4. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
23. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Оған заңнамада көрсетілгендей шекте мүлікті басқару құқығы берілуі мүмкін.
26. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі статистика және салық органдарына, құрылтайшыларға және өзге де тұлғаларға өз қызметі туралы ақпарат ұсынады.
27. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кірістерінің мөлшері мен құрылымы, сондай-ақ бөлім мүлкінің мөлшері мен құрылымы, оның шығыстары, қызметкерлерінің саны мен құрамы, олардың еңбегіне ақы төлеу, мекеменің қызметінде азаматтардың тегін еңбегін пайдалану туралы деректер коммерциялық құпия болып табылмайды.
5. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
28. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Маңғыстау ауданы әкімдігінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
29. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларҚазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
7. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
30. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |