М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет31/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Ақауларды тексеру калибрі өтпейді. Жаңа бөлшектерді өлшеуде 
өтпейтін калибрды сирек қолданады (бөлшек ақауында) ол бөлшекке кіреді 
немесе оған кигізіледі. Қарапайым калибрге қарағанда ақауды тексеру 
калибрі тез тозады және өңдеуге рұқсат етілген шекті қарапайым қалибр 
өтпейтін калибрден ерекшеленеді, өтпейтін калибрдің тозуға рұқсат етілген 
шегі стандартта көрсетілмеген. 
Сурет 3.2. Ақауды тексеру калибрі: а) таға; б) тығын; в) тілік төлкенің 
ойықтық енін тексеруге арналған калибр; г) сегменттік шпонды ойықтың 
енін тексеруге арналған калибр; д) поршень арнасының енін тексеруге 
арналған калибрлар жиынтығы 
Ақауды тексеру калибрінің номиналды өлшемі бөлшектің жөндеуге 
рұқсат етілген техникалық шарттарға сәйкес болады. Оны дайындауға рұқсат 


58 
сол атаудағы жаңа бөлшектің өтпелі емес жұмыс калибрі рұқсатына тең 
қабылданады. Ақаулық калибрлі дайындауға рұқсат өрісі, сондай-ақ өтпелі 
емес жұмыс калибрі үшін, калибр номиналы сызығына қатысты 
симметриялы орналасады. Ақаулық калибрдің тозуына рұқсат беру дәл сол 
класты жұмыс калибрінің өтпелі жағының тозуына бірдей рұқсатпен 
қабылдайды және бөлшектерге рұқсат беріледі. Ақаулық калибрлер тиісті 
өлшемге теңесетін стандартты реттелетін тағалар болады. 
Ауа ағынының жылдамдығын өлшеуге арналған құрылғы серіппелі 
манометр (сурет 3.3) базасындағы аспаптарда қолданылады, кіру 
камерасындағы қысым тұрақты қысым тұрақтандырғыштың көмегімен 
сақталады. Ауа ағынының жылдамдығы ұлғайған кезде кіріс шүмегінің 
кедергісі өседі және кіріс камерасындағы қысым төмендейді. Осы аспаптың 
10 резеңке шлангы бар 11 пневматикалық калибрі бірінші аспаптың 
пневматикалық калибрінен еш айырмашылығы жоқ, екінші манометр 
шкаласы 8 пневматикалық калибрге киілетін орнату калибрі бойынша 
өлшенеді. Пневматикалық өлшеу аспаптары жоғары сенімділік дәрежесімен 
және көрсеткіштердің тұрақтылығымен ерекшеленеді, механикалық 
берілістердің болмауы және өлшеудің байланыстың жоқтығынан аспаптар 
жоғары беріктікке ие. 
 
 
Сурет 3.3. Диаметр мен ұзындықты өлшеуге арналған пневматикалық 
аспап:
 
 а) ротаметр базасында; б) серіппелі манометр базасында; 1 – орау каналы; 
2 – кран; 3 – резеңкелік тұтқа; 4,11 – пневматикалық калибр;
5 – поплавок; 6 – ротаметр тұтқасы; 7,8 – манометрлер; 9 – шығу 
камерасы;10 – резеңкелік шланг; 12 – кіру соплосы; 13 – кіру камерасы 
Шатунның төменгі бастарын өлшеуге арналған пневматикалық аспапта 
бастың тесігінің сопақтығы маңызды емес, өйткені оған жапсырма салынады, 
ол жинаудан кейін жырылады, (сурет 3.4) жапсырманың талап етілетін 
тартпасы қамтамасыз етіледі, тесіктің орташа диаметрін ғана бақылайды. 


59 
 
Сурет 3.4. Тесікті өлшеуге арналған пневматикалық аспап: 
 1– қысым тұрақтандырғышы; 2 – ресивер; 3,12 – кіру сопласы; 4,5,10 –
манометрлер; 6,11 – камералар; 7 – пневматикалық калибр; 8,9 – тұтқалар;
13 – ауалық сүзгіш; 14 – дөңес қақпақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет