М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет44/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Бисенбаева

Құрылымдық-морфологиялық тұтастық. Қарым-қатынас үдерісінде сөз 
белгілі грамматикалық мағынаға ие болып, грамматикалық байланыстарға 
түседі. Грамматикалық мағына әртүрлі амал – тәсілдер арқылы жасалады. 
Аймақтық сөз де белгілі сөз таптарына қатысты, сондықтан арнаулы 
грамматикалық формалармен түрленеді. Күрделі сөздер зат, құбылыс атауы 
болғандықтан, тұтасқан бүтін күйінде парадигмалық жүйеге енеді, ол күрделі 
сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын аңғартады. Мысалы, керме пышқы 
(ағашқа керіп істелген қол ара), қара шеше (әже), қозықұйрық (саңырауқұлақ) 
т.б. Шаңырақтың күлдіреуішін керме пышқы+мен тілеміз (Түрікм., Таш.); Бұл 
тентек бес-алтыға келгенше, қара шеше+сі+нің иығынан түспейтін еді (Түрікм., 
Красн); Қозықұйрық+ты майға қуырып, адам жесе де болады (Жамб., Сар.). 
Тұтас тұлғалану күрделі сөздердің қасиеті болып саналады. Күрделі сөздердің 
арасында мағына тұтастығын сақтап тұрған құрылымдық тұтастық, яғни 
олардың құрылымының өзгермейтіндігі, құрастырушы сыңарларының орын 
тиянақтылығы жағынан күрделі сөздер тұрақты тіркеске жақындайды, егер 
орын беріктігі болмаса, күрделі сөздер қалыптаспас та еді. Күрделі сөздердің 
осы ерекшелігі туралы К.Аханов «күрделі сөздерге өте-мөте тән белгілердің 
бірі–құрылымдық тұтастық» [107,61-б.],-дейді. Өзінің құрылымдық бүтіндігі 
арқылы халық санасында ұғым атауы болып қалыптасып, лексема дәрежесіне 
жетеді. Қарым-қатынас барысында күрделі сөздер тұтас ұғым атауы ретінде 
қолданылады, синтаксистік байланысқа бүтін күйінде енеді, ол лингвистикада 


89 
күрделі сөзге тән тағы бір белгі – синтаксистік тұтастық аталады. Бұл күрделі 
сөздің грамматикалық жағынан бөлінбейтін лексика-грамматикалық бірлік 
екенін көрсетеді.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туындылар – жеке лексемалар
адамзат қоғамының өн бойында атау қажеттілігіне байланысты пайда болып, 
тілдің сөздік құрамын толықтырып отырады. Күрделі атаулардың жасалуы адам 
баласының оның құрамындағы жеке негіздеудің мағыналарын қаншалықты 
танып білуіне байланысты. Сол арқылы жаңа танылған ұғымды таңбалайды
сондықтан күрделі атауларды жасауда лексикалық мағынаның маңызы үлкен. 
Аймақтық күрделі атаудың: біріккен сөз, қос сөз, тіркескен (құрама күрделі) сөз 
сияқты түрлері әр саладағы семантикалық топтарда кездеседі: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет