М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Emu8086 эмуляторына және ассемблер тіліне шолу



бет51/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

3.1. Emu8086 эмуляторына және ассемблер тіліне шолу
Практикум барысында компьютерлік модельдеу Emu8086 программалық пакетінің негізінде жүзеге асырылды. Бұл пакет- тің келесідей артықшылықтарын атап көрсетуге болады. Ассе- мблерді үйрену үшін тек бір ғана пакет жеткілікті. Emu8086 бұл қуатты редакторда ассемблер, дизассемблер, программалық эмулятор (виртуальді ДК) жинақталған. Бұл программа ассемб- лерді үйренушілерге өте пайдалы. Ол берілген кодты компиля- ция жасап, эмулятор арқылы орындайды. Интерфейсі – өте қара- пайым. Программаның орындалуы барысында регистрлерді, флагтарды және жадының жұмысын бақылауға болады. Ариф- метика-логикалық құрылғы (АЛҚ) орталық процессордың ішкі жұмысын көрсетеді. Эмулятор программаларды виртуальді ДК орындайды, сондықтан программаны жазу барысында нақты ап- параттық құрылғыларға, мысалы, қатқыл дискіге және жадыға қатынау болмайды. 8086 машиналық коды микропроцессорлар- дың барлық модельдерімен үйлесімді жұмыс істейді. Бұл прог- рамманың командалар жиыны шағын, сондықтан зертханалық жұмыстар барысында студенттерге үйрену жеңілдеу болады.
Emu8086 программасының синтаксисі басқа ассемблер прог- раммаларымен салыстырғанда жеңіл, бірақ кез келген компью- терде жазылған программаны компиляция жасайды.
Программамен жұмысты неден бастаймыз?
Emu8086 программасын іске қосамыз, Emu8086. exe. арқылы.
107
3. АССЕМБЛЕР ТІЛІМЕН EMU8086 ЭМУЛЯТОРЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПРАКТИКУМЫ
Compile and Emulate батырмасын F5 батырмасымен алмас- тыруға болады.
Single Step программаның қадам бойынша орындалуын көр-
сететін батырма немесе F8 батырмасын қолдану арқылы кодтың орындалуын бақылаймыз. Басқа дайын мысалдардың кодын қа- рап талдау студенттер үшін пайдалы болатыны сөзсіз.
108
"File" меню қатарынан
Ассемблер
Ассемблер дегеніміз не? Ассемблер – бұл берілген ассемб- лер тілінде жазылған программаның мәтінін машиналық кодқа түрлендіретін программа. Қосымша ассемблер программаның листингін жолдардың нөмірімен, айнымалылардың адрестері- мен, берілген тілдің операторларымен, программада пайдаланы- латын символдардың және айнымалылардың сілтемелер кестесі- мен құрылады. Ассемблермен бірге жинақтаушы (linker) немесе байланыстар редакторы (linkage editor) деп аталатын программа пайдаланылады. Ол ассемблерде құрылған жекеленген файлдар- ды бір орындалатын программаға біріктіреді. Негізгі программа- лардың қатарына программиске программаны қадам бойынша орындауға мүмкіндік беретін түзетуші (debugger) программа да кіреді, ол жадының мазмұнын тексереді және өзгертеді.
Жалпы бұл эмулатормен қандай типтегі программаларды жазуға болады?
Біз басты екі типтегі программаларды жаза аламыз.
16-разрядты нақты режимдегі адресациялау программала- ры. Бұл программалар Linux ОЖ-ның эмуляторларын орындауға арналған.
32-разрядты қорғалған режимге арналған программалар.
Бұл программалар Microsoft Windows ОЖ мәтіндік терминалды
109
іске қосуға арналған. Олардың көмегімен сіздер мониторда мә- тіндік және графикалық мәліметтерді көре аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет