71
«Асыл мұра» сериясы
Сипау сезімі арқылы біз заттардың үстін, яғни қат-
тылығын, тегістігін, бұдырлығын, ѳткірлігін, топасты-
ғын һәм ыстықтығын, жылылығын, суықтығын білеміз.
Баланың сипау сезімін
жақсы тәрбие қылудың ке-
ректігінде дау жоқ. Сипау сезімін тәрбие қылу үшін
алдымен сипау сезімінің құралы – теріні түрлі зиян-
нан сақтау керек. Теріні кір басып кетсе, сипау сезімі
топас болып қалады. Екінші, балаға түрлі нәрсе бере
беру керек. Сипау сезімі жақсы тәрбие қылынса, тіпті
ѳткір болады. Мысалы, кассада отыратын адамдар сау-
сағымен бір сипап жіберіп, қағаз ақшаның асылы мен
жасығын айыра қояды.
Соқырлар қолымен ақшалар-
ды, һәм жазылған қағаз бен жай қағазды айырып біле
алады.
Сипау сезімінің адамға қымбаттығы сонша, адам-
ның кѳрген, яки естіген нәрсесін ұстап кѳргісі келмей
қоймайды.
Ет сезімі. Ет сезімінің құралы –
терінің астындағы
ет. Етке келіп тараған қозғау нервтері бар. Ет сезімі
арқылы біз ѳз денеміздің қандай халде екені, яғни қоз-
ғалып тұр ма, тек тұр ма, қозғалғанда қалай қозғалып
тұр, тек тұрғанда қалай тек тұр, міне, осыны білеміз.
Бұл бір. Екінші, ет сезімі арқылы түрлі заттардың сал-
мағын білеміз.
Баланың
еті оның ойыны мен секіруі, жүгіруімен
ѳседі һәм бекиді. Сондықтан баланың еті жақсы ѳсіп,
берік болсын деген тәрбиеші баланы ойыннан қыспау
керек. Ал енді бала мектепке кіріп, сабақ оқи бастаған-
да оған әлсін-әлсін гимнастика жасату керек. Бірақ гим-
настиканың шарттары бар. Сол шарттар табылмаса,
гимнастикадан пайда орнына зиян шығады. Мысалы,
гимнастика лайықты киімде, таза ауада болсын. Әсіре-
се гимнастика бір міндетті іс сықылды, сабақ сықылды
болмасын. Мұндай гимнастикадан бала безіп кетеді.
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
Ет сезімі адамның жан тұрмысы үшін яғни адамның
білімін арттыруына кѳп кѳмек кѳрсетеді. Біздің сырт-
қы дүниедегі заттар туралы толық білімді болуымызға
осы ет сезім себепші. Заттардың түрін һәм салмағын
біз осы сезім арқылы ғана білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: