Ақша қаражат жоспарының кемшіліктері:
маркетингпен қатынастың әлсіздігі, өнімді мезгілге байланысты сатудың негізделген жоспарының жоқтығы;
өнім сатуды тауар группасына бөліп жоспарлайтынында;
материалдық ресурстардың қозғалыс жоспарының жоқтығы материалдық активтерді (шикізат, аяқталмаған өнім, дайын өнім) қозғалысын жоспарлауды, бақылауды қиындатады;
жоспарлы бухгалтерлік балансының жоқтығы;
жоспарлау, бақылаудың нақты әдісінің жоқтығы, жоспар мекеме басшыларына анық айқын емес.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның дағдарыс жағдайын анықтау немесе одан тез арада шығуын болжау бойынша қаржы құралдарын кең пайдалана отырып, басқару жүйесінің барлық тетіктерін іске қосып қалыптасып жатқан тенденциялар мен өзгерістерді зерттеп, сыртқы және ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілеттілігінің төмендеуі немесе жоғарылауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру дағдарысқа қарсы менеджментті іске асырудың негізгі бағыттары болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
Мадиярова Э.С., Сүйеубаева С.Н. Қаржылық менеджмент. – Алматы: «Экономика», 2009.
Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. – Алматы: «Экономика», 2001.
Юн Г.Б. Антикризисное управление. / Учеб. пособие. 2-е изд. М., 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |