129
ұлттық мәдениеттен бөлек әр аймақтың үйлену т.б. салты жоқ.
Аймақтық
этномәдени бірліктер дегенде, сөз тек ұлттық салт-дәстүрлердің жергілікті
нақыштары, аймақтық туындылары – кейбір салт-жоралары туралы болады.
Осындай ерекшеліктерден рухани этномәдени бірліктер қатары түзіледі. Бұл
қатар «үй салу, үй-баспана» ұғымдарынан бастау алып салт, жора
семантикасына ие болады:
а)үй-жайға байланысты жора-жоралғылар. Аймақтық лексикада «үй
салу» мағынасын үй жыю, там соғу, там салу, жай бастыру атаулары білдіреді.
Көкпекті, Ақсуат аудандарында – үй жыю (Баймұқыш құрылыстың басында үй
жыйып жүр (Көкп.); жай бастыру – үйдің төбесін шатырын жабу (Өзб., Тамд.).
Там соғу үйді салу технологиясына байланысты уәжделген үйдің қабырғасын,
дымқыл топырақты арнаулы соғатын құралмен соғып нығыздау тәсілімен
жасалады, қабырғаны соғып қатыру,
бекіту мағынасын білдіреді, «там» көне
түркі сөзі [89,263-б.]. Оңтүстік аймақтарда там соғу, «үй салу», «үй тігу»
мағынасында қолданыла береді. «Үй болу», «үй салу» ұғымына қатысты
бірнеше жоралғы, ырым бар:
Үй тігер бәйгі – Түрікменстан қазақтарындағы салт. Той не ас беру кезінде
тойға арналған үйлерді тігіп болғанша жүргізілетін ат жарыс, ол
жиырма
шақырым жерден жіберіледі. Үй тігер бәйгіге атты жаратпай-ақ қоса береді
(Көнеур.) Бұл бәйгенің көпшілікке арналғандығын аңғартады. Үй тігу –
қасиетті үдеріс, оның өзіндік қыр-сыры бар, қазіргі кез келген қазақтың
қолынан келе бермейді.
Білетін адамдар, үлкендердің оны ұрпағына үйретуге
міндетті. Сонымен қатар, ат жарыс, бәйге – ежелгі өнер,
көпшілік ортасына
салу арқылы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың да түрлерін жетілдіріп, дамытып
отырады [89, 263-б.].
Ошақ бәйгі – той, ас беру кезінде ошақ қазылып болғанша өтетін ат жарыс.
(Сол аста ошақ бәйгінің өзіне 40-45-ке қалай ат қосылды (Түрікм., Таш.).
Қары үй – Маңғыстауда қара шаңырақ семантикасын білдіреді.
Қызыл үй – қызы бар үй; Ел арасында «Қатыны өлген қызыл үйге қарап
жылайды» деген мәтел бар (Қост., Жанг.). Қызыл үй –
қыз өсіріп отырған
шаңырақтың басқадан ерекшелігін, халықтың «қызға қырық үйден тыю» дейтін
тәрбиелік мағынадағы ойын танытатын символ [89, 263-б.].
Достарыңызбен бөлісу: