Маңғыстау облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі жөнінде жедел есеп


міндет. Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемін арттыру



бет4/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.68 Mb.
#22284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.7.1. міндет. Жеңіл өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемін арттыру

Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі

млн. теңге

2000

2222

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Мұнай-газ секторы кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін жергілікті өндірушілерден жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу туралы меморандумдар жасауға қолдау көрсету

меморандумдар

ИИДБ

2011-2015 жылдар

Өндірісті қолдау мақсатында, өңірдің жеңіл өнеркәсібі кәсіпорнының екеуі де өз өнімінің шығарылуын мұнай мен газ секторына қайта бейімдеп, қазіргі кезде Батыс облыстардың мұнай-газ секторының кәсіпорындарының арнайы киімге қажеттілігін қамтамасыз етуде.

Өңірдің мұна-газ саласы кәсіпорындарының қызметкерлерін арнайы аяқ киіммен және арнайы киімміне қамтамасыз теуге «Жанарыс» ЖШС 2013 жылы 2598,6 млн. теңге жалпы сомасына 18 шарт жасасты.



3. Агроөнеркәсіп кешені

Мақсат: Ішкі рынок қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Атауы

Өлшем

бірлігі

2013 жылдың

жоспары

2013 жылдың нақтысы

Орындалуы туралы ақпарат

Мақсатты индикатор:

Ауыл шаруашалығы жалпы өнімінің НКИ, өткен жылға %-да



%

100,2

96,6

Индикаторға қол жеткізілмеді.

Ауыл шаруашылығы НКИ-нің заюына өсімдік шаруашылығындағы НКИдің төмендеуі мен мал шаруашылығының төмен НКИ-ы ықпал етті.



4.1. міндет. АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі есебінен облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін (қызметтерін) жалпы шығарудың нақты көлем индексі

%

100,0

77,9

Көрсеткіш орындалмады.

Мал шаруашылығы өнімдерін (қызметтерін) жалпы шығарудың нақты көлем индексі

%

100,0

100,3

Төлдің толық алынбауына, кейбір аудандарда мал басының азаюына және союға өткізілген малдың жағдайына (семіздігі орташа және ортадан төмен) байланысты, мал шаруашылығының НКИ-ы төмен қалыптасты.

Агроөнеркәсіп кешенінің жалпы қосылған құны

млн. теңге

3853

*

Статистикалық деректер жоқ.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігінің өсуі

мың теңге/адам

1100/7,0

1113,5/7,1

Көрсеткіш орындалды.

Ішкі рыногты отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету деңгейі

%

93

93

Көрсеткіш орындалды.

Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін экспорттаудың өсуі

%

0

0


Мерзімі келіп жеткен жоқ.

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қаржылық қолдау (субсидиялау)

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 2013 жылы10655,2 тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға артық;

сиыр сүтін өндіру 7,7%-ға төмендеп (2012 жылы 4378,8 тонна), 4039,9 тоннаны құрады; құс басының 29,8%-ға азаюына байланысты, тауық жұмыртқасы 6,1%-ға азайып, 642,4 мың дананы құрады (2012 жылы – 684,0 мың дана);

Қаржы институттары асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуына 185365,0 мың теңге сомасына кредит берді


Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдауға республикалық бюджеттен 2013 жылы:

қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге – 21 996,0 мың теңге, асыл тұқымды 100 бас қой төлін, 40 бас жылқы төлін және 2 бас түйе төлін сатып алуға – 2 474,0 мың теңге;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға (шығынның 50%-ына дейін жабуға) жергілікті бюджеттен 24 000,0 мың теңге бөлініп, сомалар толықтай игерілді.


Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті індеттеріне қарсы эпизоотиялық іс-шараларды өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Эпизоотияға қарсы шаралар өткізуге (энзоотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар 1731,12 мың манипулияцсын қолданағу, серологиялық зерттеулер үшін 699,434 қан сынамасын алу мен жеткізуге) республикалық бюджеттен 2013 жылы 152 459,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлініп, игерілді.

Эпизоотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100% орындалып, өңір аумағы эпизоотиялық қолайлы болып табылады.



Қойларды тоғытуға арналған жүзу бассейндерінің және ірі қараны санитарлық өңдеуге арналған жіктеу қоралардың құрылысы

Пайдалануға беру актісі

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Қаражат ашық конкурсты өткізіп, осы объектінің ТЭН-ін әзірлейтін жеңімпазды анықтаған Сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінді.

Сумен жабдықтаудың (ауыз су) аса маңызды топтық жүйелерінен су жеткізу бойынша қызметтің бағасын субсидиялау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.04.2012 жылғы № 489 Қаулысына сәйкес, осы бағдарлама энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына берілді.

Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын өткізу үшін қажетті жанар-жағар май және өзге тауарлық-материалдық құндылық бағаларын арзандату

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Жанар-жағармай мен тауарлық-материалдық құндылықтар (213 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алу үшін) құнын арзандатуды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 48 735,0 мың теңге бөлініп, сома ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтінімі бойынша аударылды.

«Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажетті жанар-жағармай мен тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға жергілікті бюджеттен 28409,0 мың теңге мөлшерінде субсидия бөлініп, сома толықтай игерілді.



Ауылдық тұтыну кооперативтері мен сервистік-дайындау пункттер желілерін одан әрі дамыту

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Облыста ет және сүт өнімдерінің АШТӨ қызметтерін көрсететін 3 СДО құрылып, оның ішінде ет, ет өнімдерін және жем-шөп дайындаумен және өткізумен айналысатын «Бейнеу» СДО ғана жұмыс істейді.

*Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын көтеруге – 27250,0 мың теңге, 25 тонна қой еті мен 450 тонна шұбат өндіруге және өткізуге қаражат бөлініп, сома толықтай игерілді.

Ауыл шаруашылығындағы егін шығымдылығын және өндірілетін өнім сапасын арттыруды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын көтеру үшін, ҚР АШМ АШТӨ-ді субсидиялаудың жаңа қағидаларын қабылдады. Облыс әкімдігінің қаулысымен субсидия төлеу нормативтері ұлғайтылды.

Шаруа қожалықтарына ашық топырақ үшін субсидия төлеу нормативі 1 гектарға 12000 теңгені, ал тамшылатып суаруды енгізген шаруашылықтар үшін 48000 теңгені құрайды;

Өнеркәсіптік үлгідегі жабық топырақ үшін субсидия төлеу нормативі 1 гектарға 1-ші дақыл айналымына 2,0 млн. теңгені, 2-ші дақыл айналымына 2,0 млн. теңгені;

Жеңілдетілген үлгі үшін 1 гектарға – 300,0 мың теңгені: тамшылатып суаруға құрайды.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын көтеруді субсидиялау үшін, жергілікті бюджеттен 2013 жылы 5813,9 мың теңге бөлінді.


Жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық ағаштарын отырғызу мен өсіруді қамтамсыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Қарақия аудынының «Жаңбыршы» шаруа қожалығы Нижнегородск өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтымен жеміс-жидек ағаштарының 1500 дана көшетін, жүзімнің 3000 дана көшетін жеткізуге және көп жылғы ағаштарды отырғызу мен өсуріду ғылыми сүуемелдеуге арналған шартқа қол қойды. Шаруашылық көшеттерді отырғызу үшін 10 гектар жер дайындап, 10 гектарға арналған тамшылатып суару жабдығын сатып алуға өтінім берді. Сонымен бірге, «Жаңбыршы» ШҚ сатып алған көшеттер сорттары Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiміне енгізілмегендіктен, осы жобаны субсидиялауға мүмкіндік жоқ.

Жылыжай шаруашылығын дамыту және су үнемдейтін технология - тамшылатып суаруды кеңінен енгізу

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

Өңірде жалпы ауданы 5,4 га 5 жылыжай жұмыс істейді.

Жыл басынан бері жабық топырақта 968,9 тонна көкөніс өнімдері өндіріліп, облыс халқына өткізілді.

Жабық топырақ ауданын 6,4 гектарға дейін арттыру, өндіріс көлемін 1500 тоннаға дейін жеткізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі кезде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Жаңаөзен қаласында жылыжай кешенін жалға алған және 2014 жылдан бастап өзге лизинг алушымен шарт жасасқан «Өзен-Дархан» ЖШС-мен шартты бұзады. 2014 жылғы қаңтардан бастап, ауданы 1 га жылыжай корпусын қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Түпқараған ауданында ЖК Б. Чалак «Тамшылатып суару жүйесін қолданну арқылы ауданы 1 га жеңіл құралымды жылыжай салу» жобасын іске асыруда. Қазіргі сәтте 1,0 га жылыжай пайдалануға беріліп, 0,2 га жылыжай бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау ауданында ЖК Сарина менщікті қаражаты есебінен Жыңғылды ауылында жалпы ауданы 1 га жылыжайдың құрылысын бастады.

Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану арқылы 2013 жылы 483 га қамтылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 194,6 гектарға немесе 67,1%-ға жоғары.


Теңіз балығын аулауды және тауарлық балық өсіруді дамыту

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар

Каспий теңізі жағалауындағы облыс аумағы 6 балық шаруашылығы ауданы мен 30 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген және олар 20 табиғат пайдаланушыға 10 жыл мерзімге бекітіліп берілген. Маусымында балық кәсіпшілігіне 97 балық аулау браидасы құрамында шамамен 300 балықшы шығады.

2013 жылы 540 тонна балық ауланды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 162 тоннаға аз. Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, азық базасының және жағалау учаскелерінде өмір сүретін балықтар санының азаюына алып келді.



АӨК-де кәсіби кадрларды даярлау мен қайта даярлауды қолдау,АӨК-ын ғылыми және ақпараттық-маркетингілік қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар

2013 жылдың қорытындысы бойынша 13 студент, оның ішінде 8 ветеринар Маңғыстау облысы әкімі грантының есебінен оқуда.

Облыстың 2 қаласы мен 44 ауылының әкімдіктерінде 25 ветеринар маман жұмыс істейді, білікті кадрлардың болмауына байланысты аудандар мен қалалардың 66 бос орын бар.



Мал басын өсіру және мақсатты селекциялық-тұқымдық жұмыс жүргізу есебінен өндіріс көлемін және және мал шаруашылығының өндірілетін өнім сапасын арттыру

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Жануарлардың тұқымдық және өнімділік сапасын жетілдіру мақсатында, селекциялық-тұқымдық жұмыс мақсатты түрде жүргізілуде. Облыста асыл тұқымды мал басын өсіретін 27 субъект, оның ішінде қой өсіретін 4 субъект, адай жылқсыны өсіретін 15 субъект, түйе өсіретін 7 субъект және ірі қара мал өсіретін 1 субъект жұмыс істейді, оларда 19782 қой басы, 3530 жылқы басы, 1595 түйе басы мен 36 бас ірі қара мал бар. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында - 4,2%, жылқы шаруашылығында – 5,6%, түйе шаруашылығында – 2,2% құрайды.

Жылқылардың 3 зауыттық желісі мен 1 зауыттық үлгісі Мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның мемлекеттік сараптамасынан өтіп, «қазақтың адай тұқымдас жылқыларының мемлекеттік асыл тұқымды каталогы» шығаруға дайындалды.



АӨК өңдеу кәсіпорындарының желісін дамытуды қолдау

Облыс әкіміне ақпарат

АШБ

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Бейнеу астық терминалы 2013 жылы килограмына 15 теңге бағамен 5,9 мың тонна жем жармасы сатылды. Қарақия ауданының Құрық ауылында консервіленген көкіөністер шығаратын цех жұмыс істеп бастады. ЖК Г. Бекбауованың инновациялық жобасын жабдықты сатып алуды қаржыландырған «Ауыл шаруашылығын қаржылайц қолдау қоры» АҚ-ның Маңғыстау филиалы қолдады. Қарыздың 8 000 000 теңге жалпы сомасы 5 жылға есептелген. Бүгінгі күнге цехта алғашқы өнім шығыралып басталды, тәулігіне 200 құтыға дейін көкөніс консервілері дайындалуда.

Өңірде «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нде түйе сүтін өңдейтін цех жұмыс істейді. Кәсіпорын шұбат шығарғаннан басқа, сүттен жасалатын ұлттық өнімдер - құрт, балқаймақ, ірімшік дайындаумен де айналысады.

2013 жылы 513 тонна шұбат өндірілді, бұл 2012 жылға қарағанда 115 тоннаға (немесе 22,4%-ға) көп (398 тонна). 450 тонна шұбат өндіруге арналған шығындар республикалық бюджеттен субсидияланды.

«Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нде халық тұтынатын тауарлар шығарумен бірге жүн өңдеу фабрикасының жобасы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізіліп, ғимараты салынды. жобаны «ТемірБанк» АҚ-ның Маңғыстау филиалы қолдап, түйе жүнін жуу эәне өңдеу жабдығын сатып алуды 22500,0 мың теңш\ге сомасына қаржыландырды.

«Сенек» ЖШС-нде қой жүні мен қаракөлді өңдеу цехы жұсы істейді, тері бұйымдары мен киіз тігіледі, қой терісі өңделеді. 2013 жылы 48,5 тонна қой жүні өңделді.


4. Шағын және орта бизнес, сауда

Мақсат: Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту, жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру

Атауы

Өлшем

бірлігі

2013 жылдың

жоспары

2013 жылдың нақтысы

Орындалуы туралы ақпарат

Мақсатты индикаторлар:

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі



%

100,5

101,9

Мақсатты индикаторға қол жеткізілді.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

114

130

Мақсатты индикаторға қол жеткізілді. Бөлшек тауарайналымының көлемі 2013 жылы 97,5 млрд. теңгені құрады.

4.1. міндет. Өңір экономикасының инновациялық, өндірістік және өзге салаларында шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету

1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсуі

бірлік (1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъекті-лерінің саны)

44,6

55,4

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.

Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесінің артуы

%

21,2

18,5

Жыл қорытындысында қол жеткізу жоспарлануда. ЖӨӨ көлемі жөніндегі деректер статистика органдарымен есепті кезеңнен кейін 2-3 айдан соң тоқсан сайын берілетіндіктен, жылдың деректер кеш беріледі.

01.10.2013 жылғы жағдай бойынша деректер көрсетілген (өнім шығару – 258,3 млн. теңге, ЖӨӨ – 1398,5 млрд. теңге).



Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Шағын және орта бизнес субъектілері өндіретін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің "Табыс" көрмесін, сондай-ақ "Маңғыстау облысының үздік кәсіпкерлері" облыстық конкурсын өткізу

көрме

ИИДБ

2011-2015 жылдар

2013 жылғы 25 тамызда Маңғыстау облысының кәсіпкерлері шығаратын тауарлар мен көрсететін қызметтердің «Табыс-2013» жыл сайынғы көрме-жәрмеңкесі болып өтті. Сондай-ақ, 14, оның ішінде мына:

  1. «Жылдың ең үздік кәсіпкері»;

  2. «Ауыл шаруашылығы саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  3. «Құрылыс саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  4. «Қызмет көрсету саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  5. «Халықтық-шығармашылық кәсіпшілік саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  6. «Ең үздік кәсіпкер әйел»;

  7. «Өнеркәсіп саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  8. «Қонақ үй бизнесі саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  9. «Ең үздік жас кәсіпкер»;

  10. «2013 жылдың ең үздік бизнесінің авторы»;

  11. «2013 жылдың ең үздік бизнес-идеясы»;

  12. «Білім беру саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  13. «Денсаулық сақтау саласындағы ең үздік кәсіпкер»;

  14. «Туризм саласындағы ең үздік кәсіпкер» номинациялары бойынша кәсіпкерлерге дипломдар мен ескерткіш таңбалар табыс етілді.

Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерін тарта отырып, өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелесі бойынша семинар-тренингілер, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер топтамасын өткізу

іс-шара

ИИДБ, «Даму» КДҚ АҚ (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

2013 жылғы ақпан айында Маңғыстау облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін «Бизнестің жол картасы -2020», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020», «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған арнайы жоспары» бағдарламаларының және кәсіпкерлік саласына түсетін әкімшілік қысымды төмендету аясында ақпараттың сүйемелдеудің медиа-жоспары бектілді.

Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, 2013 жылдың ішінде «Қазақстан-Ақтау» облыстық телеарнасында мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары мен кәсіпкерлік саласына түсетін әкімшілік қысымды төмендетуді түсіндіру мақсатында Кәсіпкерлік және сауда басқармасының, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, қаржы институттары директорларының және мемлекеттік органдардың тікелей эфирде бағдарламалар өткізілді.

2013 жылдың ішінде облыстың барлық қалалық және аудандық елді мекендерінде кәсіпкерлік және сауда басқармасының, «Даму» КДҚ» АҚ ӨФ-ның, «Маңғыстау облысының шағын кредиттеу орталығы» шағын кредит ұйымы» ЖШС-нің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның, «Қазагроқаржы» АҚ-ның, «Агророст» ҚБ-нің, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағы» ҚБ-нің, Атамекен Одағы ҚҰЭП-ның өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бойынша көшпелі кеңестер болып өтті. Облыстың аудандары мен қалаларындағы көшпелі кеңестердің нәтижесінде түсіндіру жұмыстарын өткізудің кестелері әзірленді, оларға сәйкес жұмыс топтары жақын орналасқан елді мекендерде, селолық округтерде түсіндіру жұмыстарын өткізді.

2013 жылғы мамырда «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасымен бірге қоғамдық ұйымдар, қаржы институттары басшыларының қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

2013 жылғы 23 мамырда»Атамекенә одағы» ұлттық экономикалық палатасымен бірге шағын және орта бизнес субъектілерін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыруға тарту мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, қаржы институттарының басшыларының қатысуымен кеңес өткізілді.

2013 жылғы 21 маусымда Маңғыстау облысының прокуратурасымен бірге мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және кәсіпкерлердің қатысуымен «Кәсіпкер және құқық» атты еркін қарым-қатынастың кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді.

2013 жылғы 29 тамызда Маңғыстау облысының прокуратурасымен бірге қоғамдық бірлестіктердің және ассосациялардың қатысуымен «Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы прокуратураның рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

2013 жылғы 20 қарашада облыс әкімі А.С. Айдарбаевтың ҰКП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің және облыс кәсіпкерлерінің қатысуымен Маңғыстау облысы кәсіпкерлері палатасының мүшелерімен кездесуі болып өтті.

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы 2013 жылғы 3 қыркүйектен бастаған кезеңде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі түсіндіру жұмысын жүзеге асыру үшін, облыстың аудандары мен қалаларына көшпелі кеңестер ұйымдастырды.

Бұдан басқа, жергілікті ақпарат құралдарында және облыс әкімдігі мен кәсіпкерлік және сауда басқармасының сайтында мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі хабарландырулар мен мақалалар тұрақты негізде орнластырылуда.

2013 жылдың ішінде Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру жөнінде "Көзбе-көз", "Шағын және орта бизнес" және т.б. бағдарлама»ар« бірнеше мәрте өткізілді.


«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірістерді кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған жобаларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру

ҚР ЭБЖМ-не ақпарат

ИИДБ, «Даму» КДҚ АҚ (келісім бойынша)

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесінде 2013 жылы 3,172 млрд. теңге жалпы сомасына кәсіпкердің 41 жобасы, оның ішінде «Бизнес бастамаларды қолдау, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» атты бірінші бағыт бойынша 3,196 млрд. теңге жалпы сомасына 24 жобаны субсидиялауға, «Кредиттерді кепілдендіру» бағыты бойынша 30,3 млн. теңге сомасына 4 жобаға, мемлекеттік гранттар беруге – 12,0 млн. теңге сомасына 4 жобаға өтінім берілді.

Рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, оның ішінде Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

ҚР ЭБЖМ-не ақпарат

ИИДБ

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі 2013 жылы Маңғыстау облысы бойынша рұқсат беру рәсімдері (құжаттары) мен мәлімдемелерді түгендеу бойынша жұмыс жүргізді.

Маңғыстау облысында 24 мемлекеттік органда, оның ішінде 7 қала мен аудан әкімдіктерінде; 9 облыстық басқармада; 8 аумақтық басқармада бекітілген ережелеріне сәйкес рұқсат беру құжаттары беріледі.

Көрсетілген жұмыс үдерісінде «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттары (рәсімдері) паспорттарының 17 түрі, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, оның ішінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 151 түрі;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген рұқсат беру құжаттарының 115 түрі;

3) Маңғыстау облысы әкімдігінің және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қаулыларымен бекітілген рұқсат беру құжаттамаларының 8 түрі қаралды.



Жоғарыда санамаланған «А» бөлігіндегі рұқсат беру құжаттарының (рәсімдерінің) толтырылған паспорттары, рұқсат беру құжаттарынның талаптары мен оларды беру шарттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жолданды.

Облыстың тауарлық базарларындағы бәсекелестікті дамыту бойынша шаралар әзірлеу (жаңа қатысушылардың көбеюі үшін қажетті шараларды жасау, шоғырландыру деңгейін төмендету, әкімшілік кедергілерді қысқарту)

Облыс әкіміне ақпарат, ҚР БҚА-не ұсыныстар

КжӨБ, «Даму» КДҚ АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға

ҚР БҚА-не облыстың тауарлық рыногтарындағы бәскелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар жолданды (жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдайлар құру, шоғырлану деңгейін төмендету, әкімшілік кедергілерді қысқарту).

Өңірдегі бәсекелестікті қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингілер, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ, «Даму» КДҚ АҚ (келісім бойынша)

жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға

Облыстағы кәсіпкерлік қолдау және дамыту мақсатында, облыста кәсіпкерлік субъектілері арасында түсіндіру, 2013 жылы облыс әкімінің өңір кәсіпкерлерімен және қоғамдық ұйымдармен 2 кездесуі, облыс әкімінің салаға жетекшілік ететін орынбасарының төрағалық етуімен 6 кеңес, қалалық және аудандық кәсіпкерлік бөлімдерінің бастықтарымен 5 дөңгелек үстел, сондай-ақ әкімдіктер мен қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен бірқатар сұхбаттар мен бағдарламалар өткізіліп, оларда облыстағы бәсекелестікті қорғау мәселелері талқыланды.

Тамақ өнімдерінің, халық тұтынатын тауарлардың жәрмеңкелерін, көрмелерін ұйымдастыру

ЭБЖМ-не ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар

Облыстың қалалары мен аудандарында жергілікті тауар өндірушілердің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері апта сайынғы негізде өткізілді.

Бағаның өсуін тежеу мақсатында өндірушілер мен әкімдіктер арасында меморандумдар жасалуын қамтамасыз ету

меморандумдар

КжСБ, қалалар мен аудандар әкімдері

2011-2015 жылдар

Бағаның өсуін тежеу мақсатында, өндірушілер (ірі сауда нүктелері) мен әкімдіктер арасында 2013 жылы меморандумдар жасалды.

Сауда объектілерін сауда рыногтарының қызметін ұйымдастыру ережелеріне сәйкестікке келтіру туралы аудандар мен қалалар әкімдеріне ұсыныстар әзірлеп, жолдау

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ, қалалар мен аудандар әкімдері

2011-2015 жылдар

Қалалар мен аудандар әкімдіктеріне сауда объектілерін суда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларына сәйкестікке келтіру туралы ұсынымдар жолданды.

Қосымша сауда алаңдарын, бірліктерін пайдалануға беру

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ, АШБ

2011-2015 жылдар

Ақтау қаласында «Технодом» гипермаркеті ашылып, «Заман» базары қайта құрылымдалды.

Сауда орындарындағы инфрақұрылымды жетілдіру

Пайдалануға беру актілері

КжСБ, АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері

2011-2015 жылдар

Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарына тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті тауар өндірушілердің әлеуетін есепке ал туралы өтінішхаттар жүйелі түрде жолданды.

Жергілікті тұтынушыларды жергілікті өндірістің өнімдері мен тауарлары туралы хабардар болуын кеңейту

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар

Жергілікті тұтынушыларға ақпарат беру мақсатында, «Табыс» конкурсы, сондай-ақ Маңғыстаудың ең үздік тауарлары көрмелерінің конкурсы жыл сайын өткізілуде.

ЖАО мен шетелдер өкілдерінің арасындағы меморандумдар мен шарттарды іске асыру

ҚР Үкіметіне ақпарат

КжСБ, қалалар мен аудандар әкімдері

2011-2015 жылдар

2013 жылы төменде көрсетілген 4 таяу және алыс шетелдің сауда-экономикалық миссияларының:

- іскерлік ортаның қатысуымен Экономикалық даму министрі Шахин Мұстафев бастаған Әзірбайжан Республикасының делегациясының (2013 жылғы 19 маусымда);

- іскерлік ортаның қатысуымен Германияның Алматы қаласындағы Бас консулы Михаэль Граус бастаған Германия делегациясының (2013 жылғы 18-21 маусым аралығында);

- іскерлік ортаның қатысуымен ҚР-ның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрбаев Орман Кәрімұлы, Латвияның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Игорь Апокин, Малайзияның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохда Зулькефли бин Мохд Нура бастаған елшіліктердің өкілдері мен Қазақстанның Латвиядағы, Малайзиядағы елшілері делегациясының (2013 жылғы 11-12 шілде аралығында);

- Астрахань облысының Экономикалық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау бөлімінің бастығы Гусев Алексей Витальевич Астрахань Экспортқа бағдарланған шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды үйлестіру орталығы бас директорының орынбасары Щербакова Татьяна Федоровна бастаған астраханьдік бизнес өкілдері делегациясының (2013 жылғы 23-25 қазан аралығында) жұмысын ұйымдастыру қамтамасыз етілді.

Сапар барысында дөңгелек үстелдер, облыс кәсіпкерлерімен кездесулер, бірқатар өнеркәсіптік объектілерге бару ұйымдастырылып, инвестициялық, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар ынтымақтастық пресперктивалары қаралды: (жол салу, өнеркәсіптік объектілер салу, кеме жасау зауытын салу және кем жеткізу, азаматтық құрылыс, мұнай өндіру, теңіз жобалары, сумен жабдықтау жүйесін дамыту).



Кезең-кезеңімен жаңғыртуды есепке ала отырып, базарларды жіктеу талаптарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ-не ұсыныс

КжСБ, АШБ, қалалар мен аудандар әкімдері

2012 жыл

Облыс әкімдігі кезең-кезеңімен қайта жаңғыртуды есепке ала отырып, базарлар сыныптамаларының талаптарын әзірлеу жөнінде ҚР ӨДМ-не ұсыныстар жолдады.

Сауда орнын жалдау төлемін айқындау әдістемесін қоса алғанда, коммуналдық базарлардың қызметін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ-не ұсыныс

АЖБ, ІСБ

2012 жыл

Коммуналдық базарлар жоқ. Коммуналдық базарлар құру туралы мәселе Ақтау қаласының әкімдігімен және «Каспий» ӘКК» ҚК-мен пысықталуда.

Коммуналдық базардың әкімшілігін конкурстық іріктеу өлшемін және оның қызметін бағалау және реттеу жүйесін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

ЭБЖМ-не ұсыныс

КжСБ, АШБ

2012 жыл

Облыста коммуналдық базарлар жоқ. Коммуналдық базарлар құру туралы мәселе Ақтау қаласының әкімдігімен және «Каспий» ӘКК» ҚК-мен пысықталуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын тиімді қалыптастыру және пайдалану

АШМ-не ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар

ҚР АШМ-не тоқсан сайын тұрақтандыру қорларын тиімді қалыптастыру және пайдалану туралы ақпарат жолдануда. Негізгі сома «Каспий-Берекет» ЖШС-не аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет