53
«Асыл мұра» сериясы
қан жуып алып кетіп, миды тазартып отырады. Егер-
де жұмыс тым қатты болса, миға у тым кѳп жиылады
да, қанның жуып алып кетуіне шамасы келмей қалып,
нерв системасының бәрі уланады. Және миға қатты жұ-
мыс істеткенде, қан миға ұмтылып, ѳзге дене ашығып
қалады да, әлсірейді, сола бастайды. Міне, осы себеп-
тен ақылға жұмыс қылдырғаннан кейін әр уақыт тыны-
ғып отыру керек.
Тынығу екі түрлі болады: не біржола жұмысты до-
ғару, не болмаса жұмысты жаңарту. Жұмысты жаңарт-
қанда да, яғни бір жұмыстың
орнына екінші жұмыс
қылғанда да адам тынығады. Мысалы, кѳру
жұмысы-
нан соң (оқу, жазу) есту жұмысына кѳшсе (әңгіме тың-
дау), бала әжептәуір тынығып қалады. Әйткенмен бұл
тынығу жұмысты біржола доғарып тынығуға жетпейді.
Әсіресе жас балаларды жиі-жиі жұмыссыз тынықтыру
керек. Ал енді тынығу уақытында бала не қылады? Бұ-
ған жауап беру үшін мынаны білу керек: бала қозғал-
май отыра алмайды. Баланы ең қажытатын нәрсе – тек
отыру. Сондықтан баланы тынықтыру дегенде оны таза
ауада ойнату, таза ауада гимнастика жасату деп ұғу ке-
рек. Ойын һәм гимнастика туралы алдымызда тағы сѳз
қозғармыз.
Жан кѳріністерін тап-тапқа бѳлу
Жан кѳріністері қанша түрлі
болғанмен,
оларды
түп негіздері бойынша үш тапқа бѳлуге болады: білу
яки ақыл кѳріністері, ішкі сезім кѳріністері һәм қайрат
кѳріністері. Қазақтың данышпаны Абай бұл үш тап-
ты ақыл, жүрек, қайрат деп атайды. Біз бір заттың яки
кѳрінісінің
сынын белгілейміз, заттар яки кѳріністер
арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл –
ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі.
Біз бір істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші
боламыз. Бұл – қайрат ісі.