М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Мінез-құлыққа байланысты атаулар



Pdf көрінісі
бет69/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89
Бисенбаева

Мінез-құлыққа байланысты атаулар: ақеден – ақ көңіл. Ақеден жігіт 
оған арланбайды (Ә.Нұрпейісов); ақ көбелек /ақкөйлек – ақкөңіл, аңқылдақ 
(Шығ.Қаз., Больш.; Қост.; Жезқ.). Кәдір шал ақкөйлек жақсы адам (Қост., 
Жанг.). Оның ақкөйлек екені көрініп тұр (Жезқ.,Ұлыт.); ақ тілегін дастарханға 
жаю – ақ тілегін ақтару, ақниетін ашық жайып салу (ҚХР); ағаш белсенді/ағаш 
белсенділік – жағымпаз, орынсыз белсенділік (Сен осы ағаш белсенділігіңді 
қашан қоясың? (Қост., Аман.); ағаш басына шығу – өсекші, түймедейді түйедей 
қылып көрсету (Богда мен Алтайдың күн бетін кезген өсек ағаш басына шығып 
болды (ҚХР); артқы есікпен жүру – жең ұшынан жалғасу, шаруасын пара беру 
жолымен шешу (ҚХР); беттен шармай алу – беттен алу қарсыласу (Бірдеме 
десең, бетіңнен шармай алады (Гу., Шев.); биттің ішіне қан құю – өте қу, 
жылпос (МХР); ешкінің қылды айранын бермеу – сараңдық (Оның сараңдығын 
айтпа, үйіне барған кісіге ешкінің қылды айранын да бермейді (Маңғ.).
Үй-жайға байланысты рухани мәдениет деректері. Рухани мәдениетті 
бейнелейтін аймақтық этномәдени бірліктер аса көп емес, өйткені жалпы 


129 
ұлттық мәдениеттен бөлек әр аймақтың үйлену т.б. салты жоқ. Аймақтық 
этномәдени бірліктер дегенде, сөз тек ұлттық салт-дәстүрлердің жергілікті 
нақыштары, аймақтық туындылары – кейбір салт-жоралары туралы болады. 
Осындай ерекшеліктерден рухани этномәдени бірліктер қатары түзіледі. Бұл 
қатар «үй салу, үй-баспана» ұғымдарынан бастау алып салт, жора 
семантикасына ие болады: 
 а)үй-жайға байланысты жора-жоралғылар. Аймақтық лексикада «үй 
салу» мағынасын үй жыю, там соғу, там салу, жай бастыру атаулары білдіреді. 
Көкпекті, Ақсуат аудандарында – үй жыю (Баймұқыш құрылыстың басында үй 
жыйып жүр (Көкп.); жай бастыру – үйдің төбесін шатырын жабу (Өзб., Тамд.). 
Там соғу үйді салу технологиясына байланысты уәжделген үйдің қабырғасын, 
дымқыл топырақты арнаулы соғатын құралмен соғып нығыздау тәсілімен 
жасалады, қабырғаны соғып қатыру, бекіту мағынасын білдіреді, «там» көне 
түркі сөзі [89,263-б.]. Оңтүстік аймақтарда там соғу, «үй салу», «үй тігу» 
мағынасында қолданыла береді. «Үй болу», «үй салу» ұғымына қатысты 
бірнеше жоралғы, ырым бар: 
Үй тігер бәйгі – Түрікменстан қазақтарындағы салт. Той не ас беру кезінде 
тойға арналған үйлерді тігіп болғанша жүргізілетін ат жарыс, ол жиырма 
шақырым жерден жіберіледі. Үй тігер бәйгіге атты жаратпай-ақ қоса береді 
(Көнеур.) Бұл бәйгенің көпшілікке арналғандығын аңғартады. Үй тігу – 
қасиетті үдеріс, оның өзіндік қыр-сыры бар, қазіргі кез келген қазақтың 
қолынан келе бермейді. Білетін адамдар, үлкендердің оны ұрпағына үйретуге 
міндетті. Сонымен қатар, ат жарыс, бәйге – ежелгі өнер, көпшілік ортасына 
салу арқылы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың да түрлерін жетілдіріп, дамытып 
отырады [89, 263-б.].
Ошақ бәйгі – той, ас беру кезінде ошақ қазылып болғанша өтетін ат жарыс. 
(Сол аста ошақ бәйгінің өзіне 40-45-ке қалай ат қосылды (Түрікм., Таш.).
Қары үй – Маңғыстауда қара шаңырақ семантикасын білдіреді. 
Қызыл үй – қызы бар үй; Ел арасында «Қатыны өлген қызыл үйге қарап 
жылайды» деген мәтел бар (Қост., Жанг.). Қызыл үй – қыз өсіріп отырған 
шаңырақтың басқадан ерекшелігін, халықтың «қызға қырық үйден тыю» дейтін 
тәрбиелік мағынадағы ойын танытатын символ [89, 263-б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет