32
деңгейіне өткен бірлік. Құндылықтар әлемі – ұлттық мәдениеттің өзегін
құрайды. Осы мәселеге қатысты О.С.Жұбаева: «Бүгінгі таңда адам факторы
өзекті болуына
байланысты тілді антропоөзекті тұрғыда зерттеуге ерекше көңіл
бөлініп келеді. Мұнда тілдің объективті және субъективті жағына ерекше мән
беріледі. Тіл ақиқат болмысты тану барысында
жинақталған әлем туралы
білімді жеткізудің негізгі жолы болып табылады. Тіл ойды жарыққа шығарумен
қатар, таным әрекетіне өзіндік таңбасын қалдырып отырады. Сол себепті тіл
ойлау әрекетіне қатысады. Адамның ойлау және сөйлеу қабілеттерін зерттеуде
когнитивтік лингвистиканың орны ерекше»
7,12-б.
,- деген тұжырым айтады.
Антропоцентризм – адамның дүниетанымдағы ролін көрсететін философиялық
термин [25,6-7-бб.]. Ол «дүниенің, әлемнің бәрі адам үшін адамның игілігі үшін
деген ұғымға табан тірейді. Дүниетанымның негізгі категориясы ретінде
қарастырылатын философиялық көзқарасты қалыптастырады. Бұл көзқарас
танымдық, когнитивтік тіл білімінің тілдік ақпаратты жию, оны өңдеп меңгеру
мен пайдалану үдерісін зерттеу нәтижесінде жүйеленіп, қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: