Бүгінгі таңда қаржы менеджері ақша ағындарын белсенді де тиімді басқару үдерісіне жауапты. Бұл кәсіби қаржы менеджерінің кәсіпорындағы рөлін күшейтуге әкелді.
Қаржы менеджері компания қаржыларымен әр тұрғыдан басқаруы мүмкін. Қойылған мақсаттарға байланысты басқару объектілері ретінде активтер болуы мүмкін, қалай құрамы бойынша, солай құрылымы бойынша да. Пассивтерді басқару капитал құрылымын дұрыс қалыптастыруға, меншік және қарыз капиталының ара қатысын оңтайландыруға, қысқа мерзімді қаржыландырудың үлесін айқын көруге көмектеседі.
Қаржы менеджерінің маңызды міндеттері:
қаржылық талдау мен жоспарлау
активтерді басқару
капиталды басқару
тәуекелдерді басқару.
Тәуекелдерді басқару. Қаржылық талдау менеджерге қаржы жағдайындағы өзгерістерге әкелетін факторларды тауып, негізгі үрдістердің болжамын жасап, фирманың қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді. Аналитикалық жұмыс та өндірістің өсуіне қажет ресурстардың мөлшері мен құрамын бағалап, қосымша қаржыландырудың көздерін табуға жол ашады. Активтерді басқару міндеті шеңберінде қаржы менеджері активтердің сатып алуы мен қызмет көрсетуімен байланысты бірқатар мәселелердің шешуін қамтамасыз етуге тиісті. ең алдымен негізгі және айналымдағы қаражаттардың оңтайлы құрамы мен тиімді құрылымын анықтау қажет. Сонан соң қаражаттарды ресурстардың әр түрлеріне (материалдық, еңбек, қаржы және т.б. инвестициялау қаншалықты экономикалық тиімді екенін анықтау керек. Осыдан басқа, барлық активтер жиынтығының жағдайы мен тиімді пайдалануына бақылау жүйесін әзірлеу маңызды. Соңында бағаларды қарастырып (салыстырып), активтерді пайдалану тәуекелін бағалау.
Қаржы менеджерінің маңызды өнімі – инвестициялық және қаржы шешімдерін қабылдау. Олар фирмаға қаржылық тұрақтылық беруге, оның ағымдағы және келешек дамуына бағытталады. Инвестициялық және қаржылық шешімдер әдетте сатулар көлемінің өсу қарқындарын оңтайландыруға, инвестициялардың нақты түрлерін таңдауға, инвестицияларды қаржыландыру құралдарының көздерін іздеуге, қарыз және акционерлік қаражаттар құрылымын оңтайландыруға, бағасы бойынша қолайлы ұзақмерзімді және қысқамерзімді займдарды таңдауға бағытталған. Инвестицияларды басқару кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарын іске асыруға бағытталған инвестициялық саясатын қалыптастыруда тұрады. Осы міндеттің шеңберінде ең тиімді немесе қолайлысын іріктеп таңдау мақсатында жеке жобалары мен қаржы құралдарының инвестициялық тартымдылығын бағалауы, қаржы салымы бюджетін әзірлеуі, бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыруы және басқаруы іске асырылады. Ақша ағындарын басқару кәсіпорынның ағымдағы, күнделікті қызметінде рөлі маңызды. Осы міндеттің іске асу нәтижелілігінен төлем қабілеті, өтімділігі мен қаржы тұрақтылығы байланысты.
Тәуекел – шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын факторы болып келеді. Іске асыру үдерісінде олардың негізгі түрлері анықталып, осы тәуекелдер деңгейінің және олармен байланысты шығындар көлемінің бағалауы өткізіледі. Алынған ақпарат пен талдау нәтижелерінің негізінде тәуекелдерді кешенді басқаруы бойынша, олардың жеке түрлерін алдын алу және азайту, әртараптандыру, сақтандыру және хеджирлеу бойынша шаралар жүйесі қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |