87
3) сызбаларда көрсетілген түске сәйкес келетін сымдардың түсін
анықтайды: күш тізбектеріне арналған қара сымдар, ауыспалы токты басқару
тізбектері үшін қызыл, тұрақты токты басқару тізбектері үшін көк,
жерлендіру қосу үшін сары жасыл;
4) электр
аппаратурасы
қозғалтқыштарының
сымдары
мен
орамдарының оқшаулауын мегаомметрмен тексереді.
Сымдардың оқшаулау
кедергісі 1 мОм кем болмауы тиіс, электр қозғалтқыштарының орамасы үшін
0,5 мОм;
5) негізгі жерге тұйықтау бұрандамасы мен кернеуі 48 В жоғары әрбір
құрылғы арасындағы сымдардың кедергісін өлшей отырып, жерге тұйықтау
құралын тексереді;
6) "Тоқта" авариялық кнопкасының әрекетін тексереді;
7) реттеу түймелерін қысқа мерзімде басып электр қозғалтқыш
валының
айналу
бағытын
тексереді.
Қажет
болған
жағдайда
электрқозғалтқыштың қысқыштарына
жалғанған екі сымның орнын
ауыстыра отырып, айналу бағытын өзгертеді;
8) барлық басқару және сигнал беру органдарының әрекетін тексереді,
монтаждау қателіктерін түзетеді;
9) ықтимал жасанды істен шығуларды, негізгі блоктаудың әрекетін
тексереді. Әсіресе, орын ауыстыруы дұрыс
еместігі жабдықтың сынуына
немесе апатына әкеп соғуы мүмкін, тораптардың алғашқы жағдайын бақылау
маңызды;
10) реттелу режимін реттеу, бақылау, майлау және электр басқаруы бар
барлық тетіктердің бірнеше рет жұмысын тексереді;
11) соңғы ажыратқыштарға әсер ететін басқару тіректерін қояды;
12) жабдықты жартылай автоматты режимге қосады және оның
жұмысының жүйелілігін, топтық реттеу түймелерінің
және апаттық бұру
түймелерінің жүмысын, циклды өңдеп және кідіріс себептерін анықтап
жабдықтың бірнеше сағатқа автоматты жұмыс режимін тексереді.[14]
Сынақтан өткізілген кейін аспаптармен жұмыс режиміндегі электр
қозғалтқыштардың жүктемесін тексереді.
Достарыңызбен бөлісу: