М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Майлау, майды ауыстыру және толтыру



Pdf көрінісі
бет10/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

1.6. Майлау, майды ауыстыру және толтыру 
Қосып реттеу жұмыстарында жабдықтар мен подшипниктердің 
үйкелетін бөліктерін өте мұқият майлайды. Май құтысына сәйкес майларды, 
пресс құтыға, лубрикаторлар мен басқа құралдарды, машиналар мен 
жабдықтарды майлау үшін қамтамасыз етеді, майланатын беттерге 


21 
майлардың кедергісіз майланғанын қолмен айналдыра, бос жүрісте сынақтан 
өткізуге дайындығын тексереді. 
Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі майлау материалдарымен 
байланысты. Майларды зауытта машина жасаушылар майдың маркасын, 
сортын немесе майлануын, майлау режимдері көрсетілген нұсқаулыққа 
сәйкес пайдаланады.[20] 
Технологиялық жабдықтың жұмыс істеу тиімділігі майлау түрлерінен, 
жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі, майлардың температуралық қызуын, 
ластануынан, ауа мен су қосылып кетуінен, ағып кетуіне байланысты 
болғандықтан тексеріп отыру қажет. 
Майлау материалдары тораптар үйкелісінен және майлар жүйесінің 
майлану сапалылығына әсер етеді. технологиялық процесте үйкеліс кезінде 
жылу бөліну әсерінен майлардың температурасы жоғарылауы мүмкін, 
сондықтан жабдықты пайдалануда жүйедегі майдың температурасы 
бөлшектердің үйкелісінен көбейіп кетпеу керек. Подшипниктердің 
температурасы май сүзгішінің немесе клапандардың, штуцерлердің, май 
сорғыының ақауларынан, майдың ағуы немесе майдың жоқтығынан 
ластанады. 
Майдың температурасын қоршаған ортаға (20˗25°С) байланысты 
рұқсат етілген 30˗50°С қа дейін көтеруге болады, егерде қызу температурасы 
берілген шегінен шығып кетсе термотөзімді майлар мен майлаулар 
қолданылады. 
Майлардың қызып кетуі оның пайалану мерзімін қысқартады, 
температура әр 10°С сайын көтерілсе 2 есеге тез қышқылданып, соған қарай 
түбіне шөккен тұнба саны да көтеріледі.
Подшипниктер мен басқа тораптар тетіктерінің майлау жүйелерінің 
тығыздық жағдайын, жұмысқа жарамдылығын жүйелі түрде қадағалау 
майлауды тез ластанудан сақтайды. 
Кейбір цехтарда ауада аэрозольдер саны көбейіп кетеді. Майлау 
материалына су тамып кетуі, майлау консистенциясы мен майдың 
майлануын төмендетеді. Жабдықты жуғанда үйкеліс тораптарына судың 
тамып кетуі нәтижесінде бөлек цехтарда ылғалдығы жоғары болса, іске қосу 
кезінде, салқындату жүйесінен салқын ауаның шығып кетуінен, сондықтан 
жүйеге немесе тораптар үйкелісіне судың кірмеуін, әртүрлі тығыздаудың 
жағдайын тұрақты бақылау керек. Майға су араласса май тез бүлінеді, ылғал 
қышқыл процесін түзеді де, майлау материалына тұнбалар жиналып 
қышқылдар қосылысы пайда болады, суда еритін кейбір жерлерде эмульсия 
пайда болуы мүмкін, сондықтан тетіктерді іске қосқанда, майлау кезінде су 
тамып кетеді, сондықтан антикоррозиялық тұнбасы бар арнайы майлар 
қолданылады. 
Майлар ауамен араласқан нәтижесінде майлар көбіктенеді, көбік май 
деңгейін бақылауға кедергісін келтіреді, терезесінен немесе тесігінен тамып 
кетіп, май сорғыының жұмысын бұзуы әбден мүмкін. Көбіктену майдың 
қызып кетуіне себепші болып, көбіктер майдың интенсивті қышқылдануына 
және салқындатқыш қасиетін төмендетуіне әкеліп соғады. 


22 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет