Маңғыстау облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі жөнінде жедел есеп



бет5/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.68 Mb.
#22284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5. Инновациялар және инвестициялар

Мақсат: Инвестициялық ахуалды жақсарту, облыстың инвестициялық жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту үлесін арттыру

Атауы

Өлшем

бірлігі

2013 жылдың

жоспары

2013 жылдың нақтысы

Орындалуы туралы ақпарат

Мақсатты индикаторлар:

Негізгі капиталға инвестициялар көлемінің нақты көлем индексі, %-да



%

101

105,7


Мақсатты индикаторға қол жеткізілді.


Инновациялар (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың белсенділік деңгейін арттыру

%


3

*

2013 жылдағы статистикалық деректер жоқ, кейіннен берілетін болады. ҚР Үкіметінің 20.12.2009 жылғы №2317 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, «Инновациялық қызмет туралы», «Жаңа технологиялар құру және пайдалану, өнiмдердiң (тауарлар, қызметтер) жаңа түрлерiн игеру туралы» статистикалық есептерінің кезеңдiлiгi жылдық болып табылады. 2013 жылдың қорытындылары 2014 жылдың маусым-шілдесінде жарияланатын болады.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу көлемінде қазақстандық қамту үлесін арттыру

млн. теңге

47,4

65,7

Мақсатты индикаторға қол жеткізілді.

5.1. міндет. Ынтымақтастықты, капитал салуды нығайту және дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал, жағдайлар құру

Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі, %-да

%

50

59,9

Мақсатты индикаторға қол жеткізілді.

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар

мың теңге

725510

750519

Тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды.

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға салынған инвестициялар көлемі

мың теңге

-

-

2013 жылға көрсеткіш көздестірілген жоқ.

Инновациялық өнім өндіру көлемінің өсуі

мың теңге

1389,4

*

2013 жылдағы статистикалық деректер жоқ, кейіннен берілетін болады. ҚР Үкіметінің 20.12.2009 жылғы №2317 қаулысымен бекітілген Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес, «Инновациялық қызмет туралы», «Жаңа технологиялар құру және пайдалану, өнiмдердiң (тауарлар, қызметтер) жаңа түрлерiн игеру туралы» статистикалық есептерінің кезеңдiлiгi жылдық болып табылады. 2013 жылдың қорытындылары 2014 жылдың маусым-шілдесін,де жарияланатын болады.

Экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорттың үлесі

%

2,0

2,5

Көрсеткіш орындалды. Экспорт көлемі 2013 жылң қаңтар-желтоқсанында 9093 млн. АҚШ долларын, экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес тауарлар экспорты көлемінің үлесі 2,5% құрады.

5.2. міндет. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін арттыру

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

50

61,4

Көрсеткіш орындалды.

Маңғыстау облысының мемлекеттік ұйымдары 2013 жылдың қорытындысында 34 742,6 млн. теңге сомасына шарттар орындады (2012 жылы – 28 665 млн. теңге, 2011 жылы – 14 911 млн теңге), оның ішінде жергілікті қамту 31 237,2 млн. теңгені немесе 89,9%-ды құрайды, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,3 пайыздық орынға жоғары.

3 650 млн. теңге сомасына тауарлар сатып алынды (2012 жылы – 4 492 млн. теңге, 2011 жылы – 2 211 млн. теңге), олардағы жергілікті қамту 2 241 млн. теңгені немесе 61,4%-ды құрайды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,5 пайыздық орынға жоғары);


Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

88

93,3

Көрсеткіш орындалды.

жұмыстар 23 238 млн. теңге сомасына орындалды (2012 жылы – 15 578 млн. теңге, 2011 жылы – 7 709 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 21 391 млн. теңгені немесе 92,1%-ды құрайды (21,7 пайыздық орынға жоғары);

Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

9

6,7

Көрсеткіш орындалмады.

Жүйе құраушы кәсіпорындар 2013 жылдың қорытындысында 12 799 млн. теңге жалпы сомасына (2012 жылдың қорытындысында – 35 016,3 млн. теңге, 2011 жылдың қорытындысында – 69 133,0 млн. теңге), оның ішінде жергілікті өнім берушілерден 6 946 млн. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды, оның ішінде жергілікті қамту үлесі 54,3% құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайыздық орынға жоғары.

5 961 млн. теңге сомасына тауарлар сатып алынды (2012 жылы – 9 807,8 млн. теңге, 2011 жылы – 27 132,2 млн. теңге), олардағы жергілікті қамту 560 млн. теңгені немесе 9,4% құрайды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайыздық орынға жоғары);



Жүйе құраушы кәсіпорындардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

бірлік

35

99,3


Көрсеткіш орындалды.

- жұмыстар 482 млн. теңге сомасына орындалды (2012 жылы – 1 257,7 млн. теңге, 2011 жылы – 1 079,7 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 435 млн. теңгені немесе 90,1%-ды құрайды (9,7 пайыздық орынға жоғары);



- қызметтер бойынша 6 355 млн. теңге сомасына шарттар орындалды (2012 жылы – 23 950,9 млн. теңге, 2011 жылы – 40 921,2 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 5 950 млн. теңгені немесе 93,6%-ды құрайды (59,4 пайыздық орынға жоғары).

Жер қойнауын пайдаланушылардың (мұнай-газ секторы) тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

25

28


Көрсеткіш орындалды.

Өңірдің мұнай-газ компаниялары 2013 жылдың қорытындысы бойынша 607,428 млрд. теңге сомасына, оның ішінде жергілікті өнім берушілерден 375,421 млрд. теңге сомасына тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алды (61,8%), бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 3,37 пайыздық орынға төмен..

116 636 млн. теңге сомасына тауарлар сатып алынды (2012 жылы – 56 821 млн. теңге, 2011 жылы – 87 572 млн. теңге), олардағы жергілікті қамту 27,78%-ды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық орынға төмен) немесе 32 404 млн. теңгені құрады;


Жер қойнауын пайдаланушылардың (мұнай-газ секторы) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

72

71

Көрсеткіш орындалды.

- жұмыстар – 259 262 млн. теңге сомасына сатып алынды (2012 жылы – 169 387 млн. теңге, 2011 жылы – 147 308 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 56,74%-ды (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,21 пайыздық орынға төмен) немесе 147 117 млн. теңгені құрайды;



- қызметтер бойынша – 231 500 млн. теңге сомасына шарттар орындалды (2012 жылы – 160 360 млн. теңге, 2011 жылы – 178 809 млн. теңге), жергілікті қамту үлесі 84,61%-ды (0,08 пайыздық орынға төмен) немесе 195 900 млн. теңгені құрайды.

Ұлттық компаниялардың («Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ) тауарларды сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

-

-

Көрсеткіш 2014 жылдан бастап көздестірілген.

Ұлттық компаниялардың («Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі

%

100

100

Көрсеткіш орындалды.


Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті басым инвестициялық жобалардың тізбесін және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру

Тізбе

ЭжБЖ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

2014-2016 жылдарға арналған облыс бюджетін қалыптастыру және бекіту, Облыстың 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы аясында жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті басым инвестициялық жобалардың тізбесін және республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті басым инвестициялық жобалардың тізбесі қалыптастырылып, бекітілді.

Техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қажет ететін жергілікті басым инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру

Тізбе

ЭжБЖ, аудандар мен қалалардың әкімдері

2011-2015 жылдар

«Техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзетуді қаржыландыру және 2013 олардың сараптамасын жүргізу үшін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 28.03.2013 жылғы №93 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 9.12.2013 жылғы №343 облыс әкімдігі қаулысының жобасы дайындалып, қабылданды.

Маңғыстау облысы әкімдігінің веб-сайтындағы облыстың инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жаңартып тұру

ЭБЖМ-не ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар

Маңғыстау облысының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жаңартылған ақпаратты облыс әкімдігі веб-сайтында орналастыру туралы қызметтік жазба облыс әкімі аппаратының басшысына жиі-жиі жолдануда.

Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуетін өңір және ел шегінен тыс жердерде өтетін халықаралық және т тақырыптық көрмелерде таныстыру

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар

«Экономиканың G-global форматында теңгерімді экономикалық өсуін қамтамасыз ету» атты VI Астана Экономикалық Форумының аясында Бірыңғай индустриялық-инновациялық көрмеге қатысу ұйымдастырылды. Көрме барысында «Осетр-Аралды» САС-нің «Тауарлық бекіре фермасы», «Ақтау болт құю зауыты» ЖШС-нің «Электрмен болат балқыту кешені» және «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің «Баутин кентіндегі шағын кемелерді жөндеу зауыты» атты жобалары Маңғыстау облысының атынан көрсетілді. Түркия, Ресей, Чехия, Израиль, Қытай және т.б. елшіліктерінің және бизнес-компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізілді.

Маңғыстау облысының инвестициялық тартымдылығын көтеру үшін форумдар, кеңестер өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар

Әлеуетті инвесторларға ақпараттық-талдамалық қолдау көрсету мақсатында, басқарма облыстың инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін «ТатНефть» ААҚ, «Сигма Гроуп» АҚ, «АйДи технолоджи» сияқты белгілі компанияларға таныстыру арқылы 10-ға жуық кездесу өткізді.

Қоршаған ортаны қорғау, мұнай және газ, экономикалық даму және сауда, индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникациялар, білім және ғылым және ауыл шарушалығы министрлігінің қолдауымен және қатысуымен, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ мен елдің ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен Ақтау қаласында 2013 жылғы 23 қаңтарда «ЭКСПО -2017: Өңірлік бастамалар» халықаралық форумы өткізілді. Өткізілген Форумның тақырыбы – негізгі мақсаты энергетика саласында инновациялық технологиялардың іске асырылуының тиімді тетіктерін әзірлеу және мұнай-газ өндіретін компанияларды, юизнес-қоғамдастықтарды энергия үнемдейтін және энергияның қайтадан қалпына келетін көздерін ендіруге тарту болып табылатын «Болашақтың энергиясы». Форум жұмысына 500-ден астам делегат қатысты.

Маңғыстау облысының әкімдігі Чех тарапымен бірлесіп, 2013 жылғы 12 наурызда «Каспий теңізінің жағасындағы кездесу» атты Қазақстандық-Чехиялық экономикалық кездесуін өткізді.

Форумды өткізудің негізгі мақсаты Маңғыстау облысы мен Чехия Республикасы кәсіпорындарының арасында облыс дамуының басым бағыттары бойынша кеңейтілген ынтымақтастық, оның күтілетін әсері – облыс аумағында жобаларды бірлесіп іске асыру үшін чехиялық және және қазақстандық бизнес-құрылымдардың арасында тығыз байланыс орнату болып табылады.

«Каспий теңізінің жағасындағы кездесу» атты осы кездесуде Маңғыстау облысының әкімдігі мен Чех компанияларының арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойылды.

Маңғыстау облысының әкімдігі 2013 жылғы 19 маусымда Әзірбайжан тарабымен бірлесіп Қазақстандық-Әзірбайжандық бизнес-форум өткізді.

Бизнес-форумды өткізудің негізгі мақсаты Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ Маңғыстау облысының кәсіпорындары мен Әзірбайжан Республикасы кәсіпорындарының арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, келіссөздер мен шарттар жасасу үшін сұхбат алаңдарын құру болды.

Қазақстандық-Әзірбайжандық бизнес-форум аясында Маңғыстау облысының әкімдігі мен Әзірбажан Республикасындағы экспорт пен инвестицияларды ынталандыру қорының арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.



«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның инвестициялық жобаларын іске асыру

Облыс әкіміне ақпарат

«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ

2011-2015 жылдар

Бүгінгі күнге «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ «Жұмыспен қамту – 2020», «Азық-түліктің тұрақтандыру қорларын қалыптастыру», «ТКШ-ын жаңғырту бағдарламасы», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» сияқты бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады. Сондай-ақ, Қоғам бүгінде іске асырылып жатқан бірқатар жобаларға қатысуда. Олар: автобус паркін құру, автомобильге газ құю станцияларын (АГҚС) салу, қазіргі замандағы такси паркін құру, автобус аялдамаларын жаңғырту, "Thermal Hotel" салу (емдеу-сауықтыру, конақ үй кешені), Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында жел электр станциясын салу (ЖЭС), «Кендірлі» курортты демалыс аймағын құру және дамыту, Ақтау қаласындағы су тұщыту зауытын жаңғырту сияқты жобалар.

Жаңа өндірістер құру мақсатында, «Ақтау теңіз порты» АЭА-н дамыту бойынша жұмысты жандандыру (инженерлік және көліктік инфрақұрылым салу)

Пайдалануға беру актісі

«Ақтау теңіз порты» АЭА АҚ (келісім бойынша)

2011-2014 жылдар

3 кіші аймақ. 2009 жылы ЖСҚ әзірленіп, оның негізінде АЭА-ның №3 кіші аймағында 2009-2011 жылдар аралығында инженерлік инфрақұрылым салу жүзеге асырылды.

1 кіші аймақ. 2008 жылы ТЭН әзірленіп, оның негізінде АЭА-ның №1 кіші аймағын салу сомасы айқындалды - 6 млрд. теңге. 2012 жылы «Алматы Мастер Центр» ЖШС 4 лоттан тұратын ЖСҚ әзірледі. 2012 жылғы қарашада шартқа сәйкес 2,054 млрд. теңге жалпы сомасына №1 лот (тік жоспарлау, жауын-шашын канализациясы, АБК, БӨП және қоршау) пен №2 лот (электрмен жабдықтау) бойынша инженерлік инфрақұрылымның құрылысы басталды. ЖСҚ-ға сәйкес №3 және №4 лоттар бойынша құрылыс сомасы 1,796 млрд. теңгені құрайды.

2014 жылдың аяғында «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның №1 кіші аймағының инженерлік инфрақұрылымын салуды толықтай аяқтау жоспарлануда.

№ 1 кіші аймақ, S=50 га (дополнительный участок), № 2 кіші аймақ, S=490 га және № 4 кіші аймақ, S=147,7 га.

АЭА-ты одан әрі дамыту үшін, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының №1 (қосымша учаске), №2 және №4 кіші аймақтарының аумағында инфрақұрылымдық ресурстар құру» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

2014 жылғы қазанда әзірлеуді аяқтап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарлануда. Жергілікті бюджеттен ТЭН әзірлеуге бөлінген жалпы сома 33,043 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы аталған кіші аймақтардың инженерлік инфрақұрылымын салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.



Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру

Пайдалануға беру актісі

ЭжБЖБ, Жаңаөзен қаласының әкімі

2011-2015 жылдар

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға іс жүзінде жиыны 10,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюдждеттен – 8,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 1,1 млрд. теңге, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен – 760,0 млн теңге (оның ішінде 200,0 млн. теңге – жергілікті бюджеттің кірісіне аударылған әлеуметтік міндеттемелер) бөлінді. «Жұлдыз» шағын ауданындағы 320 орындық балабақшаның; «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектептің; Теңге ауылында 900 орындық орта мектептің; «Рахат-3» шағын ауданында сумен жабдықтау жүйесінің (1,2 кезектер); «Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарында электрмен жабдықтау жүйесінің; Жаңаөзен қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша комбинаттың (3-кезең); «Өркен» шағын ауданында 5 аулалық және 3 балалар оойын алаңдарының құрылыстары 2013 жылы аяқталып, Қашаған және Маңғыстау көшелері бойынша қалаішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді.

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясындағы инвестициялық жобаларды іске асыру

Пайдалануға беру актісі

ЭжБЖБ, Жаңаөзен қаласының әкімі

2011-2015 жылдар

Моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясындағы іс-шараларды іске асыруға, Жаңаөзен қаласы үшін 2013 жылы іс жүзінде 930,8 млн. теңге бөлінді. 01.01.2014 жылғы жағдай бойынша 930,5 млн. теңге игерілді немесе 100%. Бағдарлама аясында «Теңге, Қызылсай ауылдарының аяқталмаған учаскелерінде инженерлік желілер салу», «Жаңаөзен қаласының қалаішілік автомобиль жолдарын күрделі жөндеу», «Көктем шағын ауданындағы аулаішілік көшелерді абаттандыру» сияқты 3 жобаны іске асыру аяқталды

Облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары мен тауар өндірушілері арасында күнтізбелік жылда тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізу туралы ниетке қол жеткізу мәселелері жөнінде жұмыс кездесулерін өткізу

Ниет хаттамаларына қол қою

КжСБ

2011-2015 жылдар

Жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріндегі өзара түсіністік және ынтымақтастық бойынша ірі компаниялар мен тауар өндірушілер және қызмет берушілер арасында 36 меморандум әзірленіп, қол қойылды. Бұдан басқа, Астана қаласында 2012 жылғы 3 шілдеде Индустрияландыру күнінің аясында өзара ынтымақтастық туралы тағы 3 меморандумға қол қойылды. Облыстық деңгейде, Индустрияландыру күнінінің аясында 2012 жылғы 3 шілдеде мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстардың жеңімпаздары мен жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет ұсынушылар асында өзара ынтымақтастық туралы 30 меморандумға қол қойылды.

Облыс кәсіпорындарында халықаралық сапа жүйелерін енгізу жұмысын жалғастыру

Облыс әкіміне ақпарат

КжСБ

2011-2015 жылдар, тоқсан сайын

Есепті кезеңде өңір аумағында жұмыс істейтін консалтингтік компаниялармен бірге ИСО халықаралық сапа стандарттарын енгізу мәселелері жөніндегі 10 тақырыптық семинар өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет