М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


әдеби негіз + әдеби қосымша



Pdf көрінісі
бет43/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89
Бисенбаева

әдеби негіз + әдеби қосымша және «диалектілік» негіз + әдеби қосымша 
қалыбы саналады. Бұдан сөйленістік туынды жасау үдерісінде жалпыхалыққа 
ортақ танылған тірек морфеманың (түбірі немесе қосымша) маңызы үлкен екені 
аңғарылады. Жаңа танылған ұғымды атауда оның мазмұны мен өзек семаның 
ортақтығы және сөз тудырушы тұлғаның мағыналық үйлесімі әдеби негіз, 
әдеби қосымша мен сөйленістік негіз арасындағы байланыста айқын көрінеді. 
Сөйленістік туынды жасауға қатысатын сөз тудырушы тұлғалар сөз тудыру 
қабілетіне қарай, құрамына қарай жалпы сөз тудырушы қосымшалар сияқты 
өнімді, өнімсіз, жалаң құранды болып келеді, қолданылуына қарай актив, 
пассив түрде жұмсалатындары да бар.
Этномәдени лексикадағы күрделі атаулар. Күрделі атаулар тілдегі 
барлық лексикалық бірліктер секілді құрылымдық және мағыналық айқын 
тұтастықты білдіретін бір ұғымның атауы ретінде танылады. Осы белгісі 
арқылы сөз – лексема ретінде тіл жүйесіне енеді. Б.Қасым осы мәселе жайында: 
«Күрделі атаудың бір қызметі зат пен құбылыстың мәнін білдіру болса, 
екіншісі – бір реалийлерден екінші реалийлерді айыратын, ерекшелейтін 
атаулық белгісі. Ол – сөзжасам үрдісі мен заңдылықтары негізінде тіл 
жүйесінде болатын құбылыс. Қазақ тіліндегі пайда болған күрделі атаулар – 
осы үрдістің нәтижесі» [104,94-б.],-дейді. Заттың күрделі атауы – дара лексема 
ретінде тілге тән қатысымдық және атаулық қызмет атқарады, дегенмен, 
алдымен, тілде аталым құралы, туынды лексема қызметінде қалыптасқан 
сөздер. 
Күрделі атау сөз тұлғасы парадигмасына енеді. А.Байтұрсынұлы сөзді 
тұлғасына қарай беске бөледі, соның ішінде күрделі сөз «қос сөз» аталып, ол 
«жалпылағыш қос сөз» және «жалқылағыш қос» болып екіге бөлінеді. 
Осындағы жел-бау, төсек-ағаш, жүк-аяқ т.б. мен Есен-аман, Асыл-бек т.б кісі 
аттары бірігу тәсілі арқылы жасалғандар [105,24-25-б.]. Күрделі сөздердің 
бәріне ортақ белгілі олардың «қосындылық» табиғаты деуге болады. 


83 
Қ.Жұбанов «кіріккен», «қосар» сөздерді «қосынды» деп атаған. «...кіріккен сөз 
дегеніміз – екі сөзден, не үш сөзден кірігіп барып, бір сөздің орнына жүретін, 
оның үстіне қосақталу амалы заңды күйге түспеген қосындылар болып шығады 
да, қосар сөз дегеніміз – екі сөзден, не үш сөзден қосақталып барып, бір сөз 
орнына жүретін, оның үстіне, қосақталу амалы белгілі бір заңға негізделген 
қосындылар болып шығады. Сөйтіп, кіріккен сөз дегеніміз – заңсыз қосынды, 
қосар сөз дегеніміз – заңды қосынды болып шығады. Сондықтан кіріккен 
сөздер өлі форма болып шығады да, қосар сөздер тірі форма, жанды форма 
болып шығады» [10,242-244-бб.],-деп анықтайды. Сонымен қатар, Қ.Жұбанов 
«Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты еңбегінде қазақ тіліндегі 
грамматика авторларының өзінен бұрынғы еңбектеріне де көзқарас білдірген. 
А.Байтұрсынұлының «Тіл құралындағы» «қос сөз» және оның түрлеріне 
байланысты өзіндік ойын айта отырып, кіріккен сөздің белгілерін төмендегіше 
анықтайды: 
 қанша сөзден құралған болса да кіріккен сөздер бір-ақ нәрсені атайды 
(қолғап); 
 кіріккен сөздің құрамындағы сөздің бәрі жиналып, сөйлемнің бір мүшесі 
болуы керек (қарақұс т.б.; 
 кіріккен сөздердің қайсы біреулерінде біреуінің не екеуінің де формасы 
жай қалпындағыдан өзгеріп, басқа түрге түседі (ашудас, белбеу, қолғап т.б.); 
 кіріккен сөздер бір екпінмен айтылады (Алатау, бүгін, қолғап т.б.) 
[10,245-248-бб]. Бұл белгі «кіріккен сөз ғана емес, күрделі сөздің ортақ белгісі 
болумен қатар, оларды өзге күрделі конструкциялардан ажырататын белгілер 
болып табылады. 
Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз тұлғасын алтыға бөледі, 
мұндағы: кіріккен сөз, қыйулы сөз, қосар сөз қазіргі күрделі сөздер тобын 
құрайды. «Ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы 
түбір мен жалғаудан құралмай, өңшей түбірлерден құралған» деп оларға: 
ашудас, күндіз, белбеу т.б. жатқызады. Бұлар – кіріккен сөздердің көнесі, ал 
«жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпағандарын – жаңасы дейміз» деген 
анықтама береді де, оның: қолғап, күнбағыс, айғабақ, асқабақ т.б. көрсетеді. 
Қос сөзді Қ.Жұбанов «қосар сөз» деп, оның түрлерін ажыратады [10,169-178-
бб.]. Сөйтіп, «кіріккен сөздің жаңасы» – біріккен сөз. 
Түркітанушылардың пікірінше, түркі тілдері күрделі атауларға бай. 
Б.Қасым:«Қай халық болмасын өз ойын айшықты, көркем беруге тырысады. 
Халық атау беруде тіршіліктің кілті саналатын заттар мен құбылыстардың түрлі 
қасиеттерін белгі және бағалау тұрғысынан алады. Соның бір белгісі, таңбасы 
күрделі атауларда байқалады» [104,104-б.],-дей келе, А.Казамбек, В.В.Радлов 
еңбектерінде, түркітануда «сложение» термині «сөзқосым» мағынасында 
жұмсалған секілді деп есептейді, сондықтан қазір түркітануда «күрделі сөз», 
«сөзқосым» деген ұғымдар әбден тұрақталып орныққан, күрделі сөзге қатысты 
кеңінен қолданылады [104,106-б.]. 
Күрделі сөз, күрделі атау – тілдік құбылыс, «факті ғана емес, тілдік 
үдеріс». С.Исаевтың айтуынша, тілдік құбылыстың мәнді белгісі, мазмұны бар 


84 
екені. Ол – жаңа мағыналы сөздің жасалуы, жаңа лексиканың пайда болуы, 
екіншіден бұл тілдік құбылыстың жасалу жолы, тәсілі болатыны. Сөйтіп, бұлар 
– сөзжасамның синтаксистік (аналитикалық) тәсілі арқылы жасалған жаңа 
туындылар [95,240-б.]. А.Салқынбай аналитика-семантикалық сөзжасамның 
ерекшелігі – толық мағыналы сөздердің семалық бірігуі арқылы жаңа 
номинация жасай алу қабілетінде деп есептейді, өйткені жаңа сөзжасамдық 
мағына белгілейтін атаудың мотивациялық негізделуі айқын болады, яғни 
тұлғаның мағынасынан адам өзіне бұрыннан белгілі информацияны тану 
арқылы затты не құбылысты көзге елестете алады [97,258-б.]. Мысалы, ағаштіс 
– ағаш соқа (Бұрынғы кездің ағаш соқасын ағаштіс деп те атайтын (Алм., Гв.). 
Сөйленіс иесі денотатты нақты білмеуі мүмкін, дегенмен оның ағаштан 
жасалатын құрал екенін бағамдай алады. Бұл аналитикалық тәсілдің оңтайлы 
жағы саналады. Сөзқосым тәсілі арқылы бірнеше сөздің бір сөз – лексемаға 
шоғырлануы. 
Күрделі сөз құрамына сөздің қалай шоғырлануына, сөздің қосылуына 
қарай күрделі атаулардың типтері айқындалады. Н.Оралбаева: «аналитикалық 
тәсілде де сөзжасамға қатысатын белгілі тілдік элемент бар. Олар – түбір 
сөздер. Сөзжасамның аналитикалық тәсілінде түбір сөздер бір-бірімен не 
бірігеді, не қосақталады, не тіркеседі, не қысқарып барып сөз жасайды. Қалай 
болғанда да, сөзжасамға түбір сөздер ғана қатысады. Міне, бұл – сөзжасамның 
аналитикалық тәсіліне қатысты ерекшелік» [106,90-91-бб.],- деп, аналитикалық 
тәсілдің: сөзқосым, қосарлау, тіркестіру, қысқарту тәрізді түрлерін ажыратады 
Қазақ тілі сөзжасамына, атау теориясына байланысты зерттеулерде осы күрделі 
атау – сөз мәселесінің әлі де анықталатын тұстары бары көрінеді. Осыған орай, 
С.Исаев: «...тілдік процестегі себеп-салдарлық құбылыс, байланыстарға мән 
бере бермегендіктен, кейде сөзжасамның бұл тәсіліне біріккен, кіріккен сөздер, 
қосарланған, қайталанған сөздер, тіркесті (күрделі) сөздер жатқызылады. Бұлар 
яғни біріккен (кіріккен) сөздер, қос сөздер, тіркескен сөздер – сөзжасам 
тәсілдері емес, сол сөзжасам тәсілі (аналитикалық не синтаксистік) негізінде 
пайда болған нәтиже яғни жаңа туындылар, біріктіру процесі арқылы, қосарлау 
я қайталау, тіркестіру нәтижесінде туған тілдік единицалар. Сондықтан бұл екі 
түрлі тілдік құбылысты бір-бірімен шатастыруға болмайды» [95,274-275-бб.],-
деп тұжырымдайды. Жалпы, туынды сөздің жасалуы – үдеріс болса, біріктіру, 
қосарлау, тіркестіру – аналитика-семантикалық тәсіл ішінде жаңа сөз жасаудың 
жолдары мен қалыбын белгілейтін үдеріс саналады. «Олардың сөзжасамдық 
қалып болып қалыптасуы нәтижесінде кейбір себепші негіздер бірігеді, 
кейбіреуі тіркеседі, яғни сөзжасамдық үдерісті жүйелеп, негіздеп бір қалыппен 
өргізетін тілдегі кешенді жүйе саналады» [97,261-б.],-деп, А.Салқынбай 
аналитика-семантикалық сөзжасамның үш қалыбы қалыптасқанын: «бірігу, 
қосарлау және тіркесу» көрсетіп, бұл үш сипатты сөзжасамдық қалып ретінде 
бағалайтынын айтады.  
Н.Оралбаева сөзқосым тәсілінің тек түркі тілдерінің сөзжасам жүйесіне 
ғана қатысты болмайтынын, оның дүние жүзі тілдеріне, әсіресе, жазу мәдениеті 
ерте қалыптасқан елдерде үлкен орын алатынын айтады. [106,92-б.]. Осы 


85 
тұрғыдан қарастырғанда, аймақтық лексика деректерінен алынған: асқазан, 
асжаулық, жертабан – біріккен сөздер, жаңа мағына күрделі сөз құрамындағы 
сөздердің мағыналарының қосындысынан туады: асқазан – ас үй мағынасын, 
асжаулық – дастархан мағынасын, жертабан – табалдырық дегенді білдіреді. 
Бәрінде де сыңарлардың мағыналары ауысуы сөзжасамға негіз болған, уәжділік 
танытып тұр. Сөзжасамдық мағынаны сөйленіс иесі анық байқайды [32,68-б.]. 
Сөйтіп, қазақ сөйленістерінде жоғарыда аталған қалып бойынша жасалған 
күрделі атаудың үш типі айқындалған: біріккен сөз, қос сөз және тіркескен 
сөз.
Халық ойының тереңдігі, ойын өрнекті мәнерлі жеткізуге деген құлшыныс 
айнала қоршаған табиғатты танып-біліп оған ат қою дағдысынан да айқын 
сезіледі. Өзі таңбалаған затының қыр-сырын жан-жақты зерттеп, зерделеп 
алып, оны сол табиғаттың т.б. көрінісіндей етіп бейнелеп, сөздермен таңбалап 
көз алдына сол заттың суретін әкелуі – халық даналығының айқын көрінісі, 
таным, зерде дүниесінің кеңдігі. Күрделі сөздер – тілдегі туынды түбір сияқты 
аталымдар, 
құрылымдық 
мағыналық 
жағынан 
тұтас 
қолданылатын 
айқындалған ұғымның атауы ретінде танылып, лексема дәрежесінде тіл 
жүйесіне оның сөздік құрамына енеді. Аймақтық лексиканың сөзжасам 
мәселелері бойынша зерттеулерде сөздік құрамының үлкен қабатын күрделі 
сөздер алатынын айтады. Ағаш тіс – ағаш соқа (Алм., Кег.); Жалпылдақ шам – 
шишасыз, жайдақ шам (Орынб. Ад.); сүйек ауру – ревматизм (Шу); торғын-
торқа – әдемі киім-кешек (Тау. Қош.); торсадан-торса – тосыннан-тосын (Қост., 
Жан.); ақ көйлек – бидайдың қабығы (Сем., Шығ. Қаз.); аяққап – аяқ киім 
(Түрікм.); баспағаш – баспалдақ (Орал); киіз монша – қос тәрізді баспананың 
ішіне жасалған монша (Шығ. Қаз.); жем беруші – егін бауларын комбайнға 
салып тұрушы адам (Шығ. Қаз., Зай.); Жермай – керосин (Қ.-орда, Ар.) т.б. 
сөздер сөйленістерде жеке ұғым атауларын білдіреді. Бұлардың жасалу тәсілі, 
пайда болу мерзімі әртүрлі, сөзжасамға ұйытқы болып тұрған сөздер, олардың 
мағынасындағы сапалық даму жолдары да біркелкі емес. Бұлардың ішінде 
баспағаш, аяққап, жермай – біріктіру, торсадан-торса, торғын-торқа-қосарлау
ағаш тіс, сүйек ауру, ақ көйлек, жем беруші – тіркестіру арқылы жасалған 
туындылар. Біріктіру, қосарлау, тіркестіру – тәсіл емес, үдеріс, оның нәтижесі – 
жаңа лексемалар. Ал олар тілде сол үдерістің атымен біріккен сөз, қосарланған 
сөз аталып жүр. Ал үшінші тіркесу арқылы жасалған түрі – тіркесті атаулар, 
тіркескен сөздер аталады. Нақты атауға ие бола алмай жүргені – осы тіркесу 
арқылы жасалған түрі екені байқалады. К.Аханов күрделі сөздердің бұл түрін 
«күрделі құрама сөз» деп атайды [107,76-б.]. Б.Қасымның «осындай ала-
құлалық болмас үшін оларды күрделі сөздер деп алып, сөзқосымды күрделі 
сөздердің қалыптасу тәсілі ретінде қарастырған орынды» [104,17-б.] деген 
пікірінен аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөздерді бөліп-жармай тұтас 
күрделі сөз атауды ұсынатыны аңғарылады. 
Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасау бұрын-соңды зерттеу еңбектерге, 
көне ескерткіштер материалдарына қарағанда, сөзжасам тәсілдерінің 
алғашқыларының 
бірі 
саналады. 
Н.Оралбаева 
көне 
түркі 
жазба 


86 
ескерткіштерінен деректер (күнтүз, Беш балық, Қара құм, Темір қапығ, Білге 
қаған т.б.) келтіре отырып, олардың жер-су, кісі аттары болып келетініне қарай, 
түркі тілдерінде аналитикалық тәсіл арқылы сөзжасау «жер-су, кісі аттарынан 
басталған ба деген ой салады» [106,91-б.],-деп тұжырымдайды. 
Шын мәнінде, әсіресе, біріккен сөздер тобында жер-су, кісі аттары, жан-
жануар, өсімдік т.б. атаулары жиі ұшырасады. Ол халықтың белгілі ұғымды 
тану дағдысы, қиял әлемімен ұштасып жатады. Мысалы, ағаш тіс – ағаш соқа 
атауының пайда болуына себеп негіз бірнешеу: сыртқы ұқсастық, тілу, кесу 
семасы, жер жыртатын құралға ат қою үшін алдымен оның неден жасалатынын 
негізге ала отырып тістің формасына ұқсатады, «Соқа ұғымы мен оның атын 
жасаушы сөздердің басын қосып отырған – «тілу, жару» семасы, яғни қызмет 
маңызды роль атқарады. Жем беруші – күрделі сөзінің уәжінде бейне образ 
жатыр, ортақ сема жем бейнелі мағынада алынып отыр, тура мағынасы халық 
түсінігіне өте етене, әбден орныққан, оны енді комбайнға ауыстыру арқылы 
жаңа атау, лексема жасап алған, мұнда -ші жұрнағының да қызметі бар, кәсіп 
иесі мағынасында жұмсалған. Киіз монша – халықтың көшпелі тұрмысына 
лайық жасалған, осы сияқты ақкөйлек – бидайдың қабығы мағынасы да ұқсату 
арқылы пайда болған [89,90-91-бб.]. 
Күрделі сөздердің бәріне ортақ белгі – мағыналық, құрылымдық бүтіндік. 
Араларында синтаксистік қатынастары үзілген, соның нәтижесінде олар 
қолданылуына, мағынасына құрамына қарай тұтас бір бүтін ретінде 
жұмсалады. Тұтастыққа айналуына әсер етуші – фонетикалық, лексика-
семантикалық, грамматикалық факторлар кермағаш, күнәйім, жаужүрек, 
құтанай, мұзғалақ сөздерінің күрделенуіне дыбыстық өзгерістер нәтижесі себеп 
болса, құрты бар сөз, көлі басқа, суы бөлек т.б. күрделі сөздерінің мағынасы 
олардың құрамындағы жеке сөздердің ауыспалы мағынасынан шығып тұр, 
сондықтан ол күрделі сөз жасаудың лексика-семантикалық факторы аталады, 
тұқым-теберік, уақай-түкей, ішті-тысты т.б. сөздерінің күрделенуіне себеп 
болған – олардың қосарланып келіп грамматикалануы. Бұлардың қайсысында 
болса да мағыналық белгі қатар жүреді, үндестік әсеріне ұшыраған тіркестердің 
бәрі күрделі сөзге айнала бермейді, осыған орай Б.Қасым «лексикалық біртұтас 
мағына қалыптасуының екі жағы бар. Біріншісі – лексикалану, екіншісі – 
мағынаның идиомалануы» [104, 22-б.], - дейді
Аймақтық күрделі атаулардың қалыптасуы да осы екі жол: лексикалану, 
идиомалану арқылы жүзеге асады. Қырық шелпек, алау күрек, шайаяқ, белсап 
(күректің сабы), жалпылдақ шам (шишасыз шам) көрпекөк (жоңышқаның 
үшінші шығуы) – лексикалану арқылы жасалған күрделі атаулар. Мұндай 
күрделі атаулардың сыңарларының мағыналары көмескіленбейді, мағыналық 
байланыс сақталады. Идиомалану арқылы жасалған күрделі аталымдар 
сыңарларының 
мағыналары 
күңгірттеніп, 
көмескіленуге 
ұшырайды. 
Мағынаның күңгірттену арқылы белгісіз болуы ауыспалы түрде қолданылуы 
нәтижесінде болады. Мысалы, албаты кету (есі кету) алдын түн қылу (түнге 
қарай), арты қисық (ниеті ойы бұзық), еңбек өлтіру (табысын кеміту) 


87 
жеройдық, (өте көп), жертас (пысық, еті тірі), жүрегі жұқа (ақ көңіл), жанын 
жағу (ыза қылу, күйдіру), жебірін түгендеу (қысым көрсету) т.б.
Күрделі атаулар сыңарларының арасындағы ішкі мағыналық байланыс та, 
олардың жеке мағыналарының сақталып немесе көмескіленіп ауыспалы мәнге 
ие болуы аталым жасаудың уәжділік заңдылығына жатады. Осы заңдылықтар 
арқылы уәжділік белгісіне қарай, жаңа лексикалық аталымдар қалыптасады. 
Лингвистикада күрделі атаулардың белгісі дегенде, олардың екі не одан көп 
сөзден құралып, солардың мағыналық қосындысы ретінде тұтас бір бүтін 
болып жымдасып, бір ғана ұғым атауы ретінде қалыптасуын негіз етеді. 
Сыңарлары өзінің бастапқы мағынасынан да, қызметінен де алшақтап 
тұтастықтың бөлінбес бөлшегіне айналады. Осыдан күрделі атауларға тән үш 
белгі: семантикалық, морфологиялық (құрылымдық), синтаксистік тұтастық 
белгілері шығады. Күрделі сөздер ең кемі екі сөздің тіркесуінен жасалатыны 
белгілі. Тіл дамуы барысында олардың кейбіреуі күрделі сөзге айналады. 
Диахрондық жағынан алғанда, ол өте ұзақ үдеріс, әсіресе сөйленістік жүйеде ол 
үдерістің қашан басталып, қашан аяқталғанын айқындау қиын саналады [89,91-
92-бб]. Тек аталымдардың мағынасына қарап, олардың өмір сүру кезеңін 
шамамен болжауға болады, мысалы, бірқырқар – кенже туған қозы дегенді 
білдіреді. Бұл малмен айналысқан халық үшін өте ежелгі атау екені даусыз. 
Басжіп – арық (ҚТДС., 1969, 55). Егіннің жанымен жүретін кішкене арықты 
басжіп дейді (Қост., Аман.), сөз халықтың егін шаруашылығымен айналысу 
дәуірін танытса, жатыс күн – демалыс күн мағынасында қоғамдағы үлкен 
өзгерістерге байланысты пайда болғанын аңғартады. Қызылбұрыштың 
жанында жатыс күндері кино болып тұрады (Түрікм., Ашх.). Күрделі сөздердің 
сыңарлары өз мағыналық дербестігінен айырылып, біртұтас лексикалық мағына 
білдіріп, бір ұғым атауына айналуы семантикалық тұтастық аталады. Ол кісі 
салқын киініп қансарсу болған (Орын., Бор.). Егін суарылып болған соң, 
арықтың қандауызын байла (Ақт., Ырғ.). Қарасуды берісімен егіс қаулап өсе 
бастайды (Қ-орда, Шиелі). Қансарсу – медицинада «ревматизм» аталатын ауру 
аты, қанд (ы) ауыз – арықтың көмейі, қара су – егіске бірінші рет берілетін су, 
бұл атаулардағы уәжділік дәрежесі бірдей емес, уәжділік дәрежесі 
мағыналардың лексикалану, десемантизация деңгейіне байланысты, яғни ұғым 
атқа ие болу үдерісінде күрделі сөз сыңарлары өзінің тура мағынасын сақтауы 
мүмкін, мағына жиынтығы атаудың табиғатынан аңғарылады, осыдан тура 
лексикалық мағына, тура аталым жасалады (қара май – мұнай, құндыз жекей – 
құндыздан тігілген бас киім). Тура аталым нақты мағыналардың жиынтығынан 
түзіледі [104,25-б.]. Аталымның екінші түрі – келтірінді аталым, бұл 
сыңарлардың ауыспалы, бейнелі мағынаға өтуімен сипатталады. Қысыр аңыз 
айдалмаған, егін егілмеген жер (Шу), суы бөлек ауыспалы, бейнелі мағынаға 
өтуімен сипатталады. Қысыр аңыз – ауылы елі бөлек; тас кепіл – берік уәде. 
Осымен сөз тас кепіл боп бекінісін (Алм., Кег.), құсмұрын – сүймен, лом (Шу) 
т.б. Атаудың пайда болуының уәжінде бейнелілік басты орында тұр, сондықтан 
сыңарлардың біреуі не екеуі бірдей сол ерекше белгіні ұқсастығына қарай 
таңбалайды. Мұндайда атауға ие болатын ұғымның белгісі негізгі қызмет 


88 
атқарады деуге болады. Жер оятын құралдың сыртқы түріне негізделіп жаңа 
атау жасауға қатысып тұрған сөздер құс+мұрын сөздерінің бастапқы 
мағыналарының ауысуы күрделі атау жасау ұстанымы талабына жауап беріп 
жаңа лексеманың қалыптасуына себеп болады. Бұл «түрдің тектік ұғымға көшуі 
аталым теориясы бойынша күрделі атау жасауда белгілі қызметтердің бірі 
ретінде жұмсалады» [104, 27-б.] деген тұжырымға дәлел болады. 
Күрделі сөздің семантикалық тұтастығы оның ең басты белгісі 
саналады, ол күрделі сөзді басқа күрделі конструкциялардан ажыратады және 
күрделі сөздің өзіне тән құрылымдық, синтаксистік тұтастықтарға тірек 
болады. Даяр күйінде жұмсалуы-күрделі сөздің лексема екендігінің дәлелі, даяр 
күйінде жұмсалу дегенді ұғым атауы болып қалыптасқан тілдік бірлік деп 
түсіну қажет, осы жағынан күрделі сөздер синтаксистік тіркестерден 
ерекшеленеді. Семантикалық тұтастық белгісінің көрінісі күрделі сөздердің 
бәрінде біркелкі емес. Жансебіл – (бейнетқор, еңбек сүйгіш) сөзі мен елдің 
басын ұстау (басқару, басшылық ету) күрделі сөздерінің арасындағы ұқсастық – 
екеуінің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуында, күрделі сөздер тобына 
енуінде, бірақ сөздердің типі басқа: біреуі – біріккен сөз, екіншісі – тіркескен 
сөз (күрделі құрама). Бұдан семантикалық бүтіндік екі түрлі деген ұғым 
тумайды, себебі екеуі де синхрондық тұрғыда атау (лексема) болып 
қалыптасқан, өмір тәжірибесінен өткен, тек күрделі сөздің екінші түрі 
синтаксистік тіркестерге сырттай ұқсап тұруына байланысты ажыратуда 
қателікке ұрыну кездеседі, керісінше, «егіннің қарасын басу» күрделі сөзінде 
лексикалану басым жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет