М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет43/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Ағымдық жөндеу - тозған бөлшектерді ауыстыру немесе қалпына 
келтіру және тетіктерді реттеу арқылы келесі жоспарланған жөндеуге дейін 
жабдықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жоспарлы жөндеудің түрі. 
Ағымдық жөндеу кезінде станокты немесе агрегатты жартылай бөлшектеу, 
ең үлкен тозуға және ластануға ұшыраған оның екі немесе үш түзілімдерін 
бөлшектеу, қалған түзілімдердің қақпақтарын ашып, ішін қарап тексеру және 


83 
жуу, бүкіл станокты немесе агрегатты ысқылау, бөлшектелген түзілімдердің 
бөлшектерін жуу, шпиндель түзілімін бөлшектеу, шпиндель мойындарын, 
құрал мен бекіткіш аспаптарға қатысты беттерін тазарту, подшипниктерді 
тазарту немесе қырғыштау, шпиндельді жинау және подшипниктерді реттеу 
жұмысы іске асырылады. 
Ірі, ауыр, өте ауыр және ерекше станоктардың шпиндельдік түзілімдері 
ағымдық жөндеу кезінде бөлшектенбейді, вал мен төлке арасындағы 
саңылаулар тексеріледі, тозған төлкелер ауыстырылады, жаңа сырғанау 
подшипниктері реттеледі және орнатылады, муфталарға фрикциялық дисктер 
қосылады, фрикциондардың конустарын қырылып, муфталар мен 
тежегіштердің жұмысы реттеледі. 
Ағымдық жөндеу процесінде қозғалысты беретін станоктың 
теьіктерінің жұмысы міндетті түрде тексеріледі, дөңгелектердің тістеріндегі 
қылаулар тазаланады және тістері желінген дөңгелектер, кескіш 
ұстағыштардағы тозған және сынған сыртқы бекіткіш бөлшектер, сыналар, 
тақтайшалар ауыстырылады. Осындай жөндеу кезінде: 
- реттеуіш сыналар мен тақтайшалар, бұрамалар, суппорт, күйме, 
траверс және жүрістік бұрамалар, станина бағыттауыштарындағы, 
күймелердегі, суппорттағы, траверс-колоннадағы үйкелетін беттердің 
қажалуы, сызаттар, сынықтар мен қылаулары қырғышталады немесе 
тазартылады; 
- тозған гайкілер ауыстырылады; 
- алға және кері жүрістерді қосу, жылдамдықтар мен беріліс 
ауыстыратын, блоктайтын, орнықтыратын, сақтандыратын тетіктер мен 
шектегіштердің тұтқалары мен иіндерін реттеу және жұмыстарын тексеру. 
- қаптамалар, қораптар, қалқандар, экрандар және станоктың бетін 
жоңқадан және шаңнан қорғайтын құрылғылар сияқты қоршау 
құрылғыларына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 
Ағымдық жөндеу кезінде майлау жүйесі тексеріліп реттеледі
пневматикалық және гидравликалық жүйелер тексеріледі, үстелдердің, 
суппорттардың, арбалар мен сырғытпалардың бірқалыпты қозғалысы 
реттеледі; құлайтын червяктардың және басқа тетіктердің сыналары, қысқыш 
жолақтары және тартпалы серіппелері қатайтылады, шектегіштердің, 
ажыратқыштардың және тіректердің қызметке жарамдылығы тексеріледі, 
салқындату жүйесі жөнделеді, құбырлар мен крандар қосылыстарынан 
сұйықтықтың ағуы жойылады; сорғылар мен арматуралар жөнделеді. 
Ағымдық жөндеу кезінде станоктағы жақын арадағы күрделі жоспарлы 
жөндеуде ауыстыруды қажет ететін бөлшектер анықталады және алдын-ала 
ақаулық-сметалық тізімдемеге жазылады. 
Станоктың ағымдық жөндеуі барлық жылдамдықтарда және 
берілістерде бос жүрісте сынақтан өткізумен, шу, жылу, дәлдік пен өңделген 
беттің кедір-бұдырлық класы дайындалған үлгі бойынша тексеріспен 
аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет