Мақалада қазіргі дағдарыс жағдайындағы қаржы менеджменті жүйесін жетілдіру мәселелері мен жолдары қарастырылған


Ақша ағымын басқару төмендегі мақсаттарды шешу болып табылады



бет6/7
Дата23.05.2022
өлшемі197.61 Kb.
#458525
1   2   3   4   5   6   7
мат каржы

Ақша ағымын басқару төмендегі мақсаттарды шешу болып табылады:

  • дайын ақша қаражат, оның қозғалысын болжап отыру;

  • ақша қаражаттың дамуының жоспарының өнімділігін зерттеу;

  • қажетті қарыз алу мөлшері мен оны алудың уақытын белгілеу;

  • қарыз ақша алудың қажеттілігін талдау;

  • нақты жүзеге асырылатын, аз шығын шығаратын ақша қаражат жоспарын жасау;

  • шығынның қайтарылатын мезгілін анықтау, жобаны жүзеге асырғанда түсетін табыстың мөлшерін анықтау;

  • ақша қаражат жоспарының іс-жүзінде орындалуына бақылау қою, өзгеріс енгізу;

  • банкроттықтың қалыптасу мүмкіндігін болжау;

  • банкроттықты уақтылы жою.

Ақша қаражат жоспарының формасы және мазмұны мекеменің ерекшелігіне, оның стратегиялық дамуына байланысты бір-бірінен айырмашылықта болуы мүмкін. Ақша қаражат жоспарын жасауды ақша-қаражаттық қозғалысы туралы есептен бастау қажет. Өйткені дағдарыстағы мекеменің мақсаты қордаланған қарыз бен есеп айырысу үшін ақша ағымын жинау болып табылады.
Ақша қаражат жоспары негізгі ақша қаражат коэффициентімен толықтырылып отыруға тиіс. Аталмыш коэффициенттер ақша қаражат жоспарын жүзеге асырған соң ұсынылған жоспарға сай болуға тиіс.
Барлық көздерден түсетін ақшаның жалпы сомасы және төлемдердің мөлшері есептеледі. Ақшаның түсуі мен шығуының арасындағы айырма алғаш шотта болған ақшаға қосылады.
Ақша –қаражаттың жұмсалуы оңай. Егер қаражат қорында ақша болса жоспар орындалады. Ақша қаражаттың жұмсалмауының себебі есептегенде дайын қаржының жоқтығы болып табылады.
Жоспар орындауға тиісті болу үшін:

  • алдыңғы және ағымдағы мерзімде сату көлемін көбейту арқылы ақша түсімін молайту, өнімінің тұтынушылық сапасын арттыру арқылы шығындарды азайту;

  • өнімді өткізу арқылы, немесе алдын ала төлеу арқылы өндірістің циклын қысқарту, ақша айналымының уақытын азайту;

  • өнімді өткізу формасын өзгерту, алдын ала төлеуден қолма-қол төлеуге, қолмақол төлеуден төлеу мерзімін өзгерту;

  • жарғылық капиталды көбейту, акция сату немесе жоғары өтімді өнімді сату арқылы ақша қаражатты молайту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет