М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет8/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89
Бисенбаева

Зерттеудің мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты қазіргі антропоөзекті 
бағыттың ғылыми-теориялық қағидаларына сәйкес, аймақтық этномәдени 
мазмұнды тіл бірліктерін анықтап, олардың дәстүрлі мәдениетпен байланысын, 
аймақтық тіл бірліктері семантикасындағы этномәдени мазмұнды таныту 
арқылы олардың танымдық, қатысымдық қызметін көрсету болып табылады. 
Зерттеудің міндеттері: 
 этномәдени лексиканы антропоөзекті бағыт парадигмасында зерттеудің 
теориялық тұжырымдарын зерделеп, зерттеу нысанына сәйкес бағытын 
айқындау;
 аймақтық сөздің белгісі, аймақтық лексикадағы белсенді сөзжасам тәсілі, 
оны номинация теориясы тұрғысынан анықтау; 
 аймақтық лексикадағы этномәдени компонент түсінігін ашу, этномәдени 
бірліктердің дүниетанымдық қызметінің қатысымдағы әсерін көрсету; 
 сөйленістер жүйесіндегі этномәдени лексиканың танымдық негізін 
тарихи-құрылымдық қабаттары арқылы негіздеу; 
 құндылық – этномәдениет компоненті, құндылық түрлерін анықтау: 
жалпы адами құндылық пен ұлттық құндылық ұғымдарының айырмашылығын 
тіл деректері негізінде түсіндіру;
 рухани және материалдық мәдениет деректерінің тақырыптық топтарын 
анықтап, этномәдени семантикалық тұрғыдан сипаттау. 
Зерттеудің дереккөздері. «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» 
(Досқараев Ж., 2-бөлім, 1955), Аманжолов С. «Қазақ тілі диалектологиясы мен 
тарихының мәселелері» (2004), «Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі» (1969; 
1996; 1999), «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі» (2005), «Қазақ тілі тарихы мен 
диалектологиясының мәселелері» (6 жинақ. 1958-1994), Радлов В.В. «Опыт 
словаря тюркских наречий» (1893-1910, т.1-4), «Древнетюркский словарь» 
(1969), Малов С.Е. «Памятники древнетюркской письменности» (1959), 
Севортян Э.В. «Этимологический словарь тюркских языков» (1974-1980), 
Будагов Л.З. «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» (1869, Т.1, 
1871, Т.2), М.Қашқари «Диуани луғат-ит-түрк», 3 томдық (Егеубаев А., 1997), 
Кеңесбаев І. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» (1977) Е.Жанпейісов 
«Этнокультурная лексика казахского языка» (1989), «Қазақ тілінің 
фразеологиялық сөздігі» (1977), Ә.Т.Қайдар «Қазақтар ана тілі әлемінде» 
(этнолингвистикалық сөздік), 3томдық (2009-2013), «Қазақ халқының ұлттық 
киімдері» (2011) «Қазақ афоризмдері» (2012), т.б. еңбектер пайдаланылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет