М. Ж. Тусупаева муниципалды менеджмент



бет5/5
Дата24.02.2016
өлшемі0.5 Mb.
#16521
1   2   3   4   5

Жоспарлау жүйесі жағдайды талдау негізінде, оның дамуының болжамдық бағалануы, мүмкін боларлық ресурстарымен сәйкес мақсаттардың анықталуымен, қызметтің ағымдағы қорытындылары және оларға қол жеткізу амалдары мен тәсілдерін анықтау мақсатында жергілікті басқару органдарымен іске асырылатын іс-шаралардың кешенің сипаттайды. Жоспарлау ұйымдастырушылық ресурстардың әсерлі пайдалануын, ішкі координацияны, билік органдарының құрылымдық-қызметтік ұйымдарының сыртқы талаптарға бейімделуін, жетекшілері ме оның қызметкерлерінің ұйымдастырушылық стратегияларды мойындауды қамтамасыз ететін бірден-бір жүйе.

Жоспарлау үрдісіне мыналар жатады:қызметтің ағымдық жағдайы мен мәселелерін көрсетіп отыратын стратегиялық мақсаттардың талдануы; мақсатты объектілер мен сыртқы шарттардың болашақ жағдайын болжау; мақсаттар жүйесін қалыптастыру; қызметтің оңтайлы стратегиясын анықтау.

Жергілікті әкімшілік қызметін әсерлі жоспарлауға жергілікті қауымдастықтың өмір шенінің барлық орталарындағы ағымдағы жағдайларына жан-жақты талдануына негізделген муниципалды құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық даму приоритеттерін анықтау негіз болу керек. қалыптасқан приоритеттер негізінде муниципалды құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қалыптасады (немесе бар статегияға түзетулер еңгізіледі), алдағы ұзақ мерзімдік уақытқа жергілікті билік қызметтерінің мақсаттары мен амалдары анықталады.

Жергілікті басқару органдарының қызметінің мақсаттары мен амалдарының, стратегиялық дамуының негізінде, әлеуметтік-экоомикалық дамудың орта мерзімдік бағдарламалары мен жергілікті әкімшілік қызметінің стратегиялық жоспары (концепциясы) қалыптасады. Әлеуметтік-экоомикалық дамудың орта мерзімдік бағдарламалары мен жергілікті әкімшілік қызметінің стратегиялық жоспарының (концепциясының) негізінде әкімдік қызметінде оның жылдық жұмыс жоспары жасалынады. Осындай жоспарлаудың кешендік көп деңгейлі жүйесі әкімшіліктің алдында тұрған ағымдағы және ұзақ мерзімдік мәселелерін шешуде маңызды потенциалын иеленуде, алайда, қазіргі уақытта муниципалды құрылымдар деңгейінде басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерін қолдану деңгейі жеткіліксіз болып отыр.

Әдетте, әкімшіліктің жұмысын жоспарлаудың қалыптасқан жүйесі негізінде жергілікті әкімшілік жетекшілерінің, оның құрылымдық бөлімдерінің қызметінің уақыт аралығындағы келісуіне бағытталады. Осы мақсатта әкімдіктерде жергілікті әкімшіліктер мен оның құрылымдық бөлімдерінің жылдық және кварталдық, кейде тіпті айлық жұмыс жоспарлары жасалынады.

Әкімдіктің жылдық жоспары – жыл аралығында өткізілетін іс-шаралардың тізімі бар, олардың орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғалары көрсетілген, нақты маңыздылығы белгіленген әсерлілігі мен қорытындысының жоспарлы көрсеткіштері белгіленген құжат түрі. Іс-шаралар әкімдіктің негізгі қызмет бағыттары бойынша топтасады. Әкімдіктің жылдық жоспарын құрастыруға жауапты болып, әкім аппаратының жетекшісі тағайындалады.

Жылдық жоспарды құрастыруға ұсыныстарды әкім, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімше жетекшілері келтіреді. Құрылымдық бөлімше жетекшілері белгіленген уақыт аралығанда әкімдік жұмысының жылдық жоспарына өткізілетін іс-шаралардың тізімін, олардың орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғалары көрсетіп, нақты маңыздылығы белгіленген әсерлілігі мен қорытындысының жоспарлы көрсеткіштері анықтап ұсыныстар еңгізеді. Әкім әкімдігінің жетекшісі түскен ұсыныстарды ортақтап жұмыстың жылдық жоспарының жобасын жасайды. Жұмыс жоспарының жобасы құрылымдық бөлімшелердің жетекшілеріне келісуге жіберіледі, және ескертулер болған жағдайда қайта қарастырылады. Әкімдік жұмысының жоспарына, әдетте, мыналар кіреді:

1) өкілетті билік органдарына (маслихатқа) қарастыруға жіберілген мәселелер;

2) алқалық жиынды талап ететін мәселелер;

3) әкімнің толық шешімін қажет ететін мәселелер;

4) әкімдіктің ұйымдастырушлықы іс-шаралары.

Жұмыстың жылдық жоспары әкімшілік басшысымен бекітіліп, құрылымдық бөлімдерге орындауға жіберіледі.

Әкімшілік жұмысының жылдық жоспарын бекіткеннен кейін құрылымдық бөлімшелердің қызметінің жылдық жоспары құрастырылады. Олар бұл бөлімшелерді басқаратын әкімшілік жетекшілерінің орынбасарларымен келісіліп, әкімшілік басшысымен мақұлданады. Әкімдіктің жұмысының жылдық жоспарына еңгізілген іс-шаралардың орындалу тәртібі жөніндегі мәселелер әкімшілікті басшысы қатысатын тұрақты жиынның күн тәртібіне еңгізілуі керек. Әкімдіктің жұмысының жылдық жоспарына еңгізілген, және де бөлімшелер мен секторлар жылдық жоспарындағы іс-шаралар бір жыл аралығында түзетулерге ұшырауы мүмкін.

Кварталдық (айлық) жоспар жылдық жоспардың бір элементі ретінде болады. Сәйкес айға жопарланған жылдық жоспардың іс-шаралары маслихат ұсынған өзекті мәселелер, тапсырмалар және бұйрықтармен сәйкес өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Жетістіктік түрде муниципалды экономикалық даму үшін жоспарлау үрдісін түсініп, оның реттеуші заңнамалық негізін білу жеткілікті емес. Муниципалитеттер арасындағы өсіп келе жатқан бәсекелестік (адам ресурстарына, нвестицияларға, инфрақұрылымдарды дамытуға деген бюджеттік салынымдарға деген бәсекелестік түрлері) муниципалдық басқару аймағында қызмет ететін мамандардан қазіргі заманғы басқару технологияларын игеруді талап етеді. Муниципалды экономикалық дамудың жоспарлауының ұйымдастырушылық технологиясын игеру бәсекелестік жағдайларындағы басты мақсат болып отыр.

Нарық жағдайында жергілікті өзің-өзі басқарудың үлкен « басқарушылық тәжірибисі» бар шетел мемлекеттерінің тәжірибесі мен даму үрдістерін ұйымдастырудағы муниципалды құрылымдар мен жекеленген аймақтардың «қалаптасып қалған тәжірибелерінен» басқа дамуды басқарудың мақсатты жүйесін қалыптастыруға қажеттілік туындап отыр, ол өз кезегінде ғылыми негізделіп, табысты тәжірибелі ғана емес, сонымен қатар қажетті әдістемелік сілтеме түрінде болуы аса үлкен маңызға ие болып отыр.



Бақылау сұрақтары
1. Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі жоспарлаудың рөлін ашып көрсетіңіз

2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесініің құжаттарын атаңыз

3. Жергілікті билік органдарының жұмысындағы жоспарлаудың орның сипаттаңыз

Тест сұрақтары
1. Басқарудың әрбір иерархиялық деңгейіндегі өкілдері өзінің мынадай міндеттерін орындайды:

A) міндеттемелер, қорлар, қажеттіліктер, аумақтық бірліктерді;

B) міндеттемелер;

C) қорлар;

D) қажеттіліктер;

E) аумақтық бірліктер.


2. Демократиялық қоғамда биліктің көзі болып табылады:

A) халықтар;

B) президент;

C) үкімет;

D) монарх;

E) олигарх.


3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың Европейлік Хартиясы қабылданды:

A) 1985 жылы 15 қазандағы Еуропа Кеңесінде;

B) 1985 жылы 15 қарашада Еуропа Кеңесінде;

C) 1989 жылы 13 қыркүйекте Еуропа Кеңесінде;

D) 1976 жылы 22 шілдеде Еуропа Кеңесінде;

E) 1989 жылы 15 қазанда Еуропа Кеңесінде.



4. Елдегі заңдылықты бақылауда орталықтандырылған жүйені кім жасайды:

A) ҚР прокуратурасы;

B) ҚР парламенті;

C) маслихаты;

D) ҚР үкіметі;

E) ҚР Президенті.


5. «Муниципалитет» латынның «munis» сөзінен шыққан, ол аударылғанда қандай мағына білдіреді:

A) ауырлық, ауыртпашылдық;

B) жеңілдік;

C) әмиян;

D) аумақ;

E) шаруашылық.



6. Халық шаруашылық саласын қаржылық қолдаудағы жергілікті бюджет шығындары игермейді:

A) Әлеуметтік саясат;

B) Құрылыс;

C) Көлік;

D) Өнеркәсіп;

E) ауыл шаруашылығы.


7. Биліктің республикалық және жергілікті органдары арасындағы құқық пен жауапкершіліктің шектеулілігі - бұл басқару түрі:

A) аумақтық;

B) әкімшіліктік;

C) әлеуметтік;

D) сенімділік;

E) оперативтік.


8. ҚР Бюджет кодексіне сәйкес қандай бюджеттер жергілікті бюджетке жатады:

A) аудан, республика төңірегіндегі қалалар, астаналар, қалалар бюджеттері;

B) мемлекет бюджеті;

C) мемлекеттік бюджет және муниципальды біліктілік бюджеті;

D) облыс және қала бюджеті;

E) ақша қаражатының орталықтанған және орталықсыздандырылған бюджеті.


9. Жергілікті органдар билігінің қаржы базасына жатады:

A) Бюджеттер;

B) Муниципальды меншік;

C) ішкі экономикалық қызмет;

D) бюджеттік емес қор;

E) кәсіпорын.


10. Маслихаттың ревизиялық комиссиясы сайланады:

A) Маслихатпен;

B) Акиматпен;

C) азаматтардың қатысуымен;

D) Сенатпен;

E) Мәжіліспен.



11. Кейбір жағдайда өзін-өзі басқару мына терминмен алмастырылады:

A) муниципалды менеджментпен;

B) менеджмент;

C) муниципалитет;

D) Суверенитет;

E) басқару.


12. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқаруды зерттейтін, экономикалық ілім жүйесіндегі ғылыми пән:

A) муниципальды менеджмент;

B) маркетинг;

C) аумақтық экономика;

D) мемлекеттік басқару жүйесі;

E) аумақтық саясат.


13. Жергілікті басқару органындағы тұрақты негізде басқарылатын жұмысшылардың мамандандырылған қызметі:

A) муниципалды қызмет;

B) муниципалды білім беру;

C) муниципалды меншік;

D) муниципалитет;

E) муниципальды менеджмент.


14. Жергілікті атқарушы орган:

A) Маслихат;

B) Парламент;

C) Үкімет;

D) Мәжіліс;

E) Сенат.


15. Заңды бекіту құқығы беріледі:

A) Парламентке;

B) Үкімет;

C) Мәжіліс;

D) Сенатқа;

E) Маслихатқа.

16. Республикалық референдумда ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

A) 1995 жылы 30 тамыз;

B) 1991 жылы 16 желтоқсан;

C) 1992 жылы 1 қаңтар;

D) 1986 жылы 16 желтоқсан;

E) 1999 жылы 6 қаңтар.


17. Жергілікті бюджет дотациясы дегеніміз не?

A) республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке жіберілетін қор, яғни қаржы жұмсау жылына сәйкес келетін бюджеттің ақырғы шығындарын жабатын қорлар;

B) жергілікті деңгейдегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени іс шараларға жұмсауға арналған мемлекет тарапынан жіберілген қор;

C) еш бір мақсатсыз республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке жіберілетін қор;

D) мемлекеттік бюджеттен жергілікті бюджетке жіберілетін және белгілі қайтару мерзімі бар қор;

E) тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қолдау мақсатында бөлінетін қор.


18. Республикалық бюджеттен муниципальды біліктілікке белгілі бір мақсаттарға және белгілі бір уақытқа берілетін ақша қаражаты және белгілі уақытта берілген мақсат бойынша қолдана алмаса қайтаруын талап ететін қаржы жәрдемінің бір түрі:

A) субвенциялар;

B) субсидия;

C) несие;

D) займ;

E) қарыз.


19. Барлық әкімшіліктік-аумақтық бөлініс звеносына сайлау кеңестері және кеңестің ұжымдық тұрақты кеңесі бар ел:

A) Ұлыбритания;

B) Индонезия;

C) Швеция;

D) Италия;

E) Қытай.



20. Барлық әкімшіліктік-аумақтық бөлініс звеносына атқарушы комитеттер әсер ететін ел:

A) Швеция;

B) Ұлыбритания;

C) Индонезия;

D) Қазақстан;

E) Қытай.



Әдебиеттер
1 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы

2 2001 ж. 23 қантар, ҚР «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі және мемлекеттік басқару туралы» Заңы, 2009 ж. 09 ақпанында өзгертіліп қосымшаланған

3 2009 ж. 08 маусым «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» ҚР Президентінің Жарғысы

4 Инициативы Главы государства в становлении и формировании модели стратегического управления. Сборник выступлений и статей / под общ. ред. А. С. Сагынгали, Б. М. Каиповой. – Алматы : Издательский дом «Таймас», 2008. – 264 б.

5 Румянцева З. П., Зотов В. Б. Новые реалии территориального управления // Вопросы управления для руководителей органов исполнительной власти. – 2005. – № 5. – Б. 35–38.

6 Королева-Конопляная Г. И., Салов О. А. Местное самоуправление на современном этапе (политико-правовой аспект) // Социально-гуманитарные знания. – 2006. – № 5. – Б. 146 – 157.

7 Гладышев А. Г., Иванов В. Н., Мельников С. Б., Патрушев В. И. Основы современного муниципального управления. – М., 2007. – 347 б.

8 Игнатов В. Г., Рудой В. В. Местное самоуправление. – изд. 3-е, перераб. и доп. – Ростов н/ Д. : Феникс, 2005. – 480 б.

9 Европейская Хартия местного самоуправления 1985 г.

10 Учебные программы для развития местного самоуправления в Казахстане. – Алматы : Изд-во «Искандер», 2003. – 129 б.

11 История муниципального менеджмента http://rusobschina.ru/

12 http://www.pavlodar.com/zakon/?dok=00766&all=al



13 2009 ж. 23 маусым "Казахстанская правда"




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет