М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет42/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
Бақылау сұрақтары 
1. Жөндеу жоспары қалай өткізіледі? 
2. Жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің айырмашылығы неде? 
3. Қайталап реттеу дегеніміз не? 
4. Қозғалмайтын және қозғалатын қосылыстарда ажырату жұмыстары қалай 
жүргізіледі? 
5. Престік қосылыстарды ажырату жұмысы қалай жүргізіледі? 
6. Бөлшектерді шаберлеу мен ысқылау қалай жүргізіледі? 
7. Оптикалық аспаптар қандай жерлерде қолданылады? 
8. Жабдықтардың статикалық және динамикалық теңестірілуі қалай 
жүргізіледі? 
9. Станокті пайдалануды қалай түсінесіз? 
 
 


82 
4 - тарау. Ақаулар мен апаттардың алдын алуды жоспарлап - 
ескерту жұмыстары 
4.1. Жабдықты жоспарлап – ескерту, ағымдық жөндеу 
жұмыстарының кестесі 
Жабдықтар мен машиналарды пайдалану кезінде әртүрлі себептерден 
бөлшектердің беріктігі төмендейді. Апаттар мен сынулардың алдын алу үшін 
техникалық қызмет көрсету, жоспарлап-ескерту және ағымдық жөндеу 
жұмыстары жүргізіледі. 
Техникалық қызмет көрсетудің мақсаты - жабдықтың сыртқы бетін 
сақтау, бөлшектердің тозуын азайту, бөлшектер бұзылуы мен ақаулығын 
болдырмауын ескерту, қызмет көрсету мерзімін ұзарту және жұмыс 
қауіпсіздігін арттыру. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар алдын 
ала ескерту шаралары болып табылады. 
Жүктемелері асып кеткен машиналарды бұзылудан сақтандырудың 
тиімді әдісі жүктемелеу кезінде машинаны немесе оның белгілі тетіктерін 
ажырататын сақтандырғыш құрылғылар қолданылады. 
Қарқынды тозудың артуын болдырмау, жабдықтың бөлшектері мен 
түзілімдерінің бұзылуын және мерзімінен бұрын істен шығып қалмау 
мақсатында, оны тұрақты жұмысқа дайын күйінде ұстау және оның өнімді 
және қауіпсіз жұмыс істеуі үшін жоспарлап-ескерту жөндеу жұмыстары 
жүргізіледі.[2,3] 
Жоспарлап-ескерту жөндеу жүйесінің мәні – барлық тетіктер әрбір 
бірдей уақыт аралығында оған күнделікті күтім жасауымен қатар, жоспарлап-
ескертіп тексеруден және басқа да жөндеу түрлерінен өтеді. Уақыт 
аралықтарының ұзақтығы механизм құрылымының ерекшелігімен қатар 
оның техникалық белілеріне және пайдалану шарттарына байланысты. 
Жоспарлап-ескерту жөндеу жүйесі өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесі 
мәселелерді шешеді: 
а) қалыпты өнімділігін және өнімнің тиісті сапасын қамтамасыз ететін 
жабдықтың жағдайын дұрыс ұстау;
б) жабдықтың апаттық істен шығу жағдайын болдырмау
в) жабдықты жөндеуге кететін шығындарды азайту; 
г) жоспарланған жөндеу барысында жабдықты жаңғырту нәтижесінде 
оның өнімділігін арттыру. 
Шағын, орташа және күрделі жөндеуді құрайтын жөндеу аралық 
күтіммен қатар жоспарлап жөндеу операциялары жабдықтың жоспарлап-
ескерту жөндеуін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет