Мағжан ЖҰмабаев педагогика


Құрметпен,  «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық



Pdf көрінісі
бет3/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Құрметпен
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық 
бірлестік құрылтайшысы, қоғам қайраткері 
Нұркен АСАНОВ


6
ХАЛЫҚТЫҢ «АСЫЛ МҰРАСЫ»
М
емлекеттің, халықтың рухани жетілуі тари-
хында Ұлы Даланың нағыз даналық қағидатта-
рының, бабалар тағылымы мен тәмсілдерінің көр-
кемдік, философиялық, әлеуметтік, психологиялық, 
мәдени-дүниетанымдық, патриоттық, көшбасшы-
лық, жалпыадамзаттық, интеллектуалдық құн-
дылықтары өлшеусіз. Өйткені, халықтың көркем 
ой қазынасы – мыңжылдықтардың озық дәстүрлерін, 
рухын, тілін, сырын, жырын, күйін, өсиет-тағлима-
тын, мақсат-мұратын, кемеңгерлік кеңестерін паш 
ететін көркемдік мүлік. Сондықтан да халықтың, 
ұлттың көкірек көзін ашады, ой-санасын, зейін-
зердесін, ар-ажданын, намысын қайрап, тұлғалық 
қасиеттерін толықтырып, құлшындырып оятады, 
ықпал ету қабілеті мен мүмкіндіктерін еселендіреді. 
Көркем ойлауға, көркем іс жасауға, көркем мінез-
құлыққа ие болуға, ұлт мүддесіне, ел тілегіне, мем-
лекет мәртебесіне орай жұмыс жасауға жігерленді-
реді, сөзі мен әрекетінің біртұтастығын мейлінше 
ыждағаттайды. Елдіктің үлгісі, өнегесі, болмысы, 
бастамашылдығы бір-бірімен үйлесім тауып, мем-
лекетшілдік, елшілдік тұрғыдан ойлайтын, ізгілік қа-
сиеттерді, құндылықтарды ардақтайтын өз ісінің, 


7
«Асыл мұра» сериясы
кәсібінің майталман шеберлер мектебін қалыптас-
тырады. 
Ұлт ұстазы, Ахмет Байтұрсынұлының көрсетуін- 
ше, «біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бас-
тау керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық 
та – оқумен түзеледі». («Қазақша оқу жайынан»). 
Тағы да: «Басқалардан кем болмас үшін біз білімді
бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу 
керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік 
керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» 
дейтіні данышпандықтың рәмізіндей. Ұлт стратегі- 
нің осы бір ғибратнамасының тағдыранықтағыш-
тық мәнісі терең және мемлекеттік, этикалық көш- 
бастаушылыққа бастайды. «Бір киелі сөз мың кісінің 
көңілін жадыратар» дегендей, ұлт көсемінің осы бір 
қағидалы, нұсқалы ой-тұжырымдары – өркениет пен
өрлеудің кілті, зейін мен зердені, ой мен парасат ке- 
ңістігін кемелдендіретін интеллектуалдық-пәлсапа-
лық құндылықтар әлемі, мемлекеттің дәрежесін ас-
қақтататын ұлы идеялар, мақсаттар, жаңалықты 
құбылыстар, құлшыныстар, армандар тудыратын 
мөлдір бастаулар деуіміз абзал. 
Ұлт тілі, фольклоры, би шешендер мұрасы, сөз 
өнері – мың жылдықтардың айнасы. Қазақтың тілі –
мың сырлы, мың қырлы, мың әуезді, мың бояулы 
Ұлы Даланың тілі («Оғыз қаған: эпосының, Қорқыт 
атаның, Қожа Ахмет Яссауидың, жыраулардың тілі, 
классикалық қазақ әдеби тілінің негізін қалаған Абай-
дың тілі дәлел). Бұл орайда Ахмет Байтұрсынұлы-
ның «Қазақша сөз жазушыларға» дейтін мақаласында-
ғы көрегендік – көсемдік пікіріне жүгінелік: «Еділден 


8
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін 
қазақта тіл де бір, еміле де бір». Расында, қазақ тілі 
Еуразияның апайтөс даласында кең қанат жайған. 
Және де «жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген, сон-
дықтан тілі азбаған». Жұмақтай жұмбақ жараты-
лыстың гармониясын, музыкасын, тылсым тұнық, 
тұңғиық сырларын барынша толық болмысына сіңірген.
Сәкен Сейфуллин қазақ жұрты «шешендердің, би- 
лердің сөздерін тыңдамағандарды – «меңіреулер» дейді
дегенін келтіреді. XXI ғасыр төрінде өркениеттер 
заманында меңіреу атанбайық! «Талпынған бала – 
талпынған құстай. Құмары қанбас аспан құшпай» 
дегенді бабаларымыз айтқан. 
1918 жылы ұлы суреткер Мұхтар Әуезов «Қазақ
қашан жетіледі?!» деп дабыл қаққан. («Абай журналы, 
1918 жыл, №9»). Ұлтқа, ұрпаққа, келешектің тұл- 
ғасын тәрбиелеуге бағышталған руханият шамшы-
рақтарының даналық дәрістері «Сенімен Болашақ» 
республикалық қоғамдық бірлестігі қолдауымен сана-
лы ата-ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында 
«Асыл мұра» сериясын жариялап отыр. 
«Асыл мұра» сериясы – халықтың санасын сәуле-
лендіреді, жаңару жолына бастайды, рухани әлемімізді 
түлетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет