М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


 Күрделілігі орташа бөлшектер мен қосалқы материалдардың



Pdf көрінісі
бет57/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

4.7. Күрделілігі орташа бөлшектер мен қосалқы материалдардың 
техникалық құжаттарына қойылатын талаптар 
МЕСТ-тардан басқа стандарттардың мынадай санаттары бар: 
республикалық стандарттар ( РСТ), салалық стандарттар (ССТ), кәсіпорын 
стандарттары (КСТ). Кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар стандартты емес 
өнімге техникалық шарттар (ТШ) жасайды. Конструкторлық және 
технологиялық құжаттарды, өндірісті дайындауды ретке келтіретін, олардың 
еңбек сыйымдылығын төмендететін және еңбек өнімділігін арттыратын 
өндірістік қызметтің жекелеген тараптарына стандарттар жүйесі құрылады. 
Машина жасау саласындағы стандарттар жүйесіне: 
1) Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіне (КҚБЖ), жобалау-
конструкторлық, пайдалану және жөндеу құжаттарын ресімдеу, жүргізу 
ережелерін белгілейтін, шамамен жүзден аса мемлекеттік стандарт жатады
2) 
Технологиялық 
құжаттардың 
бірыңғай 
жүйесі 
(ТҚБЖ), 
технологиялық құжаттарды ресімдеу, жүргізу ережелерін белгілейтін 
шамамен жиырма мемлекеттік стандарттарды қамтиды;


103 
3) Өндірісті технологиялық дайындау процесін ұйымдастыру және 
басқару жүйесін белгілейтін шамамен жиырма мемлекеттік стандарттарды 
қамтитын өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі (ӨТДБЖ).
Машиналар мен оның бөлшектеріне қойылатын негізгі талаптар. 
Машиналарға стандарт бойынша екі талап қойылады: жұмысқа 
жарамдылығы және сенімділігі. Жұмысқа жарамдылық деп техникалық 
құжаттарда белгіленген шектерде берілген функцияларды орындау 
қабілеттілігі. Сенімділік деп машинаның белгіленген пайдалану мерзімі 
(ресурс) кезінде қызмет көрсетудің, жөндеудің, сақтаудың және 
тасымалдаудың берілген жағдайларында жұмысқа жарамдылығын сақтауы, 
оның бөлшектеріне қойылатын талаптар: беріктігі, қаттылығы, тұрақтылығы, 
тозуға, дірілге, жылуға төзімділігі жатады. 
Беріктілік деп сыртқы күштің әсері мен қызуы кезінде бөлшектердің 
өз тұтастығын сақтау қабілетін айтамыз. Бір өсьтік кернеулі жағдайда 
(созылу, сығылу, майысу) беріктілік шарты әрекет етуші кернеу рұқсат 
етілетін кернеуден аспауы тиіс. 
Төзімділік деп конструкцияның жүктелген элементтерінің өз пішінін аз 
өзгеріске ұшырау әсерінен сақтау қабілетін атайды. Қысу, майысу және 
бұралу кезінде орнықтылық жоғалуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет