М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


Жөндеу кезеңінен өткен агрегаттарды қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет46/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Жөндеу кезеңінен өткен агрегаттарды қалпына келтіру типтік 
үлгідегі жөндеу аралық кезеңге жатады және жөндеуде жабдықтың тоқтап 
тұру нормалары екі кезекті жоспарлы жөндеу арасындағы жабдықтың жұмыс 
уақытын, тексеру аралық кезеңді қамтитын кезеңді белгілейді, ол бойынша 
агрегат кезекті екі жоспарлы тексеру арасында немесе жоспарлы жөндеу мен 
жақын арада жұмыс істейтін уақыт бақыланады. Жөндеу циклдерінің, 
жөндеу аралық және тексеру аралық кезеңдерінің ұзақтығы жабдықтың 
жұмыс істеген сағаттарының санымен немесе қандай да бір басқа тең 
шамадағы мөлшері бойынша, дайындалған бөлшектердің санымен 
есептеледі. Пайдаланылған сағаттарды зауыттың жоспарлы бөлімі есепке 


86 
алады; есеп деректері ай сайын бас механиктің бөліміне ұсынылады, онда 
жөндеу үшін агрегатты тоқтату мерзімі анықталады. Пайдаланылған 
сағаттарды ескермейтін агрегаттар үшін жөндеу циклдерінің, жөндеу аралық 
және тексеру аралық кезеңдердің ұзақтығы агрегаттарды пайдалану 
коэффициентін ескере отырып, оларды пайдаланудың күнтізбелік уақыты 
бойынша белгіленеді. Агрегатты пайдалану коэффициенті - бұл агрегат 
ауысым бойы іс жүзінде жұмыс істейтін уақыт санының (пайызбен) осы 
ауысымның белгіленген ұзақтығына (сағатпен) қатынасы. 
Ұсынылатын мерзімдер тұрақты болмайды және жүйелі түрде ұлғаяды, 
себебі машиналардың сапасы үнемі өсуде және кәсіпорындарда жоспарлап-
алдын ала жөндеу жүйесі жетілдірілуде. Нәтижесінде агрегаттардың қызмет 
ету мерзімі артады. 
4.2. Жөндеуді жоспарлап - ескерту мен реттеу жұмыстары 
Іске қосу-реттеу жұмыстарына тетіктердің, тораптардың, агрегаттар 
мен құбырлардың барлық түрлерін, электротехникалық, санитарлық-
техникалық 
құрылғыларды, 
автоматтандыру 
жүйелерін 
қамтитын 
жабдықтың технологиялық жүйесін жеке және кешенді сынақтан өткізуді 
дайындау және жүргізу кезеңінде орындалатын жұмыстар кешені жатады. 
Жөндеу жұмыстарының құрамы және оларды орындау бағдарламасы 
жабдықты дайындаушы зауыттың техникалық шарттарына, еңбекті қорғау 
және қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерге, 
мемлекеттік қадағалау органдарының ережелеріне сәйкес болуы тиіс. 
Жабдықты жұмысқа дайындау кезінде жабдықтың жарамдылығын және 
қозғалатын бөліктерде басқа заттардың болмауын, жабдықтың айналмалы 
және қозғалатын бөліктеріндегі қоршауларды, станиналардың, тіреулердің, 
редукторлардың, жалғастырушы муфталардың, храптық, стопорлық, тежегіш 
құрылғылардың және т.б. бекітілуін, тізбекті, белдіктік және басқа да 
берілістерді, 
бақылау 
өлшеу 
аспаптарын, 
жарық 
және 
дыбыс 
сигнализациясының 
құралдарын, 
жерге 
тұйықтау 
немесе 
нөлдеу 
құрылғыларын, гидравликалық және пневматикалық құбыр өткізгіштерді, 
реттеуші арматураны және т.б. тексереді, қажет болған жағдайда зауыттық 
дайындаушылардың талаптарына сәйкес керіп тартуды реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет