3
АНЫҚТАМАЛАР
Аймақтық ерекшелік – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністері
мен этномәдени бояулы мазмұнын
сақтаған атаулар мен ұлттық
құндылықтарды құрайтын аталымдар семантикасы.
Аймақтық лексика – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің аймақтық көріністерін
таңбалайтын этномәдени мазмұнды бірліктер.
Аймақтық сөз – белгілі таралу шегі бар, әдеби тіл нормасына жатпайтын, өзге
аймақ
тұрғындары біле бермейтін, ұлттық тілдің бір тармағын құрайтын,
аталым қызметін атқаратын лексикалық бірлік.
Диалект – жалпыхалықтық сипаты жоқ, белгілі бір жерде,
белгілі тілдік
өзгешелігі бар аймақты білдіретін, белгілі аймақта
ғана қолданылатын тілдік
ерекшелік.
Диалектілік лексика – жалпыхалықтық мәні жоқ,
жергілікті, аймақтық
сипаттағы сөздер.
Диалектілік тұрақты тіркес – белгілі аймақ тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүр,
географиялық жағдайына, рухани дүниесіне байланысты пайда болған, құрамы
жағынан тұрақты, бейнелі, образды түрде жұмсалатын дайын тілдік бірлік.
Достарыңызбен бөлісу: