М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


табиғат құбылыстарындағы күрделі атаулары



Pdf көрінісі
бет46/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Бисенбаева

табиғат құбылыстарындағы күрделі атаулары: айық болу – күннің 
ашық болуы (Жауын-чашынсыз күн ертең айық болса, чөп жиямыз (Тау., 
Қош.); бейбіл жел – қатты жел (Алм., Қарат.), ақбайтал – үскірік боран (Көкш.), 
ақбан-доқпан соғу – алай түлей боран (Орал), ақ баспа – қалың жауған қар 
(Маңғ.); жалт ойнау – найзағай (Арал); 

үй-жай, қора-қопсы атаулары: ағаш үй – киіз үй (Ақт., Түрікм.; Орал), 
асқазан – ас үй (Арал), әуліжай - қора-қопсы, қора-жай (Шымк.), бақауыз – 
құрал-сайман қоятын орын (Қ-орда), жер саты – үйдің баспалдағы (Сем., Абай), 
жертөле – жер үй (Ақт.; Жамб.; Шымк), ашпұзыл – мейрамхана (ҚХР).
Күрделі туындылар халық өмірінің барлық саласын қамтиды, дегенмен 
жан-жануар, өсімдік, үй-жай, күнделікті тұрмыстық заттар, табиғат 
құбылыстары, тағам атаулары, сапалық ұғым атаулары мол деуге болады. 
Сыңарларының грамматикалық белгісіне қарай сөзжасамдық қалыбы:

зат есім + зат есім қалыбындағы күрделі туындылар: қол шаршы – 
қол орамал (Менің қол шаршымды жуа сал (Шымк., Мақт.), қол қамшы – салт 
қамшы (Қол қамшыны өзім де өре аламын (Көкш. Қ.ту.), асқазан – ас үй, асхана 
(Қ.орда, Арал), қолбақыраш – ожаудың үлкендеу түрі (Өзб., Там.), атқұлақ – 
саңырауқұлақ (Орал, Чап.), қойқосақ – кемпірқосақ (Кеше көпке шейін 
қойқосақ боп тұрды (Шымк., Сайр.), түйе табан – үлкен ожау (Қост., Жан.), ши 
қасықшай қасық (Маң.), жал-жұғын – жал-құйрық (Тау., Қош.), ауыз там – 
ауыз үй, кіре беріс (Шымк.,Түл.); 

сын есім + зат есім қалыбындағы күрделі туындылар: қарабура – 
қамыс қора (Ырғ.), қара үй – киіз үй (Түрікм.; Қ-орда), қызыл үй – бекет, 
станция (Арал), суық үй – сарай (Тау., Қош.), терме үй – киіз үй (Орын. Бөр.), 
қара кеспе – жеңсіз камзол (Келіншектің үстіндегі қаракеспенің айнала шетіне 
көк елтіріден бастырылыпты (Өзб.,Там.), қамкірпіш – күйдірілмеген кірпіш 
(Бүгін құйған қамкірпішті көтеріп қою керек еді (Қ.орда, Арал), қара алқа –
құлып (Өткен оқушылардың қысқы демалыс мезілінде қара алқа салулы тұрды 
(Гур., Маң.); 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет