ақ мемлекеттiк жоспарлау процесiнде пайдаланылатын нәтижелер көрсеткiштерiнiң негiздiлiгi;

8) үздiксiздiк, сабақтастық және дәйектiлiк – Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң сатылы сипаты, яғни жоғары тұрған құжаттардың мақсаттарына, мiндеттерiне, нәтижелер көрсеткiштерiне кол жеткiзудiң сәттiлiгi төмен тұрған құжаттарды жоспарлау мен олардың мақсаттарына, мiндеттерiне, нәтижелер көрсеткiштерiне кол жеткiзудiң сапасына және уақтылығына байланысты, сондай-ақ оның жұмыс iстеуiнiң үздiксiз тетiгi;

9) ресурстық қамтамасыз етiлу – қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының негiзгi бағыттары бойынша қаржыландыру көздерi мен көлемiн, адами, басқа да материалдық және материалдық емес ресурстарды айқындау.

Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына мыналар жатады:
      1) Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясы;
2) Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, елдiң аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамдық схемасы;

3) 5–10 жылға арналған мемлекеттiк бағдарламалар;

4) 5 жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы;
5) аумақтарды дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасы;
      6) мемлекеттiк органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары;
      7) 10 жылға арналған даму стратегиясы және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық басқару холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың 5 жылға арналған даму жоспарлары;

8) салалық бағдарламалар;

9) 3 жылға арналған республикалық (жергiлiктi) бюджет.
Қазақстан Республикасының Президентi елдегi жағдай мен Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайын Жолдау арнайды. Мемлекет басшысы Жолдауының ережелерi Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын түзету үшiн негiз болып табылады.

Жолдаудың ережелерiн iске асыру мақсатында тиiстi жалпыұлттық iс-шаралар жоспары әзiрленедi.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуден бұрын тұжырымдамалар (доктриналар) әзiрленуi мүмкiн. Тұжырымдама (доктрина) белгiлi бiр саланы дамытудың жалпы пайымы, тиiстi мемлекеттiк саясатты өзгерту қажеттiлiгiнiң негiздемесi, аталған саланың проблемалық мәселелерiн шешудiң ұсыныстары мен жолдары көрiнiс табатын құжат болып табылады.

Тұжырымдаманы (доктринаны) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi не тиiстi консультативтiк-кеңесшi орган бекiтедi немесе мақұлдайды.

Тұжырымдаманы (доктринаны) әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша айқындайды.

Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын iске асыру мақсатында елдiң тиiстi кезеңге арналған Аумақтық-кеңiстiктiк дамуының болжамдық схемасы әзiрленедi. Болжамды схема - бұл елдiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшiн өндiрiстiк күштердi, көлiк-коммуникациялық, әлеуметтiк және басқа инфрақұрылымды оңтайлы орналастыру және ел халқын өңiрлер тұрғысынан таратып орналастыру жүйесi.

Мемлекеттiк бағдарламалар Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын iске асыру мақсатында 5–10 жылға арналып әзiрленедi.

Мемлекеттiк бағдарлама – бұл белгiлi бiр қызмет саласын дамытудың стратегиясын, стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерi мен қажеттi ресурстарды көрсете отырып, күтiлетiн нәтижелерiн айқындайтын жалпыұлттық, салааралық сипаттағы құжат.

Мемлекеттiк бағдарламаны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен тиiстi мемлекеттiк орган әзiрлейдi.

Мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Мемлекеттiк бағдарламалар жобаларының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

Мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Мемлекеттiк бағдарламаның iске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi жүзеге асырады.

Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға мониторинг пен оны бағалауды мемлекеттiк орган – әзiрлеушi, мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүргiзедi. Iске асыру мониторингi мен оны бағалау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк бағдарлама мен оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары түзетiлуi мүмкiн.

Аумақтарды дамыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы негiзiнде бес жылдық кезеңге арналып әзiрленедi.
      Аумақтарды дамыту бағдарламасы, олардың көрсеткiштерi, қажеттi ресурстар көрсетiле отырып, өңiрдi дамытудың негiзгi бағыттарын, мақсаттарын, мiндеттерiн, күтiлетiн нәтижелерiн қамтиды.
Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы әзiрлейдi.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын облыстық мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмiмен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлейдi.

Аумақтарды дамыту бағдарламасын жергiлiктi өкiлдi орган бекiтедi. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының iске асырылуына мониторинг пен оны бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы мен мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүргiзедi.

Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Iске асыруға мониторинг пен оны бағалаудың нәтижелерi бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы түзетiлуi мүмкiн.

Аумақтардың дамыту бағдарламасының iске асырылуын бақылауды тиiстi жергiлiктi өкiлдi орган жүзеге асырады.

Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының iске асырылуына мониторинг пен оны бағалауды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы жүргiзедi.

Республикалық (жергiлiктi) бюджеттi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Әлеуметтiк-экономикалық даму мен бюджет параметрлерi болжамы мақұлдаған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының негiзiнде жыл сайын үш жылдық кезеңге арнап әзiрлейдi.

      Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптасатын және орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттiк саясаттың жалпы республикалық бағыттарын iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiледi:

- жергiлiктi бюджеттер жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды;

- республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Жергiлiктi бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), сондай-ақ аудандық деңгейдегi (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерi тиiсiнше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының шешiмдерiмен бекiтiледi.

Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi процестерiнiң қатысушылары мемлекеттiк билiк органдары, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, қоғамдық, ғылыми және жекеше ұйымдардың өкiлдерi, жеке тұлғалар болып табылады. Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң процестерi оның құжаттарының әзiрленуi мен бекiтiлуi, iске асырылуы, оған мониторинг, бағалау, түзету жүргiзiлуi, iске асырылуын бақылау болып табылады.

Мониторинг – бұл Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi құжаттарының iске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және тұжырымдау.

Бағалау – бұл Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi құжаттарының iске асырылуына қол жеткiзу деңгейiн, оның нәтижелiлiгiн және тиiмдiлiгiн айқындайтын аспап.

Бақылау – бұл Мемлекеттiк жоспарлау жүйесi құжаттарының толықтығына және уақтылы орындалуына, соның iшiнде заңбұзушылақтарды анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жолымен талдауды жүзеге асыру.


6.3 Жергілікті билік органдарының қызметіндегі жоспарлау

Жергілікті билік органдарының алға қойған мақсаттары мен амалдарына ағымдағы қызметінің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлау жүйесі қажет болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет