Ассемблер тілінде жазылған программалар тасымалдана ала ма?
Ассемблер тілінің басқа тілдерден айырмашылығы ондағы
программалардың тасымалданбайтындығында. Егер программа- ны көшіріп, басқа компьютерлік платформаларда іске қосуға болса, программалау тілін тасымалданатын (portable) деп атай- ды. Мысалы, C++ тілінде жазылған программалар кез келген компьютерде және операциялық жүйеде іске қосылып, компиля- цияланады. Java тілінің басты айырмашылығы, егер Java виру- тальды машинасының іске асырылуы бар болса, жазылған прог- раммалар компиляцияланғаннан кейін кез келген компьютерлік жүйеде орындала алады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, ассемблер тілі тасымалдана алмайды, себебі ол процессордың белгілі бір архи- тектурасымен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта ас- семблер тілінің бір-бірінен айырмашылықтары бар. Олардың әр- қайсысы процессордың белгілі бір тобына немесе компьютер
архитектурасына белгіленген.
Ассемблер тілін игеру не үшін керек?
Көптеген арнайы ойындарды жазу барысында ол программа- лардың көлеміне және жылдамдығына қатаң шектеулер қойыла- ды. Сондықтан мұндай программаларды жазу барысында жыл- дамдығы және алатын орны бойынша тиімділеу қажет болады. Сондықтан ойындар жазатын программистер олардың аппарат-
111
тық жабдықталуын ескерулері керек. Мұндай жағдайларда олар программаның дайындау ортасы ретінде ассемблер тілін алады, себебі ол машиналық кодты құру процесін толық бақылауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программистер үшін ассемблер тілі белгілі бір типтік операцияларды орындау барысындағы шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді. Мысалы, Microsoft Visual Basic программасында жолдық мәліметтерді өңдеу өте тиімсіз ұйымдастырылған. Сол үшін жолдармен амалдарды орындау үшін, яғни мәліметтерді шифрлеу және биттік жолдар- ды өңдеуде программистер C++ тілінде немесе ассемблерде жа- зылған программаларды және DLL (Dynamic Link Libraries) ор- наластырылған ішкі программаларды қолданады. Егер сіз белгі- лі бір жабдықты дайындау барысында болсаңыз, міндетті түрде сол құрылғы үшін драйвер жазуға тура келеді. Құрылғылардың драйвері – төменгі деңгейдегі өздерімен байланысты құрылғы- ларға қызмет көрсетумен байланысты жүйелік программа. Драй- вер қарастыратын мәселелерге: операциялық жүйенің белгілі бір құрылғыларға жіберетін жалпыланған сұраныстарын осы құ- рылғы үшін төменгі деңгейдегі командалардың тізбегіне түрлен- діру. Мысалы, принтерлерді өндіруші компаниялар әр шығары- латын өнімді жекеленген ОЖ, мысалы, Microsoft Windows, Mac OS, Linux арналған драйверлермен жабдықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |