Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет4/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Серік НЕГИМОВ,
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
 филология ғылымдарының докторы, профессор


99
ТАРТУ
Қ
азақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – 
мұғалім.
Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру 
үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі 
орын – мұғалімдердікі.
Бірге оқысқан, бірге оқытысқан, жылдарымыз 
бір, жолымыз бір қазақ мұғалімдері!
Қолымнан келген осы еңбегімді сендерге тарту 
қылам.
Ниетімнің тазалығы үшін тартуымды қабыл 
кѳріп алыңыздар.
Мағжан Жұмабаев


10
СӨЗ АЛДЫ
Б
ұл кітап 2–3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұ-
ғалімдер курсында оқылған дәрістерден түзіл-
ген еді. Бұл күнге шейін басылып шығып жарық 
кѳре алмады. Бұл айып менікі емес, бүлінген за-
мандікі.
Кітапты бір орыс кітабынан тура тәржіма деуге 
болмайды. Алдыма бір кітапты жайып қойып, бұ-
рылмастан желе бергенім жоқ. Тәрбие ғалымда-
рының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шама-
сы келгенше қазақ қанына қабыстыруға тырыстым 
(Кѳп пайдаланылған Рубинштейн, Скворцов, 
Смирновтардың педагогика туралы еңбектері).
Бізде бұрын жасалған пән тілі болмағандық-
тан, түрлі терминдерге тап басқандай қазақша 
сѳз табу кѳп күшке тиді. Қалайда курстарда оқы-
ған мұғалімдердің жәрдемімен таза орыс сѳздері 
қазақшаға айналдырылды. Ал енді жиһан тілі бо-
лып кеткен шет сѳздерді қазақшаға аударам деп 
азаптануды тиісті таппадым.
10


«Асыл мұра» сериясы
Мен педагогика майданында бәйгі алып жүрген 
жүйрік емеспін. Кітаптың құрылысында, тілінде, 
түрлі ат қоюда, хатта, кітаптың жалпы негізінде 
кѳп кемшіліктер болуға мүмкін. Мұғалімдер тек-
серіп оқып, қате жерлерін кѳрсетсе, сансыз рахмет 
айтар едім.
Мағжан ЖҰМАБАЕВ
1922 жыл, 15 сентябрь, Қызылжар


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет