М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет29/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Жөндеу кезеңі – жабдықтың жөндеуде жұмыссыз тұрған уақыты. 
Қарап бақылау аралық кезеңі – екі кезекті қараулар арасында немесе 
кезекті жоспарлап жөндеу мен қарап бақылау арасында жабдықтың жұмыс 
істеу кезеңі. Жөндеу аралық кезеңнің құрылымын анықтаған кезде, әдетте, 
барлық бөлшектер қызмет ету мерзімі бірдей және бөліктерінің тозу 
мерзімінің еселігімен әртүрлі топтарға және топташаларға бөлінеді. [16] 
Бірінші топқа қызмет ету мерзімі t бөлшектер жатады, екінші - 2t, 
үшінші - 3t т.б. (сурет 3.1). 
Сурет 3.1. Әртүрлі топтағы бөлшектердің тозу кестесі: 
1 – қызмет көрсету мерзімімен t; 2 – қызмет көрсету мерзімімен 2t; 3 – 
қызмет көрсету мерзімімен 3t 


54 
Күрделі жөндеу барлық топтардың бөлшектері ауыстырылған кезде 
жасалады, t, 2t, 3t, 4t, 5t уақыттары өткеннен кейін жасалатын барлық жөндеу 
орташа немесе ағымдық жөндеуге жатқызылуы керек. Дегенмен, тозу 
ұзақтығы бірдей немесе еселік мерзіммен топтарда бөлшектерді таңдау іс 
жүзінде іске асырылмайды, сондықтан жабдықтың бөлшектерін топтарға 
бөлу және қызмет көрсету мерзіміне сәйкес жөндеу жиілігін белгілеу 
көбінесе шартты болып табылады. Келесідей тәуелділік бар: 
)
1
(


N
v
N
И
Т
доп
д

(3.7) 
мұндағы T
д 
кезеңді жөндеу операциялар кезіндегі бөлшектердің шынайы 
қызмет ету мерзімі; И
доп 
тозудың мүмкіндік шекті шамасы; v – тозудың 
орташа жылдамдығы (ауыспалы шама), N – жөндеу операцияның номері. 
 
3.2. Күрделілігі орташа машиналар, станоктар мен агрегаттардың 
жұмыс істеу принциптері 
Кез-келген металл кескіш станокпен жұмыс агрегатты тасымалдау, 
монтаждау, күту, реттеу, дәлдікті бақылау және оған техникалық қызмет 
көрсетуге қатысты ережелер жүйесін қамтиды. Агрегаттарды өндіріс 
аймағында екі тәсілмен, арбамен тасымалдау немесе металл беттері арқылы 
жылжытуға рұқсат етіледі. 
Ауыр станоктарға арналған орында жөндеу қажет болған жағдайда, 
бүкіл агрегатты немесе оның жеке компоненттерін тасымалдау қиындық 
тудырмас үшін жүк көтергіш - тасымалдау машиналары таңдалады. Қалыпты 
дәлдік класына жататын жеңіл немесе орташа жабдықты бетоннан жасалған 
еденде монтаждау керек, қажет болатын деңгейін қайыспен реттеу арқылы 
орындайды. 
Анкер бұрандамаларының көмегімен және жабдықтың тұғырын бетон 
қоспасымен құю арқылы станокты сенімді бекіту керек.[8,9] 
Үлкен салмағымен ерекшеленетін дәлдік агрегаттары дірілді 
тоқтататын іргетасқа орнықтырылады. Дірілдің пайда болуына себеп 
болатын динамикалық үлкен жүктемелері бар станоктарда қолданылады. 
Іргетас станокты басқа жабдықтардан алыстатуға және жердегі дірілдердің 
берілуін болдырмауға көмектеседі. 
Реттеу – бұл станок жұмыс істеуге дайындалатын, кинематикалық 
тізбектері 
реттелетін, 
кейін 
дұрыс 
орнатылатын 
құрылғылармен 
монтаждалатын, құрал орнықтырылатын және т.б. шаралар кешені. 
Күйіне келтіріп реттеу
 
станоктың параметрлерін реттеу 
процедурасы, ол станоктың жұмысындағы нақты өзгерістермен анықталады, 
уақыт өте келе ол бұзылуы мүмкін, соның себебінен ретке келтіруді жиі 
өткізіп тұру керек. 
Әмбебап типті агрегаттарда өңдеу режимдерін жұмыс басында 
оператор реттейді, станокта істейтін жұмысшы шпиндельдің айналу 


55 
жылдамдығын орнатады, беріліс жылдамдығын, кесу тереңдігін белгілейді. 
Бұл әрекеттер тиісті тұтқалармен орындалады. Мамандандырылған және 
арнайы нысаналы жабдықта өңдеу режимдері реттеу картасына сәйкес 
жұмысқа кіріспес бұрын орнатылады. Бұл процедура негізгі қозғалыс 
тізбегінде орнатылатын ауыспалы дөңгелектердің көмегімен жүзеге 
асырылады. 
Реттеп жөндеудің соңғы кезеңі бұл құралды белгілі бір өлшемге 
келтіру және сынамалық өңдеу. Мамандандырылған және арнайы 
жабдықтарға тән технологиялық дәлдік жабдықты іске қоспас бұрын 
тексеріледі, осыған байланысты станокта бірнеше бұйым өңделеді, содан 
кейін олар эталон бойынша салыстырылып өлшенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет