51
орынлау үшін тоқтап тұру уақыты, жөндеуге берілу уақыты, жөндеу
жұмыстарын орындау және жөнделген жабдықты қабылдау уақыты кіреді.
Жоспардан тыс жөндеу – жоспардан тыс жөндеу жабдықтың істен
шығуын болдырмайтын жөндеу.
Жоспарлы жөндеу – жоспарлы түрде жүргізілетін жөндеу. Жоспарлы
жөндеу көлемі мен жөндеу жұмыстарының спитаттамасы бойынша ағымдық
және күрделі болып бөлінеді.
Кепілдікті жөндеу – технологиялық режимдерін және техникалық
пайдалану ережелерін сақталған жағдайда, жабдықтың кепілдікті
паспортпен белгіленген уақыт мерзімінде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін жұмыстар кешені.
Монтаждау – бұйымды тиянақты орнына қою мақсатында жүк
көтергіш құрылғылар мен бекіткіш аспаптарды пайдаланумен орындалатын
жабдықты құрастыру жұмыстарының кешені.
Жөндеуді диагностикалау – бұйымның немесе кейбір бөліктерінің
тозу деңгейін белгілеу бойынша жұмыс көлемін анықтау мақсатындағы
жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жұмыстар кешені.
Пайдалану процесінде жабдықта физикалық тозуы ғана емес моральдік
тозуы да болады. Физикалық тозуы кезінде оның бөлшектер мен
түзілімдерінің пішіні, өлшемдері және физико-механикалық
қасиеттері
өзгереді. Физикалық тозуы жөндеу арқылы жойылады. Моральдық тозуы
жабдықтың жетілдірілген техника деңгейінен жабдықтың техникалық және
құрылымдық арнауының қалып қою дәрежесімен анықталады. Бетінің тек бір
бөлігі ғана тозса қалпына келтіруге болады, олардың төзімділігі физикалық
тозумен емес, моральдік тозумен анықталады. Оларға машинаның бүкіл
қызмет көрсету мерзімі бойында бірнеше пайдалану кезеңіне шыдауға
мүмкіндік беретін беріктіктің жоғары қоры бар негізгі бөлшектер жатады.
Заманауи техникалық деңгейге келтіру мақсатымен жөндеу кезінде
машиналарды жаңғырту мүмкіндігі олардың моральдік тозуын жоюға
мүмкіндік береді.
Жөндеуді ұйымдастыруда үш негізгі жоспарлау жүйесі бар
–
бақылаудан соң, кезеңді және стандартты.
Қараудан кейінгі жөндеу жүйесі жабдық жағдайының апаттық
бұзылуын алдын алуын белгілей отырып, қатаң тұрақты мерзімде өткізілмей,
жабдықтың жағдайын міндетті түрде қарауларға негізделеді. Олардың
нәтижесі бойынша жабдықтың жағдайы және
ауыстыратын бөлшектердің
саны анықталады, жөндеудің түрі мен мерзімі белгіленеді. Сонымен қатар
көлемі бойынша ағымды жөндеулерді жүргізе отырып, жабдықтың жұмысқа
жарамдылық жағдайы ұсталынады.[16]
Стандартты жөндеулер жүйесі бөлшектер мен түзілімдер бөліктерін бір
рет ауыстыру арқылы машинаны міндетті мерзімді жаңартуға негізделеді.
Жөндеудің әрбір түрі үшін жөндеу жұмыстарының көлемін және
ауыстырылатын бөлшектердің және құрастыру бірліктерінің нақты тізбесін
алдын ала белгілейді, бұл кезде, бөлшектер мен түзілімдерді ауыстыру
52
олардың жағдайына қарамастан, жоспармен белгіленген мерзімде іске
асырылады.
Жүйенің кемшілігі – игерілмеген
ресурспен бөлшектерді жиі
ауыстыруына байланысты бағасы жоғары. Жөндеудің стандартты әдісі
кезінде бөлшектің қызмет ету мерзімі жөндеуде оны ауыстыру қажет екенін,
немесе оны қарау қажет екенін көрсетеді.
Жоспарлап - ескерту жөндеу жүйесі жабдық тозуының ұлғаюын
сақтайды, апаттық істен шығуын болдырмайды, жөндеу жұмыстарын алдын
ала дайындауға және аз уақытта оларды орындауға мүмкіншілік береді,
жабдықтарды тиімді қолдану үшін керекті жағдайлар туғызады, олардың
жұмыс уақытын көбейтеді, жөндеу жұмысының сапасын арттырады және
бағасын төмендетеді.
Электр жабдықтарына
жөндеу аралық қызмет көрсету паспортта
көрсетілген пайдалану ережелерінің
орындалуын бақылау, ұсақ ақауларды
уақытымен жоюдан, құрылғыларды реттеуден, жанасу қосылыстарды
бақылаудан, автоматтарды ажырату электромагниттер мен механизмдерден
тұрады. Жанасу беттерінің пішінін сақтай отырып, ұсақ бедерлі егеумен бір
шама тозылған реле жанасушыларымен ауыстырып, қосқыштардың жанасу
беттері тазаланылады.
Жанасушылар құрғақ болуы керек. Жанасушыларды майлауға жол
берілмейді, өйткені жанасушылар арасын ажырату кезінде, майды
ыдырататын,
электр доғасы пайда болады, май буы жанасушылардың
ластануын арттырады және қалыпты жұмысына кедергі келтіреді. Ағымдағы
күтімнің көмегімен реле жұмысы, токтың шамасы, уақытты ұстау, тарту
және түсіру, кернеуді және т.б. бақыланады.
Электр қозғалтқыштарды пайдалану процесінде олардың тазалығын,
әсіресе орамалар мен коллектордың тазалығын бақылау қажет. Электр
қозғалтқыштары сыртқы немесе ішкі жағынан ластанбауы керек, ішіне ылғал
немесе май кірмеуі керек. Жүйелі, жергілікті жағдайларға байланысты, бірақ
кемінде айына бір рет, электр қозғалтқыш тоқтатылып тексеріледі, шаң
құрғақ сығылған ауамен үрленеді.
Коллекторда күйе
пайда болған кезде, оның пайда болу себебін
анықтап, оны боолдырмайды. Электр машиналардың щеткалары шусыз
жұмыс істеуі керек, олардың жанасатын беті коллектордың бетіне қарай
жақсы тегістелінеді. Қалыпты жұмыс жағдайында подшипник майын
қозғалтқыштың 6-12 айлық жұмысынан кейін ауыстыру керек.
Подшипниктердің бос кеңістіктің 1/3 артық емес бөлігін маймен
толтыруға рұқсат етіледі, майды анағұрлым тығыз құю подшипниктің
қызуына әкеледі. Майлаудан кейін қозғалтқыш валы қолмен еркін айналуы
керек. Электр қозғалтқыш жұмыс істеген
кезінде орамалардың және
корпустың қызу температурасын бақылау қажет.
Техникалық қызмет көрсету жабдыққа ағымдық күтім жасаудан,
пайдалану ережелерінің сақталуын бақылаудан, кейбір агрегаттары мен
құрастыру бірліктерін үнемі жуу мен майлаудан, майды ауыстырудан, ұсақ
53
ақауларды жоюдан, бұйымды өңдеу сапасын тексеруден, профилактикалық
сынақтардан тұрады.
Бірінші жөндеу аралық кезеңнің ұзақтығын анықтауға арналған есептік
формула Т
м.ц
келесідей болады:
ц
м
о
э
и
п
т
и
н
ц
м
Т
К
К
К
Т
Т
.
.
.
.
.
25
,
0
,
(3.5)
мұндағы Т
н.и
– жабдық жұмысының бастапқы нормативі, сағ.; К
т.п
–
өндірістің типін есепке алатын коэффициент; К
и
– өңделетін бұйым
материалын есепке алатын коэффициент; К
э.о
– жабдықтың пайдалану
жағдайын есепке алатын коэффициент, жөндеу аралық циклының ұзақтығы
0,25˗25%.
Жөндеу аралық мерзімның ұзақтығы келесі қатынас бойынша
анықталады:
1
.
.
т
c
ц
м
п
м
n
n
Т
Т
(3.6)
мұндағы
п
с,
п
т
– сәйкесінше жөндеу аралық цикліндегі орташа және ағымды
жөндеу (бірінші цикл үшін жөндеу аралығының ұзақтылығы 0,25 Г
м ц
тең
шамаға артады).
Достарыңызбен бөлісу: