Маңғыстау облысының аумақтарын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасының мониторингі жөнінде жедел есеп



бет12/12
Дата25.02.2016
өлшемі1.68 Mb.
#22284
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3. Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсер факторлары және олардың мақсатты индикаторларға қол жеткізуге ықпалы

Қабылданған шаралар

1

2

Облыс экспорттайтын энергия ресурстарына әлемдік бағаның құбылмалығы

При росте цен:

Баға өскен жағдайда:

1. Мұнайға әлемдік баға өсу нәтижесінде мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі бағалардың өсуі

2. Экономиканың шикізаттық бағытының күшеюі және оның ішкі рыногқа тәуелділігі

3. Инфляция деңгейінің өсуі

4. Энергиялық ресурстарға баға өсуден мультипликативтік нәтиже есебінен экономика өсу қарқынының бәсеңдеуі

Баға төмендеген жағдайда:

1.Жергілікті бюджетке түсімдердің қысқаруы

2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемінің қысқаруы

3. Экономиканың өсу қарқынының төмендеуі

Облыстық бюджет құрылымында тұрақтандыру қоры құрылды.

Өңірде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг, макроэкономикалық тәуекелдерге талдау, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды үйлестіру жүргізілуде.

Әлем экономикасының өсу қарқынының бәсеңдеуі

1. ЖӨӨ өсу қарқынының төмендеуі

2. Жергілікті бюджетке түсімдердің қысқаруы

Жергілікті бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды қысқарту


Әлемдік қаржылық дағдарыстың ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларына әсер етуі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын азайтуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылды (қаржылай қолдау, озық технологиялар мен техниканы енгізу және т.б.)

Өсір келе жатқан мұнай операцияларының салдарынан Каспий теңізінің ластануы. Бірегей экологиялық жүйелердің бұзылуы.

Аэрокосмостық қашықтықтан зондтау технологияларын қолданумен Каспий теңізінің айдыны мен жағалаулық аймағына мемлекеттік экологиялық мониторинг жүргізілуде.

Каспий теңізінің қазақстандық секторының қоршаған ортасына мониторингтің өңірлік жүйесін құру жөніндегі бағдарлама әзірленді.



4. Талдамалық жазба
Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Маңғыстау облысының дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» облыстың мәслихат сессиясының 19.01.2011 жылғы №30/359 шешімімен бекітілді. Бағдарламаны іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №63 қаулысымен 2011-2015 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың мақсатты индикаторлары біріктірілген. Бағдарламаның мақсатты индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу жоспарланған мерзімнің аяқталуына қарай көздестірілген, бірқатар индикаторлар бойынша жыл қорытындысында аралық көрсеткіштер жоқ.

Тұтастай алғанда, Бағдарлама бойынша 26 мақсат, 65 мақсатты индикатор, 102 нәтижелер көрсеткіші көздестірілген. Оның ішінде, 2013 жылдың қорытындысында 46 (71%) мақсатты индикаторға қол жеткізілді, 8 (12,3%) индикаторға қол жеткізілмеді, 10 (15,4%) индикатор бойынша статистикалық деректер жоқ, 1 (1,%) индикатор 2014-2015 жылдарға есептелгендіктен, мерзімі келіп жеткен жоқ. 102 тікелей нәтиже көрсеткішінің (ТНК) 76 (74,5%) көрсеткіші орындалды, 13 (12,7%) көрсеткіші орындалмады, 9 (12,7%) көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ, 4 (3,9%) көрсеткіш бойынша мерзімі келіп жеткен жоқ.

Бағдарлама бағыттарының кесініндегі талдау қорытындылары былайша көрсетілген:


1-бағыт «Өңір экономикасын дамыту»:

«Экономиканың тұрақты өсуін, халықтың әл-ауқатын көтеруді, жоғары қосылған құны бар дайын өнімді сыртқы рыногқа жылжытуды қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру» атты 1 бөлім (мақсат) бойынша 1 мақсатты индикатор көздестірілген (ол бойынша статистикалық деректер жоқ), 4 нәтиже көрсеткішінің 3 (75%) көрсеткіші орындалды, 1 көрсеткіші орындалмады (25%).

Статистика органдары ЖӨӨ бойынша статистикалық деректерді тоқсан сайын есепті кезеңнен 2-3 айдан кейін беретін және бүгінге 2013 жылдың деректері жоқ болғандықтан, «Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі, өткен жылға %-да» мақсатына және «Жалпы өңірлік өнімнің көлемі» ТНК-не қол жеткізілгенін бағалау мүмкін емес.

103,4% құраған «2013 жылдағы инфляция деңгейі» тікелей нәтиже көрсеткіші орындалды (жоспар 106%-дың орнына). Осы көрсеткіш теріс сипатқа ие (мейлінше аз болғаны жақсы). Сондай-ақ, «Экспорт» (жоспар 8500 млн. АҚШ доллары болғанда, нақтысы – 9092,9 млн. АҚШ доллары) және «Импорт» (жоспар 612 млн. АҚШ доллары болғанда, нақтысы – 739,9 млн. АҚШ доллары) ТНК орындалды.

«Индустрияландыру бағдарламаларын тиімді іске асыру, өңдеу өнеркәсібінің перспективалы салаларын дамытуды қамтамасыз ету, электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз ету, инновациялық кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай құру» атты 2 бөлім (мақсат) бойынша бойынша 3 индикатор көздестірілген, 2 (66,7%) индикаторға қол жеткізілді, 1 (33,3%) индикаторға қол жеткізілмеді; 6 нәтиже көрсеткішінің 3 (50%) көрсеткіші орындалды, 2 (33,3%) көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ, 1 (16,7%) көрсеткіш бойынша мерзімі келіп жеткен жоқ.

«Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі – 101,9%» (жоспар – 101,3%), «Өңдеу өнеркәсібінінің өнімдерін шығару көлемінің нақты көлем индексі» (жоспар 110% болғанда, 124%) мақсатты индикаторы күтілгеннен жоғары қалыптасты.

«Өңдеу өнеркәсібінің өнімін экспорттаудың өсуі» (жоспар – 25%, нақтысы – 38,8%), «ЖӨӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі» (жоспар – 2,8%, нақтысы – 2,7%), «Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі» (жоспар 33,2 мың АҚШ доллары/адам болғанда, нақтысы – 37,8% құрады) ТНК-теріне қол жеткізілді.

Жылдық статистикалық деректердің болмағандықтан, «ЖӨӨ-дегі өнеркәсіптің үлесі» және «Өнеркәсіптік өнімнің жалпы қосылған құнын ұлғайту» ТНК-терінің орындалуын бағалауға мүмкіндік жоқ.

Мұнай өндіру көлемінің тұрақталуына байланысты, өнеркәсіптегі НКИ күтілгеннен жоғары қалыптасты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде өнім көлемі 2101,025 млрд. теңгені, НКИ 101,5% құрады.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жалғасуда. 2013 жылғы 13 желтоқсанда өткізілген соңғы өзектендірудің нәтижесінде, Маңғыстау облысы бойынша Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 243 млрд.теңге болатын және жаңадан шамамен 6,3 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 31 жоба енгізілді. Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына сметалық құны 193,8 млрд. теңге болатын және жаңадан 6,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 29 жоба, республикалық Картаға сметалық құны 49,1 млрд. теңге болатын және 221 тұрақты жұмыс орны құрылатын 2 жоба енгізілді («ҚазАзот» ЖШС 2012 жылы іске асырылды, «Ксапий Битум» БК ЖШС 2013 жылы іске асырылды.

2010-2013 жылдардағы кезеңде сметалық құны 169,1 млрд. теңге болатын 23 жоба аяқталып, бұл ретте 2669 жұмыс орны құрылды. 2014 және одан кейінгі жылдары сметалық құны 43,2 млрд. теңге болатын және жаңадан 393 жұмыс орны құрылатын 3 жобаны аяқтау жоспарлануда.



«Мұнай-газ саласын тиімді дамыту арқылы өңір экономикасының тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету» атты 2.1. бөлім (мақсат) бойынша 2 индикатор көздестірілген, 1 (50%) индикаторға қол жеткізілді, 1 (50%) индикатор бойынша мерзімі келіп жеткен жоқ; 4 нәтиже көрсеткішінің барлығы (100%) орындалды.

«Өткен жылға қарағанда мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны – 102%» мақсатты индикаторы күтілгеннен жоғары қалыптасты (жоспар – 101,3%). «Мұнай өндіру көлемі» (жоспар және нақтысы - 18 млн. тонна), «Мұнай-газ секторындағы еңбек өнімділігі» (жоспар 160 мың АҚШ доллары/адам болғанда, 356 мың АҚШ доллары/адам), «Газ өндіру көлемі» (жоспар 2,2 млрд. текше метр болғанда, 2,2 млрд. теңше метр), «Мұнай өңдеу өнімі өндірісінің НКИ» (жоспар 130% болғанда 132,5%) ТНК-не қол жеткізілді



«Маңғыстау облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту» 2.2. бөлім (мақсат) бойынша 4 индикатор көздестірілген, оның 3-еуіне (75%) қол жеткізілді, 1-еуі (25%) бойынша статистикалық деректер кейіннен беріледі; 1 нәтиже көрсеткіші де орындалды.

«Металл емес өзге де минералды өнімдер өндірісінің НКИ» индикаторы жоспар 110% болғанда, 122,4% құрады. Металл емес өзге де минералды өнімдер өндірісінің көлемі 2013 жылы 9937 млн. теңгені (жоспар 9300 млн. теңге болғанда), осы саладағы еңбек өнімділігі 15,1 мың АҚШ долларын (жоспар 15мың АҚШ доллары) құрады.



«Өңірде өндіріс құру арқылы құн-салмақ коэффициенті төмен дәрі-дәрмектер жеткізу бойынша шығындарды азайту» 2.3. бөлім (мақсат) бойынша 3 индикатор көздестірілген, оның 1-еуі (33,3%) бойынша жылдық статистикалық деректер жоқ, 2-еуі (66,7%) бойынша мерзімі келіп жетпеді; 2 көрсеткіштің 1 (50%) көрсеткіші орындалып, 1 (50%) көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ.

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ 2013 жылы жоспар 107,7% болғанда, 98,7% құрады. Индикаторға қол жеткізілмеді. Фармацевтикалық өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 142 млн. теңгені құрады (жоспар – 140 млн. теңге), ТНК орындалды.

«Фармацевтикалық өнеркәсіптегі еңбек өнімділігін арттыру», «Ішкі рыногты отандық дәрілік заттармен қамтамасыз ету» индикаторларына 2014-2015 жылдардан бастап қол жеткізу жоспарланған. Бұл бүгінге осы салада ірі кәсіпорындардың болмауына, ал ҮИИДМБ аясында «МедикалФармЧа-Кур» ЖШС-нің сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешенін пайдалануға беру ҚР ИЖТМ-мен келісім бойынша 2014 жылдың соңына ауыстырылды.

«Өндіріс көлемін одан әрі дамыту және арттыру, химия өнімдерін экспорттау үшін жағдай жасау» 2.4. бөлім (мақсат) бойынша 5 индикатор көздестіріліп, оның 4-еуіне (80%) қол жеткізілді, 1-еуі бойынша жылдық статистикалық деректер кейіннен беріледі; 2 нәтиже көрсеткіші де (100%) орындалды.

Химия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2013 жылы 15341 млн. теңгені құрады (жоспар – 14550). Химия өнімдері өндірісінің НКИ 116,6% құрады (жоспар - 115%), химия саласындағы еңбек өнімділігі – 100,2 мың АҚШ доллар/адам (жоспар – 90 мың АҚШ доллары/адам), химия өнеркәсібінің экспорттау көлемі – 15537 мың АҚШ долларын (жоспар – 14500 мың АҚШ доллары) құрады.



«Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау үлесін арттыру» атты 2.5. бөлім (мақсат) бойынша 4 индикатор көздестіріліп, оның 3-еуіне қол жеткізілді , 1-еуі бойынша жылдық статистикалық деректер кейіннен беріледі; 1 нәтиже көрсеткіші де орындалды. «Машина жасау саласының НКИ» индикаторы бойынша күтілетін көлемге қол жеткізілді - 129% (жоспар - 102%). Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 2013 жылы 22633 млн. теңгені құрады (жоспар – 18000 млн. теңге болғанда).

Машина жасаудағы еңбек өнімділігі 2013 жылы 15,1 мың АҚШ долларын құрады (жоспар – 14 мың АҚШ доллары).



«Металлургия және дайын металл бұйымдарын шығару» атты 2.6. бөлім (мақсат) бойынша 5 индикатор көздестірілген, оның 3-еуіне қол жеткізілді (60%); 2 нәтиже көрсеткіші де (100%) орындалды.

«Металлургия өнеркәсібінің НКИ» индикаторына (жоспар 66% болғанда, 92,2%), «Машиналар ме құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісінің НКИ» (жоспар 210% болғанда, 220%), «Металлургия өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін арттыру» (жоспар 35 мың АҚШ доллары/адам болғанда, нақтысы – 44 мың АҚШ доллары) индикаторларына қол жеткізілді.

Металлургия өнеркәсібіндегі көлемнің 2012 жылмен салыстырғанда азаюы «Ақтау болат құю зауыты» ЖШС-дегі қаржылық қиыншылықтарға (айналым қаражатының жоқтығы, жыл басынан бері тек құю цехы жұмыс істеді, жаймалау цехы өнім шығаруды 2013 жылғы наурыздан бастады), сондай-ақ «Arcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ құбыр зауытының тапсырыстар көлемінің жеткіліксіздінен қуаттлықты толық жүктемеуне (жобалық қуаттылықтың 25%-ы) және айналым қаражатының жетіспеуіне байланысты «CaspianStal» ЖШС-днің тоқтап тқруына байланысты болды.

«Өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі жеңіл өнеркәсіп үлесін арттыру» атты 2.7. бөлім (мақсат) бойынша 3 индикатор көздестірілген, оның 1-еуіне қол жеткізілді, біреуіне қол жеткізілмеді, 1-еуі бойынша статистикалық деректер жоқ; 1 нәтиже кеөрсеткіші орындалды.

Жеңіл өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі жоспарланған 11,0 мың АҚШ доллары/адам орнына 17,1 мың АҚШ доллары/адам құрады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары мен облыстың мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасылды.

Өсуге қарамастан (104,4%), жеңіл өнеркәсіп өндірісі НКИ-нің жоспарланған деңгейіне қол жеткізілмеді (жоспар – 107%). Жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2013 жылы 2222,5 млн. теңгені құрады (жоспар - 2000 млн. теңге).

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі рыног тұтынушыларын қанағаттандыруға жеткілікті көлемде өндіру негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты 3 бөлім (мақсат) бойынша 1 индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілмеді; 6 нәтиже көрсеткішінің 3 (33,3%) көрсеткіші орындалды, 1 (16,7%) көрсеткіші орындалмады, 1 (16,7%) көрсеткіш бойынша статистикалық деректер жоқ, 1 (16,7%) көрсеткіш бойынша мерзімі келіп жеткен жоқ.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 96,6% құрайды (жылға арналған жоспар – 100,2%). Төмендеу себебі - өсімдік шаруашылығындағы көлемдердің төмендеуі (НКИ – 77,9%). Мал шаруашылығында төлдің аз болуына, малдың кейбір түрлерінің азаюына байланысты НКИ төменгі күйінде қалыптасты (101%).



«Шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін рыногтық инфрақұрылымды дамыту. Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы сауда саласының үлесін арттыру» атты 4 бөлім (мақсат) бойынша 2 индикатор көздестіріліп, оның 2-еуіне (100%) қол жеткізілді; 2 нәтиже көрсеткішінің 1 (50%) көрсеткіші орындалды, 1 (50%) көрсеткіші орындалмады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнімнің нақты көлем индексі 2013 жылы жоспар 100,5% болғанда, 101,9% құрады, бөлшек сауданың нақты көлем индексі жоспар 114 болғанда 130 құрады. Индикаторларға қол жеткізілді. Бөлшек сауда айналымының көлемі 2013 жылы 97,5 млрд. теңгені құрады.

«1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсуі» ТНК орындалды – 55,4 (жоспар – 44,6). «Жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесінің артуы» бойынша жылдық статистикалық деректер кейіннен берелітін болады.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту, облыстың инвестициялық жобалары мен тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуда қазақстандық және жергілікті қамту үлесін арттыру» атты 5 бөлім (мақсат) бойынша 3 индикатор көздестіріліп, 2 (66,7%) индикаторға қол жеткізілді, 1 33,3%) индикатор бойынша статистикалық деректер жоқ; 13 нәтиже көрсеткішінің 9 (69,2%) көрсеткіші орындалды, 1 көрсеткіші орындалмады, 1 (11,1%) көрсеткіші бойынша статистикалық деректер жоқ, 2 көрсеткші 2014-2015 жылдарға көздестірілген.

«Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі» мақсатты индикаторы күтілгеннен жоғары қалыптасты – 105,7% (жоспар - 101%). «Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жалпы сатып алу көлемінде қазақстандық қамту үлесін арттыру» идикаторына қол жеткізілді – 65,7% (жоспар 47,4% болғанда). Бұл ретте, «Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі» ТНК орындалмады (жоспар – 9,0% болғанда, 6,7%). «Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар» ТНК орындалды (жоспар – 725510 мың теңге, нақтысы – 750519 мың теңге).


2-бағыт «Әлеуметтік даму»

«Білім берудің сапасын, қолжетімділігін, тартымдылығын жақсарту және балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру» атты 1 бөлім (мақсат) бойынша 3 мақсатты индикатор көздестірілген, оның 2-еуіне (66,7%) қол жеткізілді,; 6 нәтиже көрсеткішінің 4-еуі (66,7%) да орындалды.

Облыста 2013 жылдың аяғында 3-6 жас аралығында 33342 бала болды, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен 22667 бала қамтылған (67,9%). ТжКБ жүйесінде 2013-2011 оқу жылының басында 25868 адам, оның ішінде үлгі жастағы жастардығ саны 21974 адамды құрайды, 01.10.2013 жылға облыстың үлгі жастағы халқының саны – 109382 адамды құрайды.

«Мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасаған білім беру ұйымдарының үлесі» (нақтысы – 17,9%, жоспары – 19%), «Балабақшалардың жалпы санындағы пайдалануға берілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі, %» (нақтысы – 2775 адам, жоспар – 3440 адам) көрсеткіштері орындалмады.

«Облыс халқының денсаулығын жақсарту» атты 2 бөлім (мақсат) бойынша 3 мақсатты индикатор көздестірілген, 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 12 нәтиже көрсеткішінің 11 (91,7%) көрсеткіші орындалды, 1 (8,3%) көрсеткіш орындалмады.

Мына индикаторларға қол жеткізілді: халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасының қанағаттандырылу деңгейі социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 73% құрады (жоспар - 73%), халықтың өмір сүру ұзақтығы – 71,56 жас (жоспар – 70,66 жас) немесе 2010 жылмен салыстырғанда 3,15 жасқа ұлғайды (68,41), жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 5,0-ге дейін төмендеді (5,9-ға дейін жоспарланған болатын, мейлінше аз болғаны жақсы).

Облыс бойынша бала өлімі 2013 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 14,9-ға дейін төмендеді (жоспар бойынша – 15,2). Ана өлімі 100 мың тірі туған балаға шаққандағы 5,9 құрады (жоспар бойынша – 31,2). Бала өлімі (0-ден 5 жасқа дейінгі) белгіленген шектен төмен – 1000 тұрғынға шаққанда 16,1 (жоспар – 18,5). Бұл көрсеткіштер теріс сипатқа ие (мейлінше аз болғаны жақсы).

«Дәрілік препаратттармен тегін және жеңілдіпен қамтамасыз етілген әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын науқастарды үлес салмағын арттыру» көрсеткішіне қол жеткізілмеді – 70,09% (жоспар – 100%). Білікті кадрлардың жетіспеушілігі өткірі проблема ретінде қалуда, дәрігер кадрларға деген тапшылық 400 адамды (күтілгені – 400), оның ішінде ауылда 65 адамды (жоспар – 75, мейлінше аз болғаны жақсы) құрайды.



«Маңғыстау облысы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту» атты 3 бөлім (мақсат) бойынша 3 мақсатты индикатор көздестірілген, 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 7 нәтиже көрсеткішінің 7-еуі де (85,7%) орындалды.

«Жұмыссыздық деңгейі» мақсатты индикаторы іске асырылып, қол жеткізілді – төмендеу жоспары – 5,6%-ға дейін болғанда, 2013 жылдың 3 тоқсанында нақты орындалуы 5,5% құрады; «Облыс халының жалпы санындағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі» мақсатты индикаторы жоспарланған төмендеу деңгейі 3,0%-ға дейін болғанда, нақты 2,4%-ға қол жеткізілді. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санында) 100% құрады. Бұл индикаторға да қол жеткізілді.

«Жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі» ТНК орындалды – жоспар 9,3% болғанда, 7,0% (мейлінше аз болғаны жақсы). Облыс бойынша 2013 жылы 23,4 мың жұмыс орны құрылды (жылдық жоспар – 22,0 мың орын). Халықтың кесімді ақшалай табысының өсу қарқыны (мөлшері) 2013 жылы 109,6% құрады (жылдық жоспар - 109%).

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 200,0 млн. теңге сомасында 80 шағын кредит берілді. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 2013 жылға бөлінген 200 млн. теңге толық көлемде игерілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 3407 аз қамтылған азамат алып, 18 жасқа дейінгі 4264 балаға балалар жәрдемақысы төленді.



«Облыстағы мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту және одан әрі тарату, мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру» атты 4 бөлім (мақсат) бойынша 2 мақсатты индикатор көздестіріліп, оларға қол жеткізілді.

Облыс халқының мәдениет саласы қызметінің сапасына қанағаттану деңгейі 2013 жылдағы социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша 72,5% құрады (жоспар – 70,5%). Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 86,7%-ға жетті (жоспарланған 75%-дың орнына).



«Маңғыстау облысының бұқаралық спорт және дене шынықтыру - сауықтыру қозғалысы және туристік секторды дамыту» атты 5 бөлім (мақсат) бойынша 2 мақсатты индикатор көздестірілген, оның 1 (50%) индикаторына қол жеткізілді, 1 (50%) индикаторы бойынша статистикалық деректер жоқ; 3 нәтиже көрсеткішінің 1 (33,3%) көрсеткіші орындалды, 2 (66,7%) көрсеткіші орындалмады.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халық 114725 адамды немесе 19,7% (жоспар – 19,5%), тегін спорт секцияларында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны 10024 баланы немесе жалпы оқушылар санының 11%-ын құрады (жоспар – 11%). 2013 жылы ат спорты түрлерінің клубы ашылды, онда 192 спортшы айналысады.

Осы бағытты іске асыру аясында, облыста «Кендірлі» халықаралық курортын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. «Кендірлі» курортты аймағының және халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын салуға ТЭН-і мен ЖСҚ-ы әзірленді.

Тұтастай алғанда, 2013 жылдағы статистикалық деректердің болмауына байланысты (олар кешірек болмақ), «Туристік қызмет саласында қызмет ұсынатын ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту» индикаторына, сондай-ақ «Ішкі туризм келіп-кетушілерінің санын арттыру» және «Сырттан келушілер туризмінің келушілерінің санын арттыру» ТНК-теріне қол жеткізілгенін бағалау мүмкін болмай отыр.



«Мемлекеттік жастар саясатын тиімділігін арттыру» атты 6 бөлім (мақсат) бойынша 1 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 4 нәтиже көрсеткішінің 4-еуі де (100%) орындалды.

«Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет арасында қарым-қатынасты оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру» мақсатты индикаторына қол жеткізілді» - жоспар 55% болғанда, нақтысы 62% құрады («Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының зерттеу қорытындылары бойынша).

«Жастарға қатысты мемлекеттік саясатқа 14-тен 29 жасқа дейінгі тұрғындардың қанағаттану деңгейі»– 7,1 балл (жоспар – 7,1). «Конфессияаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі» - 91% (жоспар - 82%), «Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындар үлесі» - 83% (жоспар - 83%) көрсеткіштері орындалды.

«Көшелер мен өзге де қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту» атты 7 бөлім (мақсат) бойынша 2 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оларға қол жеткізілді; 4 нәтиже көрсеткшінің барлығы орындалды.

Жоспарланған «Халықтың полицияға сенімінің болжамды деңгейі» (жоспар және нақтысы - 53%), «Төтенше жағдайлардан болған адами және материалдық шығындар» (5%) индикаторларына қол жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғаларының санын (деңгейін) азайту (10 бірлік автокөлікке шаққанда)» (10 мың бірлік көлікке шаққандағы 25 оқиғаға дейін), «Айналымнан алынған есірткінің, оның ішінде героиннің саны» (жоспар 34,07/0,7 болғанда, 150,114/0,7), «Су тасқынына, нөсерге, селге, көшкінге, жер сілкінуге, өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз ету деңгейі» (100%) ТНК орындалды.
3 бағыт «Инфрақұрылым»

«Инновациялық экономика мен ақпараттық қоғамаға көшу мақсатымен инфокоммуникация саласын дамыту механизмдері мен жағдайларын жасау» атты 1 бөлім (мақсат) бойынша 1 мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 3 (100%) нәтиже көрсеткіші де орындалды.

Байланыс және коммуникация саласының сапасына халықтың қаңағаттану деңгейі 2013 жылы жоспар 77,3% болғанда, 87% құрады. Мақсатты индикаторға қол жеткізілді. «Қазателеком» АҚ «LL CDMA сымсыз байланыс желісі технологиясын жаңғырту» және «Оптика-тіндік желі жүргізу» жобаларын іске асырды.

Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі жоспарланғандай 50%-ға дейін көтерілді. Жергілікті телефон байланысын цифрландыру Мақсатты индикаторға қол жеткізілді. «Қазақтелеком» АҚ «WLL CDMA сымсыз байланыс желісінің технологиясын жаңғырту» және «Талшытқты-оптикалық желісін жүргізу» жобаларын іске асырды.

Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 72%-ға дейін артты (жоспар - 53%). Жергілікті телефон байланысын цифрландырудың 100 пайыздық деңгейіне қол жеткізілді. 1000 және одан да көп тұрғыны бар елді мекендерді ұялы байланыспен қамтамасыз ету 82% құрады (жоспа – 82%). Көрсетілген ТНК орындалды.



«Өңірдегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды және тұрғын үй құрылысын дамыту» атты 2 бөлім (мақсат) бойынша 1 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 1 (100%) нәтиже көрсеткіші орындалды.

«Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі» мақсатты индикаторына қол жеткізілді – 100,2% (жоспар 100,2% болғанда). Облыс бойынша жалпы ауданы 532,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2012 жылға қарағанда 12,4%-ға көп (жоспар – 532,7 мың шаршы метр).



«Маңғыстау облысының дамыған көлiктік инфрақұрылымын қалыптастыру» атты 3 бөлім (мақсат) бойынша 3 мақсатты индикатор көздестіріліп, 3 (100%) индикаторға қол жеткізілді; 3 нәтиже көрсеткішінің 3 (100%) көрсеткіші орындалды.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі - 67% (жоспар - 67%), жүк айналымы көлемі – 8590,5 млн тонна/ км (жоспар – 7704,3), жолаушылар айналымы – 4033,4 млн/км (жоспар – 3897,4) құрады.

«Қияқты-Тұщықұдық» және «Жыңғылды-Шайыр» автожолдарының құрылысы, «Таушық-Шетпе» және «Ақтау-Форт-Шевченко» автожолдарын күрделі жөндеу аяқталды.

«Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істеуінің және тұрғын үй-коммуналдық шаруашлық қызметінің тиімділігін арттырудың сенімділігі» атты 4 бөлім (мақсат) бойынша 4 мақсатты индикатор көздестіріліп, оның 4 (100%) индикаторына қол жеткізілді; 7 нәтиже көрсеткішінің 7 (100%) көрсеткіші орындалды.

Тұтынушылардың коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі 39% құрап, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейі – 60%-ға, жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі – 58%-ға, халықтың су бұру қызметімен қамтамасыз етілу деңгейі – 38%-ға дейін артты.

Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2014 жылдың басына 9,0% құрайды (жоспар – 9,24%).
4 бағыт. Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

«Ауылдық аумақтардың тұрақты даму негіздерін құру, ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің мейлінше жоғары деңгейін қамтамасыз ету» атты 1 бөлім (мақсат) бойынша 1 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 2 нәтиже көрсеткішінің 1 (50%) көрсеткіші орындалып, 1 (50%) көрсеткіші орындалмады.

Даму әлеуеті жоғары АЕМ саны жоспарланғандай 5 бірлікті құрады. Ауылдық елді мекендерге бюджеттік ұйымдарда жұмыс істеу үшін 344 білім беру маманы (жоспар – 2349), 107 денсаулық сақтау маманы (жоспар – 102) келіп, оның барлығы белгіленген көтеріңкі жәрдемақыны алды.



«Тұрақты экологиялық жағдайды қамтамасыз ету, табиғи кешеннiң ұдайы өндірістік әлеуетін сақтау және қоғамның тыныс-тіршілігі үшiн қолайлы қоршаған ортаның сапасын жақсарту» атты 2 бөлім (мақсат) бойынша 2 (100%) мақсатты индикатор көздестіріліп, оған қол жеткізілді; 4 (100%) нәтиже көрсеткішінің барлығы орындалды.

Зиянды заттарды жалпы тастаудың төменедеуі 35,2 мың тоннаны (жоспар бойынша – 110 мың тонна, мейлінше аз болғаны жақсы), мемлекеттік орман қорының пайдаланылатын тоғайлық жерлерінің ауданы 122759 гектарды (жоспар бойынша – 122759 га) құрады. Белгіленген индикаторларға қол жеткізілді.

Стационарлық көздерден атмосфераға ластаушы шығарылуы 25172,4 (жоспар 97350 болғанда) құрап, ТНК орындалды. Бюджеттік қаражат есебінен бірқатар табиғат қорғау іс-шаралары іске асырылды.
5 бағыт «Мемлекеттік қызметтер»

Осы сала бойынша «Мемлекет саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жақсарту» атты 1 мақсат көздестіріліп оған қол жеткізілді (100%); 1 (100%) нәтиже көрсеткіші көздестіріліп, ол орындалды.

Әлеуметтік маңызды қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттануы жоспарланғандай 54%, электронды форматқа ауыстырылған әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтер саны 25 бірлікті құрады. 58,3% (жоспар - 58%) құрады. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.


Тұтастай алғанда, облыс әкімдігі қазіргі кезде қабылдап жатқан шаралар жоспарланған іс-шараларды тиімді іске асыруды және қойылған міндеттерге жетуді қамтамасыз етеді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесі Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етпек.

Сонымен бірге, бірқатар көрсеткіштер бойынша нәтижелерге уақытылы және сапалы қол жеткізуге бағытталған жедел шаралар қабылдау қажет.

Осыған байланысты, Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін:

1) ЖӨӨ-нің, өнеркәсіптік өнім НКИ-нің тұрақты өсуін және өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін арттыруды қамтамасыз етуге ықпал ететін проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдау;

2) нақты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жұмысты күшейту, сондай-ақ жетіспеушіліктерді жою және тікелей орындаушылардың жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;

3) мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және жете барлау жүргізу, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту болып табылатын бәсекелестік артықшылықтарды іске қосу;



4) Бағдарламаның тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмысын үйлестіруді күшейту қажет.
5. Ақшалай қаражатты игеру



Қаржыландыру көздері

Бағдарлама бойынша 2012 жылға арналған жоспар,

млн. теңге

2012 жылы нақты жұмсалған, млн. теңге

Игерілгені

1.01.2013г.,

млн. теңге

Қолданылмау себептері

1

2

3




4

Республикалық бюджет

42592,5

36707,8

26932,2




Жергілікті бюджет

19144,3

15717,4

15567,3




Өзге қаражат көздері

54977,9

38746,1

38746,1




Жиыны

116714,7

91171,3

81245,7






Маңғыстау облысының экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы ________________________ Ж. Ұланова



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет