Маңғыстау облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі жөнінде жедел есеп



бет7/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.68 Mb.
#22284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2. Денсаулық сақтау

Мақсат: Облыс халқының денсаулығын жақсарту

Мақсатты индикатор:

Халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасының қанағаттандырылу деңгейі



%

73

73

Индикаторға қол жеткізілді. Социологиялық зерттеулер бойынша.

Халықтың өмір сүру ұзақтығы, жыл

жылдар

70,66

71,56

Индикаторға қол жеткізілді. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру кезеңінде медициналық-демографиялық ахуалдар және халықтың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерде оң динамика байқалады: Маңғыстау облысы халқының саны 01.12.2013 жылға 585653 адамды құрап, 2013 жылдың басымен салыстырғанда 17899 адамға арты (3,1%). Нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері бойынша оң трендтерге қол жеткізілді. Бала туу елде ең жоғыры болып қалыптасуда, ол 1000 адамға шаққанда 30,54-ті құрайды (ҚР-22,58). Өлім көрсеткіші республикалық көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 8,4 болғанда 5,03-ке дейін төмендеді. Бұдан басқа, халықтың табиғи өсуінің мейлінше жоғары деңгейі байқалады – 100 адамға шаққанда 25,51 (ҚР – 14,17).

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2 жылға ұзарды, яғни 2010 жылы аталған көрсеткіш 69,59 жасты құраса, 2012 жылы 70,46 жасты құрады. Ал, 2013 жылы 17,56 жасты құрап, 2012 жылмен садыстырғанда 1,1 жасқа артты.



1000 адамға шаққандағы жалпы өлімнің төмендеуі, адам

100 тұрғынға шаққандағы жағдайлар

5,9

5,0

Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 8 ақпандағы сессиясында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысында іске асыру жөніндегі 2012-2015 жылдардағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс әкімінің облыстық мәслихаттың 21.02.2012 жылғы сессиясында және 02.03.2012 жылы халыққа есеп беру кездесуінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары іәзірленді.

Бұдан басқа, Маңғыстау облысының халқына кардиохрургиялық, кардиологиялық және интервенциялық кардиологиялық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім 2011 жылы облыс бойынша 5,29 болса, 2012 жылдың осындай кезеңінде 5,09 және 2013 жылдың аяғында 5,03 құрады. Жалпы өлімнің төмендеуіне әлеуметтік маңызды ауруларды, ана және бала өлімін азайту есебінен қол жеткізілуде.


2.1. міндет. Медициналық қызмет көрсетуді және денсаулық сақтауды қаржыландыру жүйесін жетілдіру, мамандар ресурстарын дамыту

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек шығыстарын ұлғайту, жалпы көлемнің 30%-ы

%

31

34,0

Көрсеткішке қол жеткізілді. БҰДЖ енгізу шеңберінде Министрлік түпкілікті нәтижеге және әрбір нақты ауруды емдегені үшін нақты шығындарға ақы төлеуге және сапаны бағалау негізінде ақы төлеуге, клиникалық шығындар тобын алып тастап және медициналық экономикалық тарифтерді енгізе отырып, медицина қызметтерге ақы төлеудің ашықтығына бағдарланған Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін (бұдан әрі – ТМККК) қаржыландырудың жаңа моделін енгізді.

Дәрігер кадрлардың тапшылығын төмендету:

барлығын



адам

400

400


Көрсеткішке қол жеткізілді. 2013 жылы ауылдық жердегі денсаулық сақтаудың бюджеттік ұйымдарына жұмыс істеу үшін 65 маман келді. Алайда, білікті кадрлардың жетіспеушілігі сақталуда.

ауылда

адам

75

65

Мына біліктілік санатына ие медициналық қызметкерлердің үлес салмағы:










Көрсеткішке қол жеткізілді.

дәрігерлердің

%

33,5

34,0

орта медициналық қызметкерлердің

%

44,0

46,8

Халықтың жалпы санының кемінде 30%-ын скринингтік тексерумен қамтамасыз ету

%

30

55,1

Көрсеткішке қол жеткізілді. Төмендегі нозологиялар бойынша Ұлттық скринигтік бағдарлама: жүректің ишемиялық ауруы және қан тамырлық гипертензия, қант диабеті, глаукома, колоректальдық обыр, сүт безінің обыры, жатыр мойнының обыры, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар.

Тегін және жеңілдікпен дәрілік препараттармен қамтамасыз етілетін әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастардың үлес салмағын арттыру

%

100

70,09

Көрсеткішке қол жеткізілмеді.

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы-лар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесін құру


Ақпараттық жүйе

ДСБ

2011-2015 жылдар

Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмекті алуда тең мүмкіндік беруді, денсаулық сақтау ресурстарын оңтайлы пайдалануды, саланы басқару деңгейін арттыруды, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін дапмытуды, ақпаратты жинаудың, сақтаудың және талдаудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыруды, ақпаратты беру схемаларын оңтайландыруды және мерзімдерін қысқартуды, ақпаратқа жедел кіруді, женсаулық сақтаудың ақпараттың жүйелерін енгізуді және пайдаланушыларды оықтуды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың ақпараттық құрылмын құру.

Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасы "Г" блогының құрылысы


Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2011-2015 жылдар

Маңғыстау облыстық ауруханасыны «Г» блогының құрылысы жүргізілуде. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы 2646 млн. теңге бөлінді. Жобаны іске асыру жалғасуда, 2013 жылға 1386,6 млн. теңге көздестірілген.

Маңғыстау ауылындағы ауысымына 250 келушіге арналған Мұнайлы аудандық емханасының құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2012-2013 жылдар

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы 382,0 млн. теңге бөлініп, оның 363,3 млн. теңгесі игерілді. Объект 2013 жылға өтеді.

Жаңаөзен қаласының «Рахат» шағын ауданындағы ауысымына 250 келушіге арналған емхананың құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2012-2013 жылдар

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылы 350,3 млн. теңге бөлініп, 350,3 лмн теңгесі игерілді. Объект 2013 жылға өтеді.

Жаңаөзен қаласының Теңге селосындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2011-2012 жылдар

Объект аяқталып, пайдалануға берілді.

Жаңаөзен қаласының Қызылсай селосындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2011-2012 жылдар

Объект аяқталып, пайдалануға берілді.

Ақтау қаласындағы 100 төсек-орындық онкологиялық диспансердің құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2011-2012 жылдар

Ақтау қаласындағы 100 төсек-орындық онкологиялық диспансердің құрылысын жалғастыруға 2013 жылы республикалық бюджеттен 300 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 175,3 млн. теңге бөлініп, игерілді. Объект 2013 жылға өтеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарында мамандар даярлау


Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлауды қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес мемлекеттік стипендиялар төлеу арқылы, техникалық және кәсіптік білім алып жатқан кезде медициналық колледждердің оқушыларын әлеуметтік қолдау.

2.2. міндет. Әйел мен бала денсаулығын нығайту, әлеуметтік-маңызды аурулардың ауртпалығын төмендету

Ана өлімін төмендету (100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда)

100 мың тұрғынға шаққандағы жағдайлар

31,2

5,9

Индикаторға қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны жақсы). Соңғы үш жыл ішінде, медициналық-ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу және перинаталдық көмек көрсетудің жаңа қағидаттарын енгізу нәтижесінде ана өлімі көрсеткішін төмендетудің оң беталысына қол жеткізілді. Ана өлімі 2012 жылы 100 000 тірі туылғандарға 30,9-ды құраса, 2013 жылы ана өлімінің 1 жағдайы тіркелді. Яғни, көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 5 есе төмендеді. Өлімнің негізгі себебі экстрагениталдық патология, акушерлік қан кету болып табылады.

Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында 2012 жылдан бастап фертильді жастағы әйелдерді жеке-жеке есепке қою енгізілді.



Балалар өлімін төмендету (100 мың тірі туылған балаға шаққандағы жағдайлар)

100 мың тірі туған балаларға шаққандағы жағдайлар

15,2

14,9

Индикаторға қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны жақсы). Мейлінше жаңа перинаталдық технологияларды енгізу, өңірлендіру принциптерін сақтау, босанып жатқандарға және бір жасқа дейінгі балаларға білікті көмекті уақыты көрсету есебінен ана өлімі төмендетілді. Облыстық балалар ауруханасы мен облыстық перинаталдық орталықтың негізінде, педиатр дәрігерлерді, жалпы практика дәрігерлерін және орта медициналық қызметкерлерді ДДҰ-ның «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу» стратегиясын енгізу жөнінде үздіксіз оқытатын оқу орталықтары ашылып, жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, балалар ауруларын ықпалдастыра емдеу орталықтары Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Түпқараған аудандарында ашылды. Бұдан басқа, ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің №16 қаулысына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің №309 бұйрығына сәйкес, 2010 жылдан бастап 2 айлық, 4 айлық және 1 жастағы балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакциналар кезең-кезеңімен егілуде. 2012 жылдың қорытындысында V1-99,6%, V2-99,7%, V3-100% қамтылды.

Бала өлімін тұрақтандыру және төмендету (100 мың тірі туған балаларға шаққандағы 0 жастан 5 жасқа дейінгі)

100 мың тірі туған балаларға шаққандағы жағдайлар

18,5

16,1

Көрсеткішке қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны жақсы). Облыстық балалар ауруханасы мен облыстық перинаталдық орталықтың негізінде, педиатр дәрігерлерді, жалпы практика дәрігерлерін және орта медициналық қызметкерлерді ДДҰ-ның «Бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзу» стратегиясын енгізу жөнінде үздіксіз оқытатын оқу орталықтары ашылып, жұмыс істеп тұр. Бұдан басқа, балалар ауруларын ықпалдастыра емдеу орталықтары Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Мұнайлы, Түпқараған аудандарында ашылды. Облыста 2010 жылғы желтоқсаннан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакциналар егілуде.

Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімді төмендету, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың тұрғынға шаққандағы жағдайлар

178

144

Көрсеткішке қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны жақсы). жекелеген халықтың санаттарына скрининтік зерттеу жүргізу кезінде ҚЖА-н ерте анықтау, жоғары диагностикалау тәсілі – коронароангиографияны енгізу, ЖММК енгізу арқылы кардиохирургиялық көмекті жетілдіру (коронарлық артерияларды стенттеу, қолқа-коронарлық шунттау (ҚКШ), туа бiткен жүрек кемiстiгiне (ТЖК) операция, жасанды жүрек ырғағының жүргізушісін имплантацияцау), медициналық қызмет көрсетудің емдеуге жатқызуға дейінгі және емдеу тромболиздік терапиясы ҚЖА-нан өлудің төмендеуіне ықпал етті.

Онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың тұрғынға шаққандағы жағдайлар

68,0

61,1

Көрсеткішке қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны жақсы). Өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 61,1-ді құрады. ҚР-да 2012-2016 жылдары онкологиялық қызметті дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында облыстағы онкологиялық қызметті күшейту бойынша «Жол картасы» жасақталды. Сонымен қатар, жоғары көрсеткішке жету үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілді:

1. 1-2 стадиялы науқастарды уақытылы анықтап, оларға кешенді ем жүргізу;

2. Скринингтік тексеру сапасы артуда (2012 жылы жатыр ісігімен 576 әйел(5%), сүт безі ісігімен 1158 әйел (12%), тік ішегі ісігімен 3 адам (0,02%) анықталды.

3. Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту (толық және радикалды ларингоэктомия, кеңірдекке қалпына келтіру отасын жасау, кеңейтіліп, құрастырылған гастроэктомия және гемигепатэктомия, радикалды нефрэктомия, радикалды мастэктомия);

4. Ісік ауруына шалдығуға қаупі бар пациенттерге сауықтыру жұмыстары (2012 жылы «Д» есепке жатыр ісігімен 553 әйел, сүт безі ісігімен 1125 әйел, тік ішек ісігімен 3 адам алынды).

Бес жыл бойы өмір сүрудің үлес салмағы 48,4%-ға артты.



Туберкулезден болатын өлімді төмендету, 100 мың тұрғынға шаққанда

100 мың тұрғынға шаққандағы жағдайлар

9,3

6,8

Көрсеткішке қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны жақсы).Соңғы 3 жыл ішінде туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 32,7%-ға төмендеді. Дегенмен, 2013 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштің 8 жағдайға өскені байқалды (2011 жыл-30, 2012 жыл-38), тиісінше 100 мың халыққа шаққанда 5,6 және 6,8 көрсеткіштері. Тіркелген өлім-жітімнің өсуі 17,7%-ын өмірлері 3-4 жылға резервті қатардағы препараттарды қолдану арқылы жалғасып жүрген көп дәріге төзімді созылмалы туберкулез науқастары құрайды. 38 жағдайдың ішінде 32 жағдайды көптеген дәріге көнбейтін туберкулезі бар ауруларды (84,2%), оның 7-еуі кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулезі бар ауруларды құрайды.

АИТВ-ның таралуын бақылауда 0,2-0,6 % шамасында ұстау (15-49 жастағы ересек топтардағы инфекция)

%

0,1

0,005

Көрсеткішке қол жеткізілді (мейлінше аз болғаны). 2012 жылы 15-49 жастағы тұрғындар арасында АИТВ инфекциясы таралуы 0,005%-ды құрайды (15 адам) (өлшем 0,5%-дан аспауы қажет болғанда).

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5

Ақтау қаласындағы 150 орындық ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2011-2013 жылдар

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2012 жылы 417,4 млн. теңге бөлініп, оның 56,4 млн. теңгесі игерілді. Объект 2013 жылға өтеді.

Жаңаөзен қаласындағы 100 орындық перзентхананың құрылысы

Пайдалануға беру актісі

ДСБ

2011- 2012 жылдар

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2012 жылы 418,4 млн. теңге бөлініп, оның 289,4 млн. теңгесі игерілді. Объект аяқталды.

Босанушы әйелдер мен балаларға жәрдем көрсету ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

Қабылдау актісі

ДСБ

2011-2015 жылдар

Республикалық бюджеттен берілетін нысаны трансферттер есебінен 2012 жылы денсаулық сақтау ұйымдарына төмендегі медициналық техникаларға шарттар жасалды:

1. Жаңа туған нәрестелерді тасымалдайтын реанимобиль - 1 бірлік (ОПЦ);

2. Ересектер үшін реанимациялық монитор-2 бірлік (ОПЦ, АГРД);

3. Портативті неонаталды монитор - 3 бірлік (ОПЦ,АГРД);

4. Жаңа туған нәрестелер үшін монитор-2 бірлік (ОПЦ, АГРД);

5. Өкпені жасанды желдететін аппарат-1 бірлік (АГРД);

6. Жаңа туған нәрестелер үшін кеңейтілген ЧСС,ЭКГ монторингі бар өкпені жасанды желдету аппараты-1 бірлік;

7. Құрылмалы жүйесі бар мезгілінен бұрын туылған нәрестелер үшін Инкубатор-2 бірлік (БАОА, ҚАОА);

8. Доплер мен принтері бар ультрадыбыстық диагностика аппараты -1 бірлік (ЖҚЖА).


Балаларды профилактикалық-медициналық тексеруден өткізу

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

2012 жылы 0-18 жастағы балалар арасындағы 176356 балаға профилактикалық тексеру жүргізу қажет болды, 158924 бала (90,1%) тексеріліп, 18426 (11,6%) науқас анықталды.

Халыққа иммунды алдын алу жүргізу үшін вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

2012 жылға вакцина мен иммунобиологиялық препараттарды орталықтан сатып алуға 473,8 млн. теңге қарастырылып, 473,6 млн. теңгесі игерілді (100%).

Жатыр мойнағы обыры мен емшектің бөлікшелік обырын анықтау үшін әйелдерге скрининг жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Скринингтік тексерілу жолымен тексеруден өткен 35, 40,45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің 2012 жылдың 6 айында 7317-сі (100%) тексеріліп, 375 науқас әйел (5%) анықталды. 312- сі (83%) «Д» есепке алынды.

2012ж. сүт безінің ісігіне тексерілуге тиісті 9918 әйелдің 9478-і (96%) қаралып,1158 (12%) әйелдің сырқаты анықталды. 1125 науқас «Д» есепке алынды.



Облыстық босанушы әйелдер мен балаларға жәрдем көрсету ұйымдарының жанында медицина қызметкерлерін бала ауруларына кірігіп емдеу жүргізуге, емшек сүтімен қоректендіруге, ана мен балаға тиімді перинаталдық көмек көрсетуге және өзге медициналық көмекті ұйымдастыруға оқыту үшін өңірлік оқу оталықтарын құру

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

2011 жылдан бастап облыста балалар өлімін төмендету мақсатында Облыстық балалар ауруханасы мен Облыстық перинаталдық орталық базаларында ДДҰ-ның «Балалар ауруын интегралды жүргізу» стратегиясы бойынша оқу орталықтары ашылды.

Ана мен баланы қорғау бойынша қызметтер

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Нақты шығындар – жалақы, әлеуметтік зейнетақы төлеу, азық-түлік тағамдары мен дәрі-дәрмектер сатып алу -«Балалар үйі» ММ қаражаты есебінен төленді.

Азаматтардың жекелеген санаттарын сапалы профилактикалық медициналық тексерумен қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Барлық БМСК ұйымдарында алдын алу және психо-әлеуметтік көмек көрсету орталықтары құрылып, дәрігерге дейінгі кабинеттер жұмысы жүйеге келтірілді,АГ,ЖИА (ИБС), кант диабетін қандағы холестерин мен глюкозаны анықтауға скринингттік тексеруден өткізетін жедел диагностика әдісі енгізілді.

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Облыстың медициналық ұйымдарын жабдықтауға жергілікті бюджеттен 63,1млн. тенге, республикалық бюджеттен 740,4 млн. тенге, барлығы-803,5млн. тенге бөлінді. Бұл қаражаттарға заманауи медициналық жабдықтар, медициналық бағыттағы құралдар сатып алынды. Бөлінген қаражаттың көпшілігі бала және бала туғызу ұйымдарын жабдықтауға жұмсалды.

Сонымен қатар, облыстың жедел және шұғыл көмек көрсету қызметі айтарлықтай жабдықталды: 117,9 млн. тенгеге 10 реанимобиль, БМСК ұйымдарын жабдықтауға 34,4 млн. тенге, туберкулезге қарсы қызметке 38,2млн тенге, кардиологиялық қызметке 67,2 млн.тенге, санитарлық авиация қызметіне 27 млн. тенге және облыстық аурухана ұйымдарына 103,8 млн. тенге жұмсалды. Жаңаөзен ҚОА-на республикалық бюджет қаражаты есебінен 180 млн. тенгеге компьютерлік томография сатып алынды.



Техникалық жағдайын санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкестікке келтіруді қамтамасыз ету мақсатында , денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 нысан (ОПЦ, ЖҚОА, ОТВД) күрделі жөндеуден өткізіліп, оларға жергілікті бюджеттен бөлінген 519,5 млн. теңге қаражат жұмсалды. «Жол картасы» бағдарламасынан тыс 4 нысанға (ОНД, СЛПУ, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының ғимараты мен ЖИТС орталығы) күрделі жөндеу жұмыстарына 375,1 млн. теңге бөлінді. Облыстың денсаулық сақтау бюджетінде 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстрына 710,7 млн теңге қарастырылған. Бейнеу аудандық орталық ауруханасына, 1-ш/аудандағы Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына, 7-ш/аудандағы Ақтау балалар емханасына, Маңғыстау ауданының Үштаған аулындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. ЖИТС-пен күрес орталығы мен Ақтау қалалық перзентханасына күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылуда.

Туберкулез дертіне шалдыққан науқастарды туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

2013 жылы туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер сатып алуға 206,0 тыс.тенге бөлініп, 206,0 мың теңге игерілді. Науқастар дәрі-дәрмекпен 100%-ға қамтамасыз етілді.

ЖИТС-нің алдын алу және онымен күресу

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Облыста тұрғындар арасында ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу мақсатында семинар-тренингтер мен АИТВ/ЖИТС бойынша лекциялар өткізілді. Оған барлығы 117028 адам қамтылды. Оның ішінде 92200 орта мектеп оқушылары, 18840 АООО студенттері мен ЖОО студенттері, 4292 бизнес-құрылым адамдары,1049 ІІД қызметкерлері, 717 ІІД училищесінің оқушылары, 109 ӘТИ курсанттары, 1125 әскери қызметін өтеушілер және т.б. бар.

Бүгінгі таңда облыстағы ЖИТС орталығының, №1 және №2 Ақтау қалалық емханалары, ОТВД, ОНД, Жаңаөзен қалалық емханасы, Бейнеу, Қарақия Мұнайлы, Түпқараған, Маңғыстау аудандық орталық ауруханалары базаларында психо-әлеуметтік консультация (ПӘК) жасайтын 10 кабинет жұмыс жасайды. Консультацияны білікті мамандар өткізеді. Ағымдағы жылы ПӘК кабинеттері арқылы 22261 адам өтті. АИТВ-ға экспресс-тестілеу кабинетінен 234 РС, 97 ПИН, 12 жас жігіт өтсе, жылжымалы сенім пункті бойынша 120 ПИН мен 55 РС, стационар бойынша сенім пунктінен 28 ПИН өтті.



Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан зердеп шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Туберкулезбен, жұқпалы және психикалық аурулармен ауыратын науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында барлығы 1615,7 мың теңге бөлінді. 2011 жылы жұқпалы аурулармен 4883 науқас, туберкулез ауруынан 930 науқас және психикалық аурулардан 1047 науқас емделді.

Шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерін сатып алу

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Облыс денсаулық сақтау басқармасының 2012 жылы 02.02.№27 және ҚАЖД-нің 2012 жылғы 03.02. №15 бірлескен Бұйрықтарына сәйкес ГМ 172/1 түзету мекемесінде АИТВ инфекциясына, сифилис пен вирусты гепатит С ауруларына анкета толтыру, тестілеу арқылы дозорлық эпидемиологиялық қадағалау жұмыстары жүргізілді. Оған 200 адам қамтылды. Серологиялық ДЭН кезеңінің нәтижесінде АИВ инфекциясының таралуы 1%-ды құрады (2 адамда жағымды ), ВГС-42% (84 адам), сифилис-7,5% `(15 адам).

Азаматтарды облыстан тыс жерлерге емделуге тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Облыстан басқа жерлерге жоғары мамандандырылған көмек алу үшін 1896 науқасқа жолдама берілді., оның 814-і- балалар. Бұл мақсат үшін 26450,0 мың теңге бөлінді.

Жедел және шұғыл көмек көрсету және санитарлық авиация

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

2012 жылы 218776 шақыртуға қызмет көрсетілді. 780240 мың теңге бөлініп, 780239 мың теңгесі игерілді.

Патологоанатомиялық союды жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

2012 жылғы патологоанатомиялық ашулар саны – 184, 16 – ересектер, 168 - балалар. Төлем – ай сайын.

Балаларға В және С гепатитінің мақсатты қауіпті тобына скрининг жүргізу.

Облыс әкіміне ақпарат

ДСБ

2011-2015 жылдар

Гепатит В және С ауруларына қаупі бар 7833 бала скринингтен өтуге жіберілді. оның 76-сы тексеруден өтті.Қанның иммуноферментті анализаторы бойынша 39 бала, ЦПР анализі бойынша 2 бала сырқаты анықталды.

Ересектер арасында Гепатит В және С ауруларына тексерілуге 6327 адам жіберіліп, 6469 –ы тексеруден өтті. Қанды иммуноферментті анализаторда зерттеу арқылы 201 адам, ЦПР анализі бойынша 16 адам сырқаты анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет