«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е


«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру



бет3/4
Дата05.11.2023
өлшемі39.67 Kb.
#482386
1   2   3   4
f0737db2a6b28b4995af871f272d2bc3 original.40624

3. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұйымдастыру

20. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.


21. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
6) шарттар жасасады;
7) сенімхаттар береді;
8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
9) қызметкерлердің іссапарларының,сынақтан өтудің және біліктілігін арттырудың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шарасын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
13) ведомстволық бағыныстағы мекеме, кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;
14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет