Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет20/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

ЖАН ТҰРМЫСЫНЫҢ 
ТҮЗУ БОЛУ ШАРТТАРЫ 
Ж
ан тұрмысының, жан кѳріністерінің түзу, сау бо-
луы үшін нерв системасының сау болуы шарт.
Нерв системасы
Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене 
арасында тіл хатшы болатын құрал, жан мен денені 
бір-біріне байлайтын байлам-нерв системасы деп 
аталады. Нерв системасы екі бѳлімнен тұрады: орда 
бѳлім (ми, жұлын) һәм бұтақ бѳлім. Нерв системасы-
ның бәрінің түбі – бастағы ми. Мидан 12 егіз нерв шы-
ғады. Бұл нервілер мидан шығысымен бұтақтанады. 
Онан соң бір-біріне қосылады, бір-бірімен топталады. 
Барып-барып тағы бұтақталып, денеге жайылады. Бұ-
лардың кейбіреулері теріге барып бітеді. Кейбіреулері 
сыртына шығып, жат бір түрде шоғырмақталып бір 
құрал болып, аппарат болып бітеді.
Нерв системасының қызметі
Нерв системасының ағасы, биі – ми. Ми – жанның 
құралы. Жан ми арқылы сыртқы дүниеде һәм ѳз де-
несінде не болып жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан 
денені қозғайды. Егер ми зағып болса, яки зиянданса, 
адамның жан тұрмысы дұрыс болмайды. Мидың белгілі 
бір жері зиянданса, адамның қол-аяғы қозғалмай


51
«Асыл мұра» сериясы
қалады, яғни «паралич» болады. Мұны біздің қазақ 
«пері соққан» дейді. Яки тілі, кеңірдегі сау болып тұрса 
да, сѳйлей алмай тілсіз болып қалады. Яғни афазия ау-
руы пайда болады.
Ал енді мидан шығатын нервілер телеграмның 
сымы сықылды мидан денеге, денеден миға бұйрық та-
сиды. Бұл нервілер қызметтеріне қарап екіге бѳлінеді. 
Біреулері әсерді сыртқы дүниеден, яки денеден ордаға, 
яғни миға алып барады. Бұл нервілер сезу нервілері, 
яки ордаға ұмтылатын нервілер деп аталады.
Бұл нервілер арқылы біз салқын, жылымық, жарық, 
дауыс сықылды сыртқы дүние кѳріністерін білеміз. Ал 
енді біреулері әсерді ордадан нервінің ұшына алып ба-
рады. Бұлар қозғау нервілері, яғни ордадан қашатын 
нервілер деп аталады. Бұл нервілер арқылы біз қол-аяқ 
һәм бар денемізді қозғаймыз. Егерде бір мүшенің сезу 
нервілері кесілсе, мысалы, саусақтың, ол уақытта сау-
сақ еш нәрсені сезбейтін болады. Егерде, мысалы, сау-
сақтың қозғау нервілері кесілсе, ол уақытта саусақ тіпті 
қозғалмайтын болады.
Нерв системасының саулығын сақтау
Жоғарыда айтылғаннан нерв системасының қандай 
нәзік һәм қандай қымбат екендігі ашық кѳрініп тұр. 
Олай болса, жалпы нерв системасын, әсіресе миды сау 
қылып ұстап, оған зиян келтірмеске керек... Мысалы, 
балаға миға зақым келтіретін ойын ойнауға жарамай-
ды. Және баланы басқа ұру жарамайды.
Балаға насыбай атқызуға, шылым тартқызуға жа-
рамайды. Біздің қазақтың кейбір атқа мінгендерінің 
жап-жас баласына шылым тартқызып, «қарағымның 
аузынан түтінді пәлен тѳредей шығаруын қарашы» деп 
қарқ-қарқ күліп мәз болатындары бар. Мұның надан-
дық, есерлік екендігінде не сѳз бар? Балаға алкоголь, 


52
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
яғни мас қылатын арақ тұқымды нәрсені ішкізудің дұ-
рыс еместігі ѳз-ѳзінен белгілі тұр.
Нерв системасын ѳсіру һәм берік қылу
Нерв системасының сау болуы керек болған сықыл-
ды, оның дұрыс ѳсуі һәм берік болуы да керек. Бар де-
ненің жақсы ѳсуінің шарты денені тек жатқызбай жұ-
мыс қылдыру болса, нерв системасының жақсы ѳсуінің 
һәм берік болуының да шарты сол. Нерв системасына 
әсіресе миға істететін жұмысы сол мидың ѳсу дәуір-
леріне тура келетін болсын. Есте болсын, адамның бар 
денесі бастапқы кезде ѳсуді ғана біледі. Біраздан қоз-
ғалымпаз һәм сезімпаз болады. Ұлғая келе ғана адам-
да есті тұрмыс басталады. Сондықтан балаға бастапқы 
кезде оның сыртқы сезімдерін ұлғайтатын һәм дене 
мүшелерін кѳп қозғалтатын жұмыстар істету керек. 
Сурет салдыру, жабыстыру (балшықтан түрлі заттар 
жасау), қол еңбегі һәм гимнастика сықылды. Мұнан 
соң бала ұлғая, ѳсе келе оның істейтін жұмыстары да 
тереңдей беру керек. Қысқасы, нерв системасының тәр-
биесі дененің ѳсуіне қабысып отыруға тиісті. Белгілі 
жолдармен басқыштап тәрбие қылынған ми сау, ѳткір 
һәм талмайтын берік болады. Миын іскер қылып үй-
ренген адам қартайып, бар денесі қаусап іске жарамай 
отырған күнде де сау милы, дұрыс ойлы болады. Ал 
енді «жасыңда қылжың болсаң, ѳскенде мылжың бо-
ларсың» деген мақал ып-ырас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет