Мағжан ЖҰмабаев педагогика



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата26.09.2023
өлшемі1.6 Mb.
#478693
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
мағжан жұмабаев педагогика

Баланың іскерлігі. Баланың іскерлігі жеткен адам 
іскерлігінен кѳп тѳмен, кѳп нашар. 1. Баланың іскерлігі 
ерікті емес, еріксіз яғни бала ѳзі тілеп іскерлігін бір 
нәрсеге байлай алмайды. Бір нәрсе еріксіз тартса, сон-
да ғана бала іскер бола алады. 2. Баланың іскерлігі ішкі 
емес, сыртқы. Яғни сыртқы заттарға ғана іскер бола 
алады. Ѳз жанында болып жатқан кѳріністерге іскер 
бола алмайды. 3. Баланың іскерлігі табансыз. Бала бір 
нәрсеге табанды іскер болам десе де, бола алмайды. 
Бір нәрседен екіншіге әп-сәтте ауып жүре береді. «Жас 
бала жеңсікқой, әуесқой» деп қазақ дұрыс айтады.
Балада табанды іскерлік 11–12 жастарда ғана бола бас-
тайды.


75
ІСКЕРЛІКТІҢ ҚЫМБАТТЫЛЫҒЫ 
ҺӘМ ОНЫ ТӘРБИЕ ҚЫЛУ 
ЖОЛДАРЫ 
І
скерлік – жан тұрмысының негізі. Бала іскер болма-
са, ешнәрсе ұқпайды һәм ешнәрсе үйрене алмайды. 
Іскерлік осындай қымбат болса, сѳз жоқ, оны тәрбие 
қылу керек. Тәрбие қылудың жолдары мыналар:
1. Әсер күшті болса, бала еріксіз іскер болады. Мы-
салы, мұғалім қатты сѳйлесін, тақтайға жазғанда айқын 
қылып жазсын, балаға кѳрсететін суреттің бояуы ашық 
болсын... Балаға кеспелі әліп-бидің берілетін себебі 
осы. Және де есте болу керек, әсер неғұрлым күшті бол-
са, іскерлік те сонша күшті болады дедік қой. Ал енді 
сол әсердің ѳзінің күшті болуына бірнеше шарт бар. 
Бірінші, әсерді қабыл алуға сыртқы сезімдер неғұрлым 
кѳп қатынасса, әсер сонша күшті болмақ. Сондықтан 
балаға бір нәрсені білдірмекші болғанда, сол нәрседен 
әсер алуға баланың кѳп сыртқы сезімдерін қатынасты-
руға тырысу керек. Мысалы, баланы бір затпен таныс-
тырмақшы болсақ, сол зат туралы сѳйлеп қана қойма, 
алып келіп балаға кѳрсет, кѳрсетіп қана қойма, сол зат-
тың суретін салдыр, суретпен ғана қанағаттанба, балаға 
балшықтан сол затты жасат. Әсердің күшті болып, іс-
керлікті кѳп тартуының бір шарты осы. Екінші, әсерді 


76
«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі
қабыл алу денеге қолайсыз болмасын. Денеге қолайсыз 
болса, әсердің қүші бітеді. Әсердің күші бітсе, іскерлік 
бітеді. Мысалы, бір нәрсеге қанша іскер болып отыр-
саң да, отыруың қолайсыз болса, іскерлік бітіп қалады. 
Баланы партаға жатқызбау, таяндырмаудың керектігі 
осыдан.
2. Әсер жеке болсын. Егер біздің кѳз алдымызда бір 
ғана зат тұрса, біз сол затқа іскерлікті кѳп жұмсап, тек-
серіп қараймыз. Егер бірнеше зат тұрса, іскерлігіміз 
бытырап, жақсы қарай алмаймыз. Бір әсермен әсер-
леніп, соған іскерлігін жұмсап отырып, екінші әсердің 
ѳзін тыйып қалу балада тіпті болмайтын жұмыс. Бала 
бір әсерден бір әсерге тез кѳше береді. Сондықтан ба-
лаға сабақ берген уақытта баланың алдында оның іс-
керлігін бѳлгендей беріліп отырған сабаққа жанасы
қатынасы жоқ ешнәрсе тұрмасқа тиіс. Балада жақсы 
оқысам, молдадан мақтау, сый аламын, жаман болсам, 
молдадан таяқ жеймін, ұрыс естимін деген ой да бол-
масын. Мұндай болса, баланың іскерлігі соған жұмса-
лып, мұғалімнің беріп отырған сабағын білейін деген 
шын ынтамен тыңдамайды.
3. Әсер жаңа болсын. Әсер неғұрлым жаңа болса, іс-
керлікті сонша кѳп тартады. Бір нәрсе қанша жат, қы-
зықты болғанмен, ылғи кѳз алдымызда тұрса, біраздан 
соң ол біздің іскерлігімізді оятпайтын болады, біз оны 
байқамайтын боламыз. Сондықтан бала іскер болсын 
десең, балаға әсерді жаңалап беріп отыру керек. Мыса-
лы, бір сабақтың артынан екінші түрлі сабақ. Қазақтың 
ендігі жас балалары баяғы күн батқанша балдырған 
жас балаларды қалғытып, мүлгітіп «әліпсін-ә, әлбәсін-
әй, әліптүр-әу» дегізіп шұлғытып қоятын надан молда-
лар заманында тумағанына қанша шүкірлік қылса да 
аз-ау. Түрлі сабақты ауыстырып отыру ғана емес, бір 


77
«Асыл мұра» сериясы
сабақтың ѳзін де түрлендіріп, жаңалап беруге болады. 
Мысалы, бір харіппен таныстырғанда, мұғалім әуелі 
харіпті кѳрсетіп, онан соң кеспе харіптің ішінен тапқы-
зады. Онан соң жазғызады. Қысқасы, баланың іскерлігі 
сѳніп қалмас үшін әсерді жаңалап отыру керек. Бірақ 
түрлендіргеннің жѳні осы екен деп, үсті-үстіне бастыр-
малай беру жарамайды. Онда бала біреуіне іскерлігін 
тоқтата алмай қалады. Міне, баланы түрлі ойыншық-
қа кѳміп тастаудың дұрыс емес екендігі осыдан. Жаңа 
бастаған жас балаға 5–10 минуттан артық сабақ беру 
дұрыс емес.
4. Жаңа алынатын білім мен ескі білімнің қатынасы 
болсын. Біз ѳзіміздің туғандарымыз яки таныстарымыз 
туралы сѳз естісек, іскерлікті жұмсап, құлақты түріп 
тыңдай қаламыз. Егер жат кісілер туралы сѳз болса, 
тыңдамаймыз. Міне, балаға білім бергенде осы жол-
ды ұстау керек. Яғни балаға білім бергенде жақыннан 
алысқа, таныстан жатқа кѳшіп, жаңа білімді ескі білім-
ге байлап беру керек. Мысалы, балаға дыбыстарды 
айыртқанда, балаға таныс сѳздерді алып, дыбыстарға 
айырту керек. Жағрафия оқытқанда тұрған ауылдан 
бастау керек.
5. Болашақ әсерге даярлану болсын. Яғни бір нәр-
сені күтіп барып жолықтырсаң, сол нәрсеге іскерлік 
күшті болады. Сондықтан мұғалім балаларға жаңа бір 
нәрсені білдірмек болғанда балаларды күткізіп, даяр-
ландырып қойсын. Мысалы, сұрауды жалпы класқа 
берсін. Сонда бар класс құлағын түріп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет