«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. «Маңғыстауаудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. Миссиясы:
Аудандық деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.
17. Міндеттері:
1) мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;
2) мәдениет, дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың қызметін ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін орындау жөніндегі жұмысқа басшылық жасау және бақылау;
4) спорт инфрақұрылымын дамыту қызметін ұйымдастыру;
5) ұлттық мәдениетті өркендету, сақтау, дамыту әрі тарату;
6) ауданның мәдени-рухани дамуының жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған мәдени шаралар жүргізу.
18. Функциялары:
1) Маңғыстау ауданының аумағындағы мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларының дамту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) ауданның мәдениеті мен өнер жетістігін көрсететін аудан көлемінде және одан тыс жерлерде де өзінің ведомствалық бағыныштылығына қарамастан өтетін фестивальдар мен кәсіптік және әуесқой өнер күндеріне өнерпаздар коллективі мен жеке орындаушылар сайысына, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың мәдениет ағарту қойылымдары мен өзге де мәдени демалыс шараларына басшылық жасайды;
3) жергілікті маңызы бар тарихи- мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
4) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылымды жасау бойынша шаралар қабылдау;
5) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
6) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;
7) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;
8) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын беру;
9) мынадай бiлiктiлiк санаттарын беру: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi;
10) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн жасақтап, iске асыру;
11) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiру;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну үшін аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асыру;
13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
14) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
13) дене шынықтыру және спорттық iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
14) аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіру және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз ету;
15) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
16) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорттық мектебінің қызметін қамтамасыз ету;
17) дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүргiзу, денсаулықтарын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу, жұмысқа қабiлеттiлiк пен белсендi ұзақ өмiр сүрудiң жоғары деңгейiне, сондай-ақ iзгiлiк мұраттары мен спорт құндылықтарына қол жеткiзу үшiн дене шынықтыру компоненттерiн практикалық пайдалануда халықтың бiлiм деңгейiн арттыру;
18) мүгедектерге дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына баруға жағдай жасау;
19) мекеменің құзыреті шегінде аудан әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
20) барлық мекемелерде құзыреті шегінде мәселелерді қарауда мемлекеттің мүдделерін ұсыну;
21) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
22) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
23) мекемеге бағынысты мәдени және спорт ұйымдарының аттестаттаудан өткізеді;
24) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
25) мүдделі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп аудан әкімдігінің мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;
26) аудан мәдениеті мен өнер саласының даму жағдайына, мәдениет және өнер мекемелері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасының жағдайына талдау жасау;
27) ведомстволық бағыныстағы мекеме кәсіпорын басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
28) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру;
19. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңмен қойылған ретте өз қызметін орындау үшін мемлекетік органдардан, қызметтегі тұлғалардан, өзге де кәсіпорындар мен азаматтарды талап етуге;
2) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, мекемелермен және объектілермен өзара іс-қимыл жасауға;
3) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдауға;
4) мәдениет, спорт саласында кәсіпорындарға ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге, басшылық етуге;
5)заңдарда белгіленген тәртіппен банктерге шоттар ашуға, кассалық операциялар жүргізуге;
«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз ведомостволарын бақылау мақсатында:
оларды бачсқаруды жүзеге асырады;
олардың даму жоспарын және оларды орындау жөніндегі есептерді
қарайды, келіседі, бекітеді;
олардың мүліктерінің сақталуына және даму жоспарының орындалысына талдауды және бақылауды жүргізеді;