Динамикалық жүйелердiң пiшiнделуi Динамикалық жүйелердi пiшiндеу үшiн Simulink команда- сын командалық терезеде теріп Enter басу керек. Элементтер және жүйелер кiтапханаларының тiзiмiмен пiшiндеу үшiн қол- жетімді Simulink (92-сурет) терезесi экранда пайда болады. Simulink терезесінің File/New мәзiрі опциясын таңдау Simulink кiтапханаларының терезелерiнен элементтердi тасымалдау жо- лымен үлгiленетін сұлбаны құрып редакциялауға болатын жаңа терезе ашуға мүмкiндiк бередi.
92-сурет. Кітапхана құрамы
Пішіндеу үшін өз терезеңізді ашыңыз да оны қандай да бір атпен сақтаңыз. Мысалы, my.mdl.
Синал көздері Sources кітапханасын пішіндеу үшін қолданы-
латын сигнал көздерінің жиынтығы болып есептеледі. Тышқан нұсқағышының Sources белгішесіне орналастырылуы және сол батырмасымен екі рет басылуы кiтапханаларды ашады.
93-сурет. Бастапқы қарапайым модель
Синал көздері Sources және Sinks кітапханаларын қолдана отырып, my пішіндеу терезесінде 93-суретте көрсетілген элеме- нттерді жинаңыздар және олардың арасындағы байланыстарды орындаңыздар. Кез келген элементтің қасиетін өзгерту сол эле- менттің суретіне сол жақ батырманың екі рет басылуымен орындалады. Тұрақты (Constant) элементі жүйеде тұрақты сиг- нал береді. Бірнеше тұрақтылар бірден-бір осциллографта сұл- баның әртүрлі нүктелерінде бірнеше айнымалыларды экранда тігінен шашырата бақылауға мүмкіндік береді.
Дисплей (Display) элементі сигналдың мәнін пішінделіп жат- қан сұлбаның қандай да бір нүктелерінде көрсетеді.
Импульстердің дискретті генераторы (Discrete Pulse Gene-
rator) периодты импульсті сигнал туындатады.
Осциллограф (Scope) элементі пішінделіп жатқан сұлбадағы уақыт бойында тұрақты немесе өзгеретін сигналдарды визуалды бақылауға мүмкіндік береді.
Сағат (Clock) элементі жүйедегі уақытты есептейтін және пiшiндеу сұлбасында барлық процестерді синхронизациялануға мүмкiндiк беретiн секундомердің түрi болып табылады. Буфер (То Workspace) элементі жұмыс кеңістігінде айнымалылардың өзгермелі мәндерін тиесілі атымен вектор түрінде еске сақтауға мүмкіндік береді.
197
198
94-сурет. Scope жұмысының мысалы
Пішіндеу/Бастау (Simulation/Start) мәзірі опциясы немесе my пішіндеу терезесінде қара үшбұрышқа басу пішіндеу процесінің басталуын қамтамасыз етеді. Одан кейін пішіндеу нәтижелері бақылана басқарыла алатындай болады. Процесті басталуға жі- бермес бұрын Пішіндеу/Параметрлер (Simulation/Parameters) мә- зірі опциясын таңдаңыз да пішіндеудің белгіленген қадамын ор- натыңыз (Solver options/Type: Fixedstep). Пішіндеу параметрлері опциясы қолданушыға пішіндеуді өзі қалайтын параметрлермен орындауға мүмкіндік береді.
Дисплей (Display) элементі кірісіне Тұрақты (Constant) эле- ментінің шығысынан келетін мәнін көрсетуі қажет.
Осциллограф (Scope) элементі оған тышқанның сол жақ ба-
тырмасымен екі рет шерткенде кірісіне Генератор элементінің шығысынан келетін сигналды көрсетуі қажет (95-сурет).
Х және t буферлі элементтерінде уақыттың дискретті мәнде-
рі және сол мәндерге сәйкес келетін х айнымалысының мәндері болады. x(t) функциясы қатты көшірмесін алу үшін plot(t,x) функциясының көмегімен көрсетілуі мүмкін. Осы команданы орындаңыз.
Осцилографта бірден бірнеше сигналды бақылауға мүмкін-
дік беретіндей модельдеу сұлбасын 95-суретке сәйкес жаңарты- ңыз. Графиктерді plot функциясының көмегімен құрыңыз.