М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет14/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89
Бисенбаева

таным объектісіне айналады. «Басқаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз – 
материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық 
тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс-әрекет барысында субъект 
игерген бөлігі» 

2,218-219-бб.]. Таным нысандары адамның іс-тәжірибелік 
қызметімен тығыз байланысты және оған тәуелді болады. Таным үдерісінің 
негізінде адамның ақиқат дүниеге тигізетін белсенді әрекеті жатады, өйткені 
таным адамның ақиқат құбылыстармен байланысына, оларға тигізетін әсеріне, 
олардың өзгерісіне қарай дамып отырады. Сондықтан таным дүниенің адам 
санасындағы белсенді әрі мақсатты түрде бейнеленуі ретінде қарастырылады. 
Адамның табиғат заттары мен құбылыстарына ықпал жасап, оны да, өзін де 
өзгертуге бағытталған қызметі практика деп аталады, ол – адамның қоғамдық 
және материалдық қызметі. Қоғамдық практиканың негізі – материалдық 
игіліктерді жасау, сондықтан оның құрамы күрделі де алуан түрлі: әлеуметтік 
қызмет, ғылыми ізденіспен тәжірибе эстетикалық өзгертушілік қызмет т.б. 
Осыдан таным үдерісі, алдымен, сезімдік және ғылыми танымның бірлігі екені 


26 
аңғарылады. Сезімдік таным – сезім мүшелері: көру, есту, сезіну арқылы жүзеге 
асатынын танып-білу. Таным үдерісінің механизмі күрделі деп есептеледі, 
өйткені ол нақты аңғарудан, түйсінуден (сезімдік танымнан) басталып
абстрактілі ойлауға (ақыл-ой таразысына) өтеді де, практикаға барады. Сезім 
мүшелері дүние, әлем туралы мәліметтердің адам санасына апаратын арнасы 
болып табылады. «Таным жолы – осы» 

2,218-21-бб.]. Бұл Асан Қайғы 
дүниетанымы тереңінде төмендегіше сипатталады:
«Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз, Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады». Асан Қайғының 
пайымдауында сезімдік таным – шер, рационалдық (ақыл-ой) – сөз [16, 252-
253-бб.]. Халықта «Көңілдің кірі айтса, кетеді» деген ойтүйін де бар. Асан 
Қайғы дүниетанымында «асыл сөз» – тілде сөз арқылы таңбаланған ақыл-ой 
көрінісі. Асан Қайғының шері – халқының тағдыры, алайда шер – тек уайым-
қайғы емес, таным жолы, білім жолы. Сол шерді қалай тарқатуға болады деген 
ой аңғарылады. Асан Қайғы таным жолына «Жерұйықты іздеу» арқылы 
шықты, бұл даналық түйін – сол жолдағы ақыл-ой еңбегінің жемісі. Оның 
жолын данышпан ассоциация арқылы көрсетеді. Ол – өмірдің қатпарларындағы 
адамның ақыл-ой санасы арқылы жинақталған білім. Оған жан-жақты терең 
адам ғана жол табады деген терең ой байқалады. А.Салқынбай Абай сөзінің 
лингвопоэтикасы жайлы еңбегінде Абай нұсқаған танымдық жол, бағыттаған 
білім өмірдің әр қиырындағы жақсылық пен жамандық, арзан мен қымбат т. б. 
адами қасиеттерді танып-білуге негіз болатын қандай құдірет екенін: «.. бұл 
берісі қазақ дүниетанымына, әрісі адамзаттық рухани ізгіліктерге негізделген, 
адами тура әдеп пен жақсы қасиеттерді насихаттайтын ПАТША СӨЗ болатын. 
Сөздің күші – айтылуында да, бағалануында да. Айтылған сөз бағаланса, 
нұрланады, ақынның өзі айтқандай, түзелген сөзді тыңдайтын тыңдаушы 
түзелсе, мұраттың орындалғаны. Бүгінде Абай данышпанның әрбір сөзі 
мақалға, нақыл сөзге, ақыл сөзге айналып, халық арасында түзелген тыңдаушы 
жүрегін нұрландырып жатса, СӨЗДІҢ бағаланғаны деп қабылдап, бағаланған 
СӨЗДІҢ халық қазынасындағы құндылыққа айналғанын айтамыз» [17,48-49-
бб.],- деген ойы арқылы пайымдатады.
Халық даналарының сөздің құдірет-күшін танып, оның адам танымының 
жоғары деңгейін таңбалау қабілетіне ие екенін сезініп, оны ұрпақтарына мұра 
етті. Сөздің даналар тілінде құбылуы мен «тіл қаруы» ретіндегі құдіреті – СӨЗ 
семантикасының тереңдігінде. «Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен» 
тұрады дейтін қағиданың дамуы лингвистикада сөздің «ішкі формасы» ілімінің 
енуіне негіз болды. А.А.Потебня сөздің негізгі үш элементі: дыбыс, мағына 
таңбасы, яғни елестету және мағына деп бөліп көрсетті. Мағына таңбасы 
немесе елестету ұғымдарын басқа заттың қасиетімен салыстыру арқылы 
танылатын заттың белгілік атауы деп есептейді, «... знак значения... есть общее 
между двумя сравниваемыми сложными мысленными единицами или 
основание сравнения. ... знак в слове есть необходимая замена 


27 
соответствующего образа или понятия; он есть представитель того и другого в 
текущих делах мысли, а потому называется представлением» [18,1958, 17-б.]. 
Бұл қоршаған ортадағы зат-құбылыстың белгілі қасиеттерін бойына жинақтаған 
бір сөздің, жаңадан танылған зат-құбылысты таңбалауға негіз болуымен қатар, 
оның мағынасының өзге бірнеше сөздің туындауына түрткі бола алатынымен 
айқындалады.
Сөйтіп, сөздің атауыштық қызметі оны таңба ретінде танудан туындайды. 
А.Соломониктің пайымдауынша, сөздердің көпшілігі тілдің таңбалық жүйесіне 
қатыссыз, одан тыс бір нәрсені белгілеу, атау үшін пайда болып жатады. Бұл 
сөздің бастапқы және негізгі қызметі болып табылады. Сөз өзінің атауыштық 
қызметін жүзеге асыру барысында таңбалық табиғатын танытады. Тілден тыс 
ақиқаттың бір зат-құбылысын бейнелеп таңбалайды. Тілден тыс ақиқат-
шындық материалдық және рухани әлем деп аталады. Сонымен, сөз – таңба, 
таңбаланушы, ұғым, оның адам санасындағы көрінісі арасында қатынас үш 
бағытта дамиды: 

таңбаланушы, оның сөздегі таңбасы – лингвистикалық байланыс;

ой-санадағы көрінісі - психологиялық байланыс;

өз дәуірінің мәдениетіндегі жағдайын танытуы – мәдени-әлеуметтік 
байланыс. Осы үштұғырлы сабақтастық адамзат пен оның мәдениетінің 
дамуында шешуші роль атқарады [15,264-265-бб.]. Оны сөз – атауыштың тіл 
жүйесіне ену жолын талдау арқылы түсінуге болады. Мысалы, қазан – түркі 
тілдеріне ортақ атау. ҚҚТТС-та қазан атауының сөзжасамдық парадигмасы мен 
синтагмалық қатынасынан туындаған алуан түрлі өзгерістері берілген 
[ҚҚТТС,1980,5,500-506-бб.]. Осының ішіндегі «тамақ пісіруге арналып, 
шойыннан я мыстан жасалған ыдыс» атауыштық мағынасының өзгерісі кең.
Біріншіден, бұл ұғымнан көптеген бейнелі мағына тарайды: 

қонақжайлық, дастархан мағынасында: қазан асу, қазан көтеру, қазаны 
оттан түспеді, қазан аузынан бөліп ішу, қу қазан, т.б.; 

билік, мінез-құлық жағымсыз мінез мағынасында: ешкімнің қазанын 
сындырған жоқ, қазан құлағын ұстады, қырық қазанның құлағын тістеді, 
қазаны майланды, қазан үстінен күн көру, жабулы қазан жабуымен, қу қазан
қазан бұзар т.б.; 

алғыс, қарғыс мағынасында: қазаның оттан түспесін, қайнаған қазан 
бауырыңа төгілгір т.б; 

адамның түр-түсін, бет-пішінін бейнелеу мағынасында: қазанның түп 
күйесіндей, қазан бас т.б.; 

еңбек, кәсіп мағынасында: ау қазаны (балық шаруашылығында), еңбек 
қазаны, өмір қазаны т.б.; 

аймақтық сипаттағы:қазан ас – күзде соғымнан бұрын сойылатын мал 
(Рес., Қалм.); қазан бой біту – сауын малының суалуы, сүті азаюы (Жамб.: Шу, 
Қорд.; Талд., Қарат.); қазан шегелеу – қонақ үшін тамақ істеу (Шымк., Арыс); 
қазаны қаңсу – ішіп-жемнен жұтау, азық түліктен тарығу (ҚХР); қазанына 
қаспақ біткен – байыған, дүние, мал біткен (ҚХР); қазаны суға кету – қонақасы 
бермеу. Ол үйдің қазаны суға кеткен (Шымк., Арыс) т.б. 


28 
Екіншіден, қазан сөзі сөзжасамға негіз болады, оның синтетикалық, 
аналитикалық тәсілдері арқылы жаңа атау жасалады: 
 қазандық (әдеби-сөйленістік), қазаншы, қазанша, қазандай, қазаншық 
(сөйленістік); 
 қазан жақ (ауыз үй; қазан, ыдыс тұратын оң қол жақтағы орын; ас үй); 
қазан үй (ас үй, қазан тұрған үй); қазанжап, қазанжаппа/қазанжаппай (қазанға 
пісірген нан) қазан атауышы бұдан да басқа атаулардың жасалуына негіз 
болады. 
Ә.Нұрмағамбетов асқазан сөзінің жасалуын қазан атауымен байланысты 
таратады. Ә.Нұрмағамбетовтың тұжырымдауынша, асқазан – екі түбірден 
құралған сөз, бірінші сыңары – ас (тамақ мағынасында), түркі тілдерінің төл 
сөзі. Сөздің екінші сыңары – «қазан», қазақтар мен Орта Азиядағы басқа түркі 
тілдеріне иран тілінен ауысып келген. Иран тілінде «һазем»,«тамақ қорытатын, 
тамақ қорытуға көмегін тигізуші» [Пер.-рус. Сл., 1983, 2, 712-б.] мағынасын 
білдіреді. Бұл тұжырым бойынша, асқазан күрделі атауы түркі тілдерінің төл 
сөзі ас пен қазан кірме сөзінің бірігуінен жасалған [Нұрмағамбетов, 1994, 149-
б.]. М.Қашқари «Түрік сөздігінде»: «Er arық қazdы: Ер арық қазды. Адам арық 
қазды. Басқаларға да осы секілді. At қazdы: Ат қазды (Ат жер тарпыды, 
ауыздығын шайнап, алдыңғы аяғымен жер қазды, тарпыды. Қazar– қazmaқ: 
Қазар-қазбақ)» [МҚ,2,21-б.]. «Ас – адамның арқауы» ас-су, тамақты қорыту 
туралы түсінік тамақтану дәстүрінің қалыптасуына орай, азық-түліктің пайда 
зияны тамақты пайдалану мөлшері т.б. денсаулыққа қажет таным қалыптасқан 
кезде жинақталуы тиіс. Бұдан түркі тілдеріндегі «қазан» сөзі мен «тамақ 
қорытатын мүше» асқазан атауындағы «қазанды» бір санаудың реті жоғы 
көрінеді, өйткені тамақты жасап, пісіру мағынасы оны жүзеге асыратын 
құралдың пайда болуы иран тілдерімен араласудан бұрын қалыптасқан деп 
жорамалдауға болады. Түркі тілдеріндегі түбірлерді зерттеуші ғалымдардың 
пікірінше, қаз – бір буынды тарихи түбір. Ә.Т.Қайдар қаз түбірінің төрт түрлі 
мағынасын көрсеткен. Соның қимыл мағынасы «қазу», «жер қазу» болса, «қаз», 
«тұру» көмекші етістігімен тіркесіп, қаз тұру – күрделі етістігін жасағанда, 
«стоймя, нечто стоящее вертикально» дегенді білдіреді деп түсіндіреді [19,214-
б.]. Аяқ басып жүруге талпынған сәбиді өздігінен алғаш тұру сәтін «қаз тұру» 
дейді.
Е.Қажыбеков жалпытүркілік «қаз» түбірінің түркі тілдерінде: qaz– /gas-/ 
gaz-тұлғаларында «рыть, копать, выкапывать, окапывать» мағыналарын 
білдіретінін айтады. Осы мағынада бұл түбір Көне түркі сөздіктерінде 
[ДТС,439-б.], С.Малов [Малов СЮ,48-б.] еңбектерінде кездеседі. Түбірдің есім 
мағынасы тек гагауыз тілінде бар, qaz- «мотыга, который окапывают землю» 
мағынасын білдіреді [20, 162-б.]. Қазақ тілінде қаз түбірінен қазық (қазық қағу), 
қада (қада ағаш) есімдері де жасалады. «Қаз» түбірінің түпкі мағынасы ежелгі 
түркілер дәуірінде тамақты жерді қазып, жерошақ жасап пісіру дәуірінен тамыр 
тартады деуге болады. Қазан-ошақ, қазан-аяқ қос сөздері – осы үдеріс 
нәтижесінде пайда болған, оның құралдары. Сонымен қатар, көшпелі тұрмыс-
тіршілікке қажет құралдар жетіліп отырады. Қазанаспа – «қазанды асатын 


29 
(ілетін) ошақ, қазандық», мұнда жерді қазудың қажеті жоқ, жиналмалы құрал 
«мосыға» асады. Осыдан – «тамақ пісіру, жасау» мағынасындағы қазан асу 
күрделі сөзі пайда болады, бұл тұтастай «тамақ пісіру, дайындау, жасау» 
үдерісінің нәтижесі деуге болады.
Қысқаша талдау белгілі атаудың қалыптасу баспалдақтарын танытады, 
алдымен, ең басты қажеттілік қоректену, тамақ жасап ішу, тән қажетін 
қанағаттандыру, сондықтан оған қажет басты негізгі таңбаланушы таңдалып, 
атауға ие болады. Бара-бара адам танымы жетілген сайын оның әдіс-тәсілдері 
де жетіледі, құралдары сан жағынан да, маңызы жағынан да байиды. «Қазанды» 
қазақ киелі ыдыс санайды, «Қара қазан, сары баланың қамы» – қазақ 
дүниетанымының өзек мәніне айналған. Қазан-ошақ отбасы, үй-жай мағынасын 
білдіреді. Ошағына от жақпаған, мұржасынан түтін шықпаған үй – үй емес. 
«Қара қазан» «қара шаңырақ» – әулет иесіне тән. Қазақ қазанда құт болады деп 
есептейді, оны біреуге бермейді. Қазанынан айырылса, құт кетеді, аштық 
болады, алдынан ас кетеді деп сақтанады. Көшкенде қазанқапқа салып, арбамен 
алып жүреді. Қазан біздің дәуірімізден бұрын 3-5 ғасырларды пайдаланылған 
деген дерек бар деп есептеледі. Қазан – қазақ этносы үшін қасиетті мүлік, өте 
байырғы ыдыс, сондықтан оның этномәдени мазмұны терең [21,100-101-бб.].
Қазан атауының мазмұнына жинақталған ақпарат – этнотанымдық - 
сезімдік - этномәдени ақпарат болып табылады да, осы жүйедегі атаулар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет