Глоссарий
Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси–ұлттық құрылым.
Ақпараттық агенттік – бұл ұйым жаңалықтарды жинау мен тарату ісімен айналысады. Ақпараттық агенттік жаңалықтарды таратудың ұлттық және халықаралық жүйесінің негізін құрайды. Тілшілер Ақпараттық агенттікке арналған хабарды (жаңалықтарды) жинайды, содан кейін осы жаңалықтарды газеттерге, журналдарға, мемлекеттік органдарға, телекомпанияларға, сауда және басқа құрылымдарға алып-сатады.
Консалтингтік агенттігі – кеңес беру түріндегі бір ұйым, әр түрлі мәселелер бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б.) клиенттерге қызмет көрсетеді.
Абсолютизм – жоғары өкімет билігі шексіз жеке–дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.
Абсентизм – бейсаясаттық түрі, азаматтардың саяси енжарлылығы, өкімет өкілдік органдарға сайлаушылардың сайлауға қатысудан ауытқуынан көрінеді. Азаматтық ұсынбау актілеріне қарағанда, абсентизм ұйымшыл мінезді алып жүрмейді, мынау көбінесе апаттық, тез арада болатын үрдіс.
Автаркия – елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат. Осыған орай ол шетелдердің тауарларын, капиталын және т.б.өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатқа да жасалады.
Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін–еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет–ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек өойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқтары сақталды.
Саясаттағы балама – екінің бірін немесе бірнешеуін бірін-бірі жоққа шығару мүмкіншіліктердің ішінен саяси қызметінің осы немесе басқа сұрақтарды шешу кезіндегі таңдау.
Альянс – одақ, әдетте мемлекет арасындағы келісімдік міндеттер негізінде кейбір ұымдардың бірігуі.
Имиджді қалыптастыру алгоритмі – ұйымның немесе көшбасшының имиджін қалыптастырудағы іс-әрекеттерді орындауда қалыптасқан реті. Типтік имиджді қалыптастыру алгоритмі келесі тәртіптерден тұрады: 1. Қоғам ішіндегі объект туралы қалыптасқан образды табу, ал бұл кімнің имиджін қалыптастыру керек екен объект. 2. Талапкер қоғам күтетін белгілі мінезді, жоғары бағалы белгілерге ие болу керек. 3. Қоғам күтетін, ерекше имиджді құрастыру керек. 4. Имидждің, іс- әрекеттердің жоспарын қалыптастыру стратегиясын құрастыру (түзету). 5. Имиджді қалыптастыру үрдісін қосу, бұл – құрастырылған имидждің мінездемесін нақтылыққа айналдыру жолы, осы имиджді қалыптастыру стратегиялық және жедел жоспарын жүзеге асыру жолымен жасалады. 6. Имиджді қалыптастыру үрдісін бақылау (стратегиялық және тактикалық жоспарларды іске асыру арқылы). Имиджді қалыптастыру объектінің аралық деңгейлерін өлшеу және оларды ең ерекше имидж үлгісімен салыстыру. 7. Ең ерекше үлгіге түзетулер (қажет болса) жасау (оны ең тиімді үлгіге айналдыру), сонымен бірге оны іске асыру стратегиясы мен тактикасы. 8. Қалыптасқан имидждің мониторингі, оны сақтау мен жаңарту қызметі (қажет болса).
Аннексия – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Бейсаясаттық – қоғамдық- саяси өмірге қатысуға немқұрайлылықпен, парықсыз қарау; саяси өмірден шеттеу, кейде өз сенімдерін жасыру үшін. Адамдардың бейсаясаттық көрсету жолдары осы немесе басқа сайлау науқандарға қатысудан шеттеу немесе референдумдерге, басқа да саяси іс-шараларға қатысудан шеттеу.
Коммуникация тосқауылдары – бөгеттер, коммуникатор мен реципиент арасында байланыс пен қарым-қатынас жасауға кедергі болады. Олар қатынас байланыстардың жүзеге асыруы барысында барабар қабылдауға, түсінуге және хабарлаулардың меңгеруіне кедергі болады.
Саяси блок (одақ) – бір мақсатты көздейтін мемлекеттерді, партияларды, қозғалыстарды біріктіру түрі. Блок саяси, біркелкі емес күштерді біріктірген одақ болып табылады. Ол үш топтан тұрады: 1) басым топ, ол блоктың стратегиясын білдіреді; 2) одақтық, одаққа енген басқа күштер үстінде басымдыққа жету үшін; 3) «реле», блоктың ұстанымдарын насихаттаумен айналысу.
Брифинг – а) басқару органдарының (парламент, өкімет, ұйымның басқарушысы және т.б.) қызметі туралы тілшілерге қысқаша хабар беру үшін арнайы дайындалған кездесу, сонымен бірге өкімет органдары мен халықты қызықтыратын ағымдағы оқиғалар туралы. б) нұсқау, жарнамалық мәтіннің үстінде жұмыс жасау барысында шығармашылық команда үшін тапсырмаларды қалыптастыру.
Бюллетень (пресс-бюллетень) - паблик- рилейшнз аспабы, нақты фирманың (мекеменің) мерзімді басылымдары түрінде көрінеді, оның қызметі туралы ағымдағы ақпарат жатады.
Саяси өкімет – бір субъектінің өз ерігін топтарға, көпшіліктерге, ұйымдарға, жеке тұлғаларға жабыстыру қабілеттілігі, сонымен қоса мемлекет институттары мен оның қорларын қолдану. Саяси өкімет мемлекеттің заңнамалық, атқару және сот органдары арқылы жүзеге асады. Бір субъектінің басқаға әсер ету қабілеттілігі әр түрлі қорларға негізделген: қорқынышта, назарда, сенімде, дәстүрлер, заңда, салттар және т.б. саяси өкіметті әлеуметтің, өкіметтің түрлерінен ажырату керек: отбасылық, өнегелі, құқықтық. Саяси өкіметті жүзеге асыруы мемлекеттік институттарға сүйенеді және үлкен топ адамдардың қызығушылықтарын қанағаттандыруды болжайды.
Саясаттағы волюнтаризм - іс-әрекет, өкімет жүзеге асыратын күш беретін әдістерге негізделген, ерікті қарастыратын, ең нәтижелі құрал ретінде қайратты әрекеттер, қоғамның тарихи даму объективті тенденцияларын мойындамау саяси қызмет, субъективизмнің көрінуімен және көшбасшылар, топтар, өктем құрылымдардың шешімдерінен сипатталады. Өктемшілдердің, көсемдердің, фюрерлердің әрекеттерінен көрінеді.
Вотум – шешім, дауысқа салумен қабылданған, қандай да бір ұйымның өкіметіне, министріне, басшылығына сенім немесе сенімсіз білдіруден көрінеді (сенім вотумы, сенімсіз вотумы). Егер Парламент сенімсіз вотумды шығарса, өкімет, негізінен, отставкаға кетеді.
Дауыс беру – көптеген адамдардың өз жеке пікірлерін жалпылау мақсатында білдіру процедурасы. Дауыс беру процедурасы сайлау түріндегі Ежелгі Грецияда қолданылған болатын, демократиялық жиналыстарда жеке адамдардың тағдырларын анықтау, мысалы, оларды қоғамнан қуып жіберу шешімді қабылдағанда. Ежелгі итальян қала- мемлекеттерінде жеткілікті толық өңделген дауыс беру процедуралары болған. XVIII ғ. Дауыс беру демократиялық теория негізі болып табылады (Руссо, Кондорсе). АҚШ- та 1787 ж., ал Францияда 1793 ж. дауыс беру тәртібі көрсетілген демократиялық конституциялар пайда болды. Дауыс беру мәселесін және сайлау учаскелерге келулерді ең бірінші зерттеген швед ғалымы Херберт Тингстен. 1930- шы жылдардың соңында қоғамдық пікірді зерттеу әдістері мен дауыс беру процедуралары пайда болды.
Альтернативтік дауыс беру – дауыс беру, кандидаттар оларға берілген дауыстар бойынша бағаланады. Кез-келген кандидат сайланған болып есептеледі, егер 50% +1 дауыс алса. Егер 50% тосқауылға ешкім жетпесе, онда тізімнен ең аз дауыс алған кандидат шығарылады. Дәл осылай тізімнен адамдарды шығаруды жалғастырады, ал көбірек дауыс алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Блокты дауыс беру – дауыс беру, ұйымда қанша мүшесі болса, сонша делегация дауыс береді. Осындай процедура АҚШ-ғы Лейбористік партияның конференциясында және сайлаушылардың америкалық коллегияларында (Мэн штатынан басқа) қолданылады. РФ-ның Мемлекеттік Дума Федералды Жиналысында КПРФ Фракциясы блокты дауыс беруді жиі қолданады.
Екінші турда дауыс беру – сайлаудың екінші турына шыққан екі кандидаттың ішінен біреуіне дауыс беру. Ең көп дауыс алған кандидат сайланған болып саналады.
Бүкілхалықтық дауыс беру - плебисцит – дауыс берудің түрі, сайлау құқықтары бар барлық азаматтар қатысады. Плебисцит дегеніміз кезекті сайлауларда бүкілхалықтық типтік түрде дауыс беру емес, бұл бүкіл халыққа маңызды белгіленген референдумдар. Ежелгі Римде плебейлердің жиналысында қабылданған қаулы плебисцит деп аталған. Сондықтан осы атаудың шыққаны да.
Дауыстарды тапсырумен бірыңғай дауыс беру – пропорционалды өкілділік жүйесі, бір қатар елдерде сайлауларда дауыс беруде қолданылады (Австралияда, Ирландияда, Мальтада), сонымен бірге әр түрлі қоғамдық және клубтық жүйелерде. Дауыстарды тапсырумен бірыңғай дауыс беру бос орындарды толтыру үшін қолданылады (әдетте үштен жетіге дейін). Әрбір сайлаушы кандидаттарды таңдау бойынша жазады, содан кейін берілген дауыстардың саны саналады. Егер кандидаттар белгіленген үлес (Друпа үлесі) бойынша дауыстар алса, олар сайланған болып есептеледі, ал дауыстар белгіленген үлестен асса, тізім бойынша келесі кандидаттың артынан жазылады. Егер осы дауыстарың қосындысы бойынша үлестен өтпесе, оларға тізімдегі соңғы кандидаттың дауыстары беріледі. Сайлау қажетті кандидаттар санын жинағанға дейін созылады. Осындай дауыс беру әдістемесі PR-қызметтерімен қолданылады, олар тізімнен қажетті адамдар мен ұйымдар санын таңдайды. Осыған байланысты олар эксперттік бағалаумен алдын-ала қарастырылады, содан кейін тізім бойынша дауыс беру жүйелі түрде жалғаса береді.
Жедел байланыс ( тура байланыс телефоны ) – оқиға орнынан «ыстық» жаңалықтарды және мәліметтерді бірінші қолдан білуге болады. Байланыс қызметтердің қоғаммен бірлескенде қолданылады, кері байланыс каналы ретінде, жедел телефоны корпоративтік тілдесу тәсімнің жүйесін толықтырады, басқа құралдарға бұан қолдары жетпейді, жетекші өзінің телефоның (оның нөмірі бәріне беріледі ) магнитофондық жазулардың соңғы бұйрықтарға, жаңалылықтарға, хабарлауларға қосады. Күн сайын мәтіні өзгеріп тұрады (немесе қажет болған жағдайда жаңа басқаратын ақпаратпен толықтырылады). «Жедел байланыс» телефонның әкімшілік кері байланыс каналы ретінде қолданылады(автоответчикке сыни ескертулерді, ұсыныстарды жазу және басшылық сұрақтарына жауаптарды және т.б. жазу).
Қысым топтары – қоғаммен байланысқанда – адамдар тобы қоғаммен байланыс жасау қызметімен қалыптасқан осы немесе басқа топқа жағымсыз жағымен қарау мақсатында сонымен бірге сол немесе басқа топбасшыға және оның әдістеріне жағымсыз қарау, саясаттануда қысым тобы ретінде формалды түрде ұйымдасқан топтармен бірге формалды емес адамдар тобы да аталалады, олар қарама-қарсы пікірде болады қоғамдық қысым арқылы басқа пікірі бар адамдарға қысым жасайды. Қысым топтары жұрт алдындағы акцмяларда жиі қолданылады.
Қызығушылық топтары – қауымдастық топтары, шешімдерді қабылдану кезде оларға әсер етуі. Қызығушылық аудару топтары қоғамдармен байланыс жасау қызметтерімен саяси партиялары мен біріктірулерге, үкіметке, қоғамдық пікірге және т.б. әсер етудің іс-әрекет құрамы ретінде қарастырылады.
Дебаттар (айтыстар, таластар, жарыссөздер) - әр түрлі мәселелер бойынша пікір ашнасу түрі. Дебаттар жиналыстар, конференциялар, отырыстар үстінде пайда болады, баяндамаларды, хабарлауларды, сөз сөйлеулерді талқылау үстінде.
Дельфейлік әдіс - бір мәселені шешу мақсатында сарапшылардың ішінен бір топ құрылады (қызметкерлер арасынан, осы мәселе бойынша толық білетін адамдар), олардың ішінде эксперттік сұрақтама таратылады. Фокус әдісі сияқты сарапшылар бірге жиналмайды және кездеспейді.
Өкімет өкілеттіктерін делегаттау - өкімет осы немесе басқа өкілеттіктерін уақытша басқаларға тапсыру, жеке немесе заңды тұлғаларға.
Саяси демагогия – екіжүзді уәделерді қолдану, фактілерді нақты түрде бұрмалау, жарамсақтықты және т.б. әдістерді қолданып, жасырын немесе айқын мақсатқа жету үшін, халық көпшілігі ішінде әйгілікпен беделді болу үшін.
Саяси дискриминация – азаматтардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдардың, ұлттық білімдердің құқықтарын әдейі түрде айыру немесе шек қою. Дискриминация нәсілдік белгілері, ұлттық немесе мемлекеттік белгілері, саяси немесе діни көзқарастары арқылы жүзеге асады.
Құпия ақпаратқа рұқсат болуы – өкілетті лауазым иесінің санкциялануы, нақты бор тұлғаның ләліметтермен танысуы, ал мәліметтердің мемлекеттік немесе коммерциялық құпиясы болады.
Сайлау кезінде кандидаттардың тізімдерін бөлу - кең таралған тәжірибе, бір уақытта әр түрлі партиялардың кандидаттарына дауыс беруі. Сайлау кезінде кандидаттардың тізімдерін бөлу саяси партиялардың әлсіздік белгісін білдіреді. Осындай жағдай жиі қолданылады, мысалы, егер бір партияда көбінесе атқару өкілеті болса? Ал басқанда-заң шығаратын.
Сайлау жүйесі – ережелер мен тәсілдердің жиынтығы, өкіметті ұйымдастырудың белгілі бір түрін қамтамасыз етеді, қоғамның мемлекеттік өкілдік, заңдымалық сот және атқару органдарға қатысуы, бір топ халықтың ерігін білдіруі, заң бойынша сайлау нәтижелерін легитимдік деп қабылданған. Мажоритарлық, пропорционалды жүйе және қарапаыйм болып бөлінеді.
Сайлау құқығы – а) құқықтық нормалардың жиынтығы, белгілі мемлекет ішінде өкімет органдарға сайлау тәртібін белгілейді, б\азаматтардың өкімет органдарға сайлау құқығы және сайланған болу бегесінді сайлау құқығы бар және сайлау құқығы ретінде барлық азаматтарға бірдей беріледі, нақты бір жасқа жеткенге дейін, қандай болмасын сайлау цензаларға мен қою болмайды. (Жас цензыдан басқа)
Аудиторияның сайлауға қатысуы - белгілі сегментке тұтынушыға медиатасушының ақпаратты жеткізуқасиеті;(немесе бір топ тұтынушыларға)
Сайлау учаскесі –сайлау округінің бөлігі, осында нақты бір сайлаушылар саны дауыс береді. Сайлау учаскесі сайлаушылардың тұру мекенжайы бойынша қалыптасады.
Сайлау округі- бұл сайлаушылар тұратың аумақ, бірыңғай схемамен дауыс береді (бірмандаттық немесе партиялық тізімдер бойынша) және бірдей немесе сондай баламалық кандидаттардың тізімінен алынады (сайлау бірлестіктерінің ал\дамдары). Сайлау округтің шекаралары әкімшілік шекараларымен сәйкес келеді және сәйкес келмейді. Бір сайлау округі бір әкімшілік білімді құрай алады (мысалы, Ресей Федерациясының субъектісі өкімет федералды органдарына сайланған кезінде) немесе бірнеше әкімшілік білімдерінен қалыптаса алады. Әкімшілік білімдердің шекарасында бірнеше сайлау округтері қалыптаса алады.
Сайлау тізімдері – ресми құжат, берілген сайлау учаскесінің барлық азаматтары енгізіледі, сайлауға құқығы бар азаматтар қатысады.
Сайлау технологиялары – маркетингтің саяси аясы, әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып, кандидаттардың нәтижелі басқарылатын имиджді жасау.
Имидж – 1) сыртқы бейне, субъектінің басқа адамдардан белгілі бір әсер, пікір, қатынасын көрсету мақсатында жасалады; 2) қасиеттер жиынтығы, субъектіге насихатпен, жарнамамен, нанымдармен, дәстүрлермен және т.б. өзіңе көңіл бөлу мақсатында шақырылады.
Имиджелогия – жеке сүйкімділік технологиясы туралы ғылым (В.М. Шепел пікірі бойынша). 1990 ж. В.М. Шепел жасаған ұғым, имидждердіқұрастыру теориясы ретінде қарастырылады, ал ғылым ретінде емес.
Саясат субъектісінің имиджі - әрбір саясат субъектісінің бірлестікте өз имиджі болады (жеке тұлға, партия, қоғамдық-саяси қозғалыс, мемлекет және т.б.).
Имиджмейкер – имидждерді жасау маманы, насихаттық науқандардың ұйымдары мен жарнаманы мұқтаж ететін адамдар, ұйымдар, партиялар және т.б. Имиджмейкер ең алдымен кәсіпқой, «тапсырыс беруші материалынан» өз өнімін жасайды. Имиджмейкер – бұл коммуникациялар технологиялары бойынша маман, оның ең басты мақсаты ең нәтижелі мен орынды бейнені жасау болып табылады, саяси және сауда құрылымдардың, оқиғалардың, бейнелі адамдардың.
Имиджмейкерлік – қоғам мәдениетің құрастыратын, құбылыстардың барлық спектрлерінде жүзеге асырылатын, прагматикалық мақсаттарға жету технологиясының қосындысы. Имиджмейкерлік – бұл көпшілік сана-сезіміне әсерін көрсету үшін шындық бейнелерді жасау тәсілдерінің кешені
Имиджмейкер – имидждерді жасау маманы, насихаттық науқандардың ұйымдары мен жарнаманы мұқтаж ететін адамдар, ұйымдар, партиялар және т.б. Имиджмейкер ең алдымен кәсіпқой, «тапсырыс беруші материалынан» өз өнімін жасайды. Имиджмейкер – бұл коммуникациялар технологиялары бойынша маман, оның ең басты мақсаты ең нәтижелі мен орынды бейнені жасау болып табылады, саяси және сауда құрылымдардың, оқиғалардың, бейнелі адамдардың.
Импичмент – мемлекеттің сайламалы басшысы – президентке дейін, мемлекеттің жоғары лауазымды азаматтарының парламентін сотқа тартудың құқықты процедурасы. Импичмент жағдайында қалыптасқан тәжірибеде осындай жауапкершілікке тарту және сотқа беру парламенттің төменгі палатасымен жүзеге асырылады, ал істің өзін қарастыру – жоғары палатамен жүзеге асырылады.
Саяси институт – қызметтер мен рольдердің, сонымен қатар әлеуметтік топтардың, мүгедектердің мүдделерін жүзеге асыруын қамтамассыз етуге міндеттелген құрылымдар жиынтығы. Саяси құбылыс ретінде ұйымдастырылған құрылыммен, орталықтанған басқаруымен, атқарушы аппаратпен саяси мекемелерді белгілейді (басқару институты - өкімет, парламент, сот органдары).
Саяси мүдде – алғашқы себеп, саясат субъект әрекеттерінің бас стимулдарының бірі. Саяси мүдде күрделі ішкі құрылымға ие, қайсысының негізін қоғамдағы билік құрылымға деген саяси қатынастарының барлық жиынтығына саясаттың әртүрлі субъектілердің қатынасын құрастырады; саяси күштердің, олардың күресі мен ынтымақтастығының өзара әрекеттесудің және жарысқа түсуінің кез-келген түрлерінің негізінде жатады.
Ақпараттық агенттік – ақпаратты баспа және электронды БАҚ сату мақсатымен ақпараттарды жинайтын және өңдейтін, әртүрлі ұйымдардың қоғаммен байланыс бойынша баспаның телеграфты агенттіктердің жүйесін өзімен ұсынатын, БАҚ үшін өзгеше мәліметтер банкі. Ақпараттық агенттіктер халықаралық және кез-келген коммуникациялардың халық жүйелеріне негіз болып қызмет атқарады.
Истеблишмент – мемелекеттік, экономикалық, қоғамдық-саяси институттар мен ұйымдар, сонымен қатар қоғамда билікке, беделді, авторитетке ие болатын, оларды ұсынатын адамдар, топтар.
Абыржып тұрған сайлаушы – сайлаушы, қайсысы сол немесе басқа партияға үнемі дауыс бермейді, ал өз саяси құштарлығын өзгертеді. Абыржып тұрған сайлаушы, ереже ретінде, басқаларға қарағанда бейсаясатты, басқалардан қарағанда күнделікті мәселелер туралы аз хабардар болады, жие оларға кімге дауыс беру керек екені бәрібір. Саяси ортадағы қоғамдастықпен байланыста. әсіресе сайлау компания кезеңінде, А.т.с. жие олардың дауысы үшін күрес майданы болып қалады.
Консалтинг – мамандандырылған компаниялар әрекеті, экономикалық, қаржылық, шаруашылық, саяси, әлеуметтік, мәдени және басқа әрекеттің кең шеңберлі сұрақтары бойынша өндірушілерге, сатушыларға, сатып алушыларға, саяси қайраткерлерге, әлеуметтік орта қызметкерлеріне және басқаларына кеңес беруде негізделетін.
Консалтинг фирмасы – мамандандырылған компания, қайсысының негізгі әрекеті клиентке кеңес беруден, маркетинг бағдарламаларын өңдеуден, жобалар нәтижелілігін бағалаудан, ұйымдастырушылық құрылымдарды құрастырудан және түрлендіруден, тауарлар мен қызметтер нарығын зерттеуден және болжамдаудан, дағдарыс жағдайдан шығу жолдарын іздеуден тұрады. К.ф. әрекетінің негізгі саласы қоғамдық қатынастардың әртүрлі саласындағы кеңестерді өткізу болып келеді (саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани) К.ф. белгілі тіршілік әрекет саласындағы нақты ұсыныстар мен рекомендацияларды өңдейді, мәселелік жағдайдайларды шешу тәсілдерін ұсынады.
Саяси сферадағы кеңес беру саяси құрылымның пайда болудың және дамуының әртүрлі аспектілерін, қоғамның саяси жүйесіндегі олардың орны мен қызметін, елдің, аймақтың, муниципалды білім беру жүйесінің нақты саяси басшыларының қызметі мен орнын қарастырады.
Саяси кеңес беру – қоғаммен байланыс бойынша маманның кәсіби әрекетінің салыстырмалы жаңа саласы. С.к.б. саяси сферадаға кеңес беру жұмыстарын өткізудің құрама компоненті болып келеді. С.к.б. клиентті қызықтыратын саяси жағдайдың диагностикасын жүзеге асырғаннан кейін ереже ретінде жүзеге асырылады. Ол жие арнайы жабдықталған орында және конфиденциалды жағдайда бекітілген, алдын ала белгіленген уақытта өткізіледі.
Кеңес беру-ынтымақтастық – мәселелерді шешудегі клиентке көмек көрсету мақсатымен идеялармен айырбас. Кеңес беруші және кеңес алушы (клиент) тиімді шешімді таңдау мақсатымен өз білімдерімен, көз қарастарымен, құңдылық жүйесімен алмасады.
Басқару кеңес беру – қандай да бір объектісін басқарудағы пайда болған мәселелерді шешуде басшыларға экспертті көмек. Б.к.б. берілген объектінің диагностикасынан, бар мәселелерді шешу үшін қажетті шараларды анықтаудан басталады. Кеңес берушімен шешімнің нақты нұсқасы немесе тапсырыс беруші-ұйымдастыру спецификасын ескеріп, мәселелерді шешу жолдары және сараптама құралдары ұсынылады
«Дөңгелек үстел» -, тең құқықтары бар қатысушылар, белгілі ретте өз пікірлерін айтады, қандайда бір сұрақтарды көпшілік алдында талқылау немесе баяндау формасы. Д.ү. – жұртшылықтың әртүрлі тобы үшін маңызды, идеяларды генерациялаудың және талқылау түрінің бірі. Мекемелердің жоғары басшыларының «дөңгелек үстеліне» қатысуы және олардың нәтижелерін БАЖ жариялау жұртшылықты қызықтыратын ұйымдар туралы көбірек біоуге мүмкіндіктерін жоғарлатады. Д.ү. саяси кеңес берушінің жұмыс түрінің бірі болып келеді.
Саяси мәдениет – нақты қоғамда басшылық және азаматтар сферасына жататын, тәртіп үлгісінің және құңдылықтардың, түсініктердің тарихи қалыптасқан жиынтығы. С.м. адамның әлеуметтену үдерісінде қалыптасады. Саяси кеңес беруші кеңе алушы ұйымның диагностикасын оның С.м. анықтаудан бастайды.
Кумулятивті нәтиже – қалыптасқан стереотиптер және көпшілік мәдениеттің аңыздары түріндегі көпшілік аудиторияның сана сезіміне, психологиясына және өмір бейнесіне біруақытты КАЖ әсерінен алынған, нәтиже. К.ә. білу және оның әрекетін басқа факторлардың ішінен мүшелей білуі саяси кеңес берушіге дұрыс шешімді қабылдауға көмектеседі.
Коалиция – бірлестік, келісім, одақ. Мемлекеттермен, кәсіподақтық немесе басқа ұйымдармен жалпы экономикалық, саяси, әскері мақсаттарға жету үшін еркін бастамаларда құрастырылады.
Ымыра – парасатта негізделген дауласуларды шешу тәсілі, негізгі мақсаты қатысушы жақтардың өзара көну жолымен келісімге жету.
Консенсус – кеңеске, конференцияларға, съезд немесе басқа сайланған форумға қатысушылардың барлығының ынтымақты келісім арқылы шешімді қабылдаудың алқа болып шешу түрі. «Консенсус» термині әртүрлі саяси күштердің сол немесе басқа сұрақ бойынша көз қарастар ұстанымының қауымдастығын өрнектейді.
Саяси дауласу – субъектілердің қорларын, құңдылықтарын және статусын өз пайдасына қайта үлестіруге талпынысымен сипатталатын, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың күй жағдайы.
Саяси конфоризм – үстемдік етуші саяси идеяларға, көз қарастарға, пікірлерге, сонымен қатар сол немесе басқа басқарушыларға, саяси басшыларға, беделді адамдарға және т.б. сынама емес, бейімделген қатынаспен сипатталатын, саяси ұстаным.
Саяси концепция –бірыңғай белгілі саяси мәселелерді шешу жолдарын және қойылуын қарастыратын, ниетпен, негізбен, басқарушы ой-пікірмен анықталатын, саяси қөз қарастардың, идеялардың, мақсатты нұсқаудың жүйесімен байланысты.
Саяси бірлестік – мемелекеттік билікті жүзеге асыру – мақсатына жету үшін бірлескен, адамдар жиынтығы – саяси бірлестіктер үстемі арқылы саяси жүйенің мағынасын сипаттайтын, ұғым.
Саяси дағдарыс – саяси жүйенің күй жағдайы, қайсысы кезінде өкімет өз ұйымдастырушылық қызметін орындай алмайтын халге жетеді.
Легитимділік – бар билік институттарының заңды және олар қабылдайтын шешімдердің заңды екенін қоғаммен мойындауы.
Саяси қолбасшы – тұлға, қоғамға, топтарға, ондағы бар саяси өкімет арқасында үнемі және шешуші түрде әсер етуге қабілетті.
Лоббильдеу – заң шығарушы немесе атқарушы билігімен шешімдерді қабылдауға әсер ететін, жеке және қоғамдық ұйымдардың әрекет жиынтығын белгілейтін термин. Л. - өкіметті құрылымдармен шешімдерді қабылдау үдерісіне қызығушылық танытатын топтардың әсері. Алғашқы рет осы ұғым АҚШ конгрессінің хаттамаларында пайда болған, қайда осы өкіметтің қуатты құралы бүгін «конгресстің үшінші палатасы» ретінде сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |