103
3) Өндірісті технологиялық дайындау процесін ұйымдастыру және
басқару жүйесін белгілейтін шамамен жиырма мемлекеттік стандарттарды
қамтитын өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі (ӨТДБЖ).
Машиналар мен оның бөлшектеріне қойылатын негізгі талаптар.
Машиналарға стандарт бойынша екі талап қойылады:
жұмысқа
жарамдылығы және сенімділігі. Жұмысқа жарамдылық деп техникалық
құжаттарда белгіленген шектерде берілген функцияларды орындау
қабілеттілігі. Сенімділік деп машинаның белгіленген
пайдалану мерзімі
(ресурс) кезінде қызмет көрсетудің, жөндеудің,
сақтаудың және
тасымалдаудың берілген жағдайларында жұмысқа жарамдылығын сақтауы,
оның бөлшектеріне қойылатын талаптар: беріктігі, қаттылығы, тұрақтылығы,
тозуға, дірілге, жылуға төзімділігі жатады.
Беріктілік деп сыртқы күштің әсері мен қызуы кезінде бөлшектердің
өз тұтастығын сақтау қабілетін айтамыз. Бір
өсьтік кернеулі жағдайда
(созылу, сығылу, майысу) беріктілік шарты әрекет етуші кернеу рұқсат
етілетін кернеуден аспауы тиіс.
Төзімділік деп конструкцияның жүктелген элементтерінің өз пішінін аз
өзгеріске ұшырау әсерінен сақтау қабілетін атайды. Қысу, майысу және
бұралу кезінде орнықтылық жоғалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: